Сенбі, 23 Қараша 2024
3191 1 пікір 20 Сәуір, 2020 сағат 15:38

Арман Шораев қолхат арқылы босатылды

Жалған ақпарат таратты деп айыпталған белгілі журналист Арман Шораев қолхат арқылы босатылды. Бұл туралы оның әпкесі Жаннар Шораева айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ия, ол қолхат арқылы шығарылды. Оны әлі көрген жоқпыз. Алайда, олар бәрі жақсы екенін айтты!» - деді Арман Шораевтың әпкесі.

Ал, оның адвокаты Әлімжан Оралбай бұл сотқа дейінгі тергеу кезеңі екенін айтады.

«Иә, Арман Шораев қолхат арқылы босатылды.Тергеуші сондай шешім қабылдады. Біз бұған қол жеткіздік. Қазір біз еркінбіз. Ол өзін жақсы сезінеді, бәрі жақсы. Бұл сотқа дейінгі тергеу кезеңі. Тергеуші бізге қажет болған кезде немесе ертеңіне қоңырау шала алады. Қазір үйге қарай бет алдық », - деді Арман Шораевтың адвокаты Әлімжан Оралбай.

Арман Шораев 18 сәуірде Қарағандыда ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол  «төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпаратты тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция сонымен қатар Шораевты «әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратты» деп айыптаған.

Айта кетейік, ол ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы - "Хабар" Агенттігі" АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары - "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ бас директоры болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5509