«Айналаңды нұрландыр» Ізгілікті жоба аясында
Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы ойшыл бабамыз әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп көрегендікпен дөп басып айтқан.
Қазіргі таңда мемлекетімізде сапалы заманауи білім берумен қатар, болашақ жастарды ұлттық, әлеуметтік рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің де қажеттігі артып отырғандығын байқаймыз.
Бүгінде ҚазҰУ студенттерімен тәрбие және әлеуметтік бағыттағы жұмыстар білім беру ісінің бастаулары екені сөзсіз. Бұл бағытта ректорымыз академик Ғалымқайыр Мутановтың «Айналаңды нұрландыр», «Салауатты өмір салты», «100 кітап», «Грин кампус» секілді әлеуметтік-тәрбиелік авторлық жобалары өз нәтижесін беруде. Аталған жобалар бірі қайырымдылықты екіншісі, деніміздің салауаттылығын, үшіншісі, руханиятымыздың көжиегін кеңейтуді төртіншісі, қоршаған ортамыздың тазалығы мен көріктігін сақтауды үйрететіндігіне толық сенімдіміз. Олай айтуымыздың себебі жобалар бойынша атқаралып жатқан іс шаралардың тақырыптық атаулары мен мазмұндық сипаты, өткізу форматы қайталанбайтын, өзгеше әр- алуан болып келеді. Мұны аңғару қиын емес, университет бойынша 800 ден аса куратор-эдвайзерлік топ жұмыс жасайды. Әр эдвайзер өз топтарымен аталған әр жоба бойынша бірнеше мәдени, әлеуметтік–тәрбиелік іс-шаралар өткізіп жатыр. Бүгінгі елдегі қиын «төтенше карантин» жағдайында да жақсы ізгі шаралардың өту форматы (онлайн) өзгергенімен мәні, мақсаты жалғасын табуда.
Наурыз айының басында Экономика мамандығы 1 курс студенттерімен «Айналаңды нұрландыр» жоба аясында Алматы қаласы Ақжар кентіндегі Аманат әлеуметтік балалар үйіне қайырымдылық