Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2143 0 пікір 20 Қазан, 2011 сағат 12:06

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА. «ҰЛЫ ДАЛА» дүбірге тола ма?

Қазанның 15-де Алматыда «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші құрылтайы өтті.

Алматының қақ ортасындағы Жазушылар одағының алды құрылтай өтетін күні қарақұрым халыққа толы болар деп ойлағанбыз. Өйткені бұл күні аты әзірге қазақтың жерін жарып кетердей болып тұрған «Ұлы дала» қозғалысының алғашқы құрылтайы өтпек еді. «Қазақ мәселесі» көрікте қызған темірдей балқып тұрған кезде, аты дардай ұйымның бастамасынан дәмелі жұрт құрылтайдан қалмайтын шығар деген едік.

 

Адам қарасы айтарлықтай жиналғанмен, Одақтың ауқымды деуге келмейтін салтанат залының соңғы қатарлары мүлдем бос қалғанын көргенде, бұ қазаққа дауа жоқ екен деген ой тіл ұшына үйіріле кетті. Алыс-жақыннан шақырылған делегаттардан өзге келген жұрттың дені «бұл не ұйым?» немесе «әліптің артын бағайық» дегенге көбірек ұқсады.

Алдын-ала таратылған ақпарат бойынша, бұл бірлестік қоғам қайраткерлерінен бастап, ұлттық бизнес өкілдері, зиялы қауым мен жастардың басын қосуы тиіс болатын. Бір есептен бұл мақсат орындалған да секілді. Себебі, мұнан біраз уақыт бұрын Мемлекеттік тілді қолдауға қатысты өткен митингіде төбе көрсете алмаған ығай мен сығайларды осында көріп, қуанып қалдық. Қысқасы, аймақтардан келгендердің санын қосқанда, жиынға 152 делегат келген екен.

Қазанның 15-де Алматыда «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші құрылтайы өтті.

Алматының қақ ортасындағы Жазушылар одағының алды құрылтай өтетін күні қарақұрым халыққа толы болар деп ойлағанбыз. Өйткені бұл күні аты әзірге қазақтың жерін жарып кетердей болып тұрған «Ұлы дала» қозғалысының алғашқы құрылтайы өтпек еді. «Қазақ мәселесі» көрікте қызған темірдей балқып тұрған кезде, аты дардай ұйымның бастамасынан дәмелі жұрт құрылтайдан қалмайтын шығар деген едік.

 

Адам қарасы айтарлықтай жиналғанмен, Одақтың ауқымды деуге келмейтін салтанат залының соңғы қатарлары мүлдем бос қалғанын көргенде, бұ қазаққа дауа жоқ екен деген ой тіл ұшына үйіріле кетті. Алыс-жақыннан шақырылған делегаттардан өзге келген жұрттың дені «бұл не ұйым?» немесе «әліптің артын бағайық» дегенге көбірек ұқсады.

Алдын-ала таратылған ақпарат бойынша, бұл бірлестік қоғам қайраткерлерінен бастап, ұлттық бизнес өкілдері, зиялы қауым мен жастардың басын қосуы тиіс болатын. Бір есептен бұл мақсат орындалған да секілді. Себебі, мұнан біраз уақыт бұрын Мемлекеттік тілді қолдауға қатысты өткен митингіде төбе көрсете алмаған ығай мен сығайларды осында көріп, қуанып қалдық. Қысқасы, аймақтардан келгендердің санын қосқанда, жиынға 152 делегат келген екен.

Құрылтайда спикерлер жиын төріне жайғасты. Олар: Жақсылық Аманұлы - ақын,Талғат Әбдіжаппар - Ауған соғысы жауынгерлерінің «Ардагер» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Айдар Әлібаев - Қазақстан зейнетақы қорлары ассоциациясының президенті, Рахым Айыпұлы - кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Жебеу» Республикалық бірлестігінің атқарушы директоры, Ізбасар Бозаев - кәсіпкер, Алматы сауда палатасының президенті, Ғабиден Жәкей - Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың президенті, Дәурен Қуат - «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының президенті, Айдос Сарым - саясаттанушы, қоғам қайраткері, Алдажар Сейітұлы - Ауған соғысының ардагері, «Айбын» орденінің иегері, имам.

Бірінші сөз «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігі ұйымын үйлестірушілердің бірі Айдос Сарымға берілді.

«Бұл қозғалыс осыған дейінгілерге қарағанда дәрежесі жоғары болуы керек», - деді Айдос Сарым. Баяндамашы мұнан әрі қазір қазақ ұлтын бөлудің қажеті жоқ екенін және өзге ұлыстарға қамқор болу керектігін айтты.

- Біздің өзгелерден айырмашылығымыз не? Біздің билікпен, өзге партиялармен ара қатынасымыз қандай болады? «Ұлы дала» бүгін үкіметпен де, билікпен де, парламентпен де, саяси партиялармен де жұмыс істейді, сөйтіп үлкен-үлкен мәселелерді шешетін де жағдайға жетеміз, - деді баяндамашы.

