Жексенбі, 24 Қараша 2024
2609 2 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 11:38

Алматыдағы 12-аурухананың бас дәрігері қызметінен алынды

Алматыдағы 12-аурухананың бас дәрігері Алмас Жувашев қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырғаннан кейін қызметінен алынды.

"Бас дәрігерді қызметінен алды. Қазір 200 медициналық қызметкер ауырып жатыр. Ол өзінің ұйымдастырудан қателік жібергенін түсініп, арыз жазды", - деп мәлімдеді Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Аптаның басында Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың карантинге жабылғаны хабарланған. Карантинде жатқан ондаған дәрігерлер директордың қызметінен алынғанын естіп, Жувашевті қайтаруды талап етіп видео үндеу жариялады. Жувашев 2019 жылдың мамыр айында тағайындалған. Оған дейін басшылықта болған Нұрлан Тұрдалин 2019 жылдың наурыз айында коррупция күдігімен ұсталған.

Ресми мәлімет бойынша, аурухананың 182 қызметкері вирус жұқтырған.

Қазір аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы қызметіне 2012–2017 жылдары аталған аурухананың басшысы болған Марат Абдуллаев тағайындалды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568