Бұдан әрі Айдос мырза «Ұлы даланың» үлкен қоғамдық күшке айналуы керек екендігін айтты. «Біздің әрқайсымыздың бөлек-бөлек үлкенді-кішілі ұйымдарымыз бар, бірақ біз жеке-жеке жүріп, мәселе шеше алмаймыз, бізге бірігу керек. Аймақтарға шығып, көптің күшін көрсететін заман келді. Бүгінгі билік миллиондаған долларды сыйлайды деген едім, билік миллиондарды, қарапайым азаматтарды сыйлауы керек. Біз солардың, миллиондардың даусы болуымыз керек. Байлық миллиондарға тәуелді болуы керек. Кез келген мәселені үлкен қоғамдық дәрежеде көтеруіміз керек. Біз билікке таласпаймыз, халық үшін жұмыс істейміз. Популизмге бармаймыз...» - деді Айдос Сарым.

Әрине, әрбір жаңа істің болашақта берер үміті бүгінгі ойға үлкен болып көрінетіні аян. Содан да болар, Айдостың келешек көкжиекті жағалата сөйлеген сөзінде үлкен үміт басым болды. Әлбетте, қазақ үшін басталған істің жемісі аста-төк болғаны ғанибет қой...

«Ақ жол» партиясының жаңа сайланған төрағасы Азат Перуашев ұлт мәселесін осы уақытқа дейін тек алдыңғы буын өкілдерінің көтеріп келгенін, бүгін ұлт мәселесінде жастар бой көрсете бастағанын атап өтті. Оның пікірінше, ұлт мәселесін дәл осылай жастар көтеретін уақыт жетті. Ұлтқа қатысты қордаланған мәселелерді жастардың қолға ала бастауы - оның осы жиынға келуіне басты себеп болған көрінеді.

«Азат» ЖСДП-ның атынан шығып сөйлеген Әміржан Қосанов: «Егер ұлттың тілін, ділін, салт-дәстүрін жаңғырту туралы айтылатын сөзге бәйге жарияланатын болса, қазақ бұл бәйгеде бірінші орын алған болар еді, - деді. - Қазақта биіктік пен кеңдік бар, бірақ 20 жыл бойы қордаланған мәселелерді шешуде тереңдік таныта алмай отырмыз. «Ұлы даланың» тұғырнамасындағы елдің қазба байлығы халықтың игілігіне тиесілі болу керек дегені және демократиялық құндылықтарға қатысты айтылғандары біздің «Азат» партиясының ұстанымына сәйкес келеді. Біз осы бағытта сіздермен бірігіп жұмыс істейтін боламыз», - деді «Азаттың» бір серкесі.

«Руханият» (Жасылдар партиясы) партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин ұлт үшін ең басты деген қадау-қадау сұрақтарды тағы бір қайталап өтіп, мұның бәрі «Руханияттың» бағдарламасында бар екенін ескертіп өтті. «Дәл қазір қазақ ұлты үшін басты қауіп - бүгінгі билік бізді қайтадан Ресей бодандығына апарғалы отыр. Ортақ экономикалық кеңістік, ортақ валюта осының белгісі. Егер біз қайта бодандықтың ноқтасын кисек, қазақ ұлтының тарихы орыстар қалай қаласа, солай жазылатын болады, қазақ тілінің дамуы шектеледі, экономика, сыртқы саясат, валюта, көші-қон мәселесі Мәскеудің пәрменімен шешілетін болады. Желтоқсан көтерілісінің бар шындығы құпия күйінде қалады. «Сондықтан бүгін Қазақстанға Еуроазиялық одақ қолайлы», - деді Серікжан Мәмбеталин.

 

Бірінен кейін бірі сөз алған ғалымдар мен өнер адамдары, жастар қозғалыстарының жетекшілері, түрлі қоғамдық ұйым өкілдері мен жетекшілері қазақ ұлтының мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Өз кезегінде сөз алған ақын Жақсылық Аманұлы: «Ұлт деп, тіл деп шырылдап жүрген жалғыз Мұхтар Шаханов емес, ондай азаматтар баршылық», - дей келіп, қазақ ұлтының мүддесін әр қазақ отбасы өзінен бастауы керек екенін қадап айтты. Ал Совет-Хан Ғаббас: «Қазіргі ата-ана жетідегі баланы жетпіс түрлі түйінмен мектепке әкеледі. Ата-аналардың өзіне де көмек керек. Біз қазір Алматы облысының бірнеше ауданында ата-аналарға арналған мектеп ашып, жұмыс істеп жатырмыз. Осындай нақты істер керек», - деді.

Елге әлі танылып үлгермеген «Жас маман» қоғамдық бірлестігінің өкілі Еркебұлан Ілиясов жастарға қатысты мәселелерді көтеруге, оның шешу жолдарын іздестіруге дайын екендіктерін жеткізді. Қазақ тіліне үнемі жанашыр болып жүретін Асылы Осман ұлтқа қатысты кез келген мәселе қазір қоғамда көтеріліп жатқанын, бірақ олардың әлі де шабан жүргізіліп отырғанын сөз етті.

Құрылтай өз жұмысының соңына қарай, басқару және ұйымдастыру мәселелерін дауысқа салды. Құрылтайдың Орталық органын төралқа сайласын деген ұсынысқа делегаттар бір кісідей қол көтерді. Алдағы уақытта «Ұлы дала» республиканың барлық облыстары мен аудандарында өз филиалдарын ашу үшін, бірлестікті тіркету үшін жұмыс істейтіндерін мәлімдеді. Айдос Сарымның айтуына қарағанда, олар бір жыл емес, жарты жылда қозғалысты тіркеуге, тіркетуге күш салады. Егер осыған дейін белсенділер аймақтарда жедел жұмыс жүргізсе, филиалдарды тіркеу тез жүзеге асуы мүмкін.

«Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігі басқару ісінде «төраға», «тең төраға» дегендерден әзірге бас тартып отырғандарын жеткізді. «Себебі, осы уақытқа дейін түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар белгілі бір тұлға мен белгілі бір қаржының ғана айналасында топтасып, құрылып келді. Бізде бұл керісінше болады: біз алдымен ел ішіндегі халық жанашырларын, қоғам белсенділерін іздеп тауып, олардың қалай жұмыс істегеніне қарай басшылық қызметке сайлайтын боламыз. Жергілікті жерде, орталықта халық өз таңдауын жасайды», - дейді ұйымдастырушылар. Ал әзірге орталықта болсын, аймақтарда болсын, тек қана үйлестірушілер жұмыс істейді.

Басшы атаулыны жасаған қызметіне қарай халықтың өзі сайлайтын болса - бұл демократияның басты белгісі болары хақ. Бір сөзбен айтқанда, «Ұлы дала» үшін ұлы күндер әлі алда секілді. Өйткені құрылтай өз делегаттарына бағдарлама емес, саяси ұстанымдарын танытатын тұғырнама ғана таратты. Ал бағдарлама алдағы уақытта, ұйымдастырушылар айтқандай, ел ішінде талқыланып, түзіліп, келесі құрылтайда жария етіледі. «Ұлы даланы» ұйымдастырушылар бұл қозғалыстың, жоғарыда айтылғандай, осыған дейін құрылған түрлі саяси, қоғамдық ұйымдардан жоғары болатынына сенімді көрінді.

 

Әйтсе де бүкіл саналы ғұмырларын ұлт пен тілдің тағдырына арнап жүрген Мұхтар Шаханов пен Дос Көшім сияқты танымал азаматтардың құрылтайда бас көрсетпеуі, тым құрыса құрметті қонақ болып отырмауы - «қазақ мәселесі» тағы да жарқышақтанып кете ме деген күдікке себеп болды. Құрметті қонақ ретінде келгендерден Төлеген Жүкеев құттықтау сөз айтқаны болмаса, белігілі қоғам қайраткерлерінен ешкімді көре алмадық. Жиынның ортасында келген Асылбек Қожахметов, 15-20 минуттан соң залдан елеусіз шығып кетті.

Бірақ қозғалыс үйлестірушілерінің бірі Айдос Сарым бір сөзінде: «Біз жасаған бағдарламада көрсетілген нақты мәселені шешуді өз жауапкершілігіне алатын кез келген саяси партияға ертеңгі сайлау кезінде қол жинауға көмектесіп, қолдау танытамыз», - деген-ді. Бұл шамасы Айдос мырзаның саяси партия басшыларын жаңа қоғамдық ұйымның қолдауына нәумиез қылудың амалымен айтқан сөзі болуы керек. Айтпақшы, «Ұлы дала» елдегі саяси партиялардың біріне қол жинауға көмектесетін болса, мұндай дәме «Нұр Отан» немесе «Ақ жол» партияларында да болуы әбден мүмкін. Себебі, бұл екі партия қазақтың ұлт патриоттарымен мардымды жұмыс жасай алмай, бұл орайда Ақорданың айдауында жүрген партиялар екені белгілі.

Тағы бір белгілісі - жаңа қозғалыс адамдарды ұлтына, тегіне қарамастан, «қазақ үшін», «мемлекет үшін» деген барлық азаматтарды біріктіруді мақсат етеді. Ұлттық либерализмді дамытып, прогресшіл консерватизмді насихаттайды. Қазақстанның қазіргі жеткен жетістіктерін мойындайды. Батыстың басты құндылықтарын қабылдайды, қабылдай отырып, қазақтың тілін, салт-дәстүрін, тарихын, ұлттық құндылықтарын сақтауға баса мән береді.

Бұл, әрине - алдағы мақсат, ал оның қалай жүзеге асарын уақыт көрсетеді. Ең бастысы - «Ұлы даланың» дүбірін жалпақ қазақ жерінен естісек деген үмітті жұрттың сенімі сейіліп кетпесе болғаны.

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА,

«D»

 

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 35 (118) от 19 октября 2011 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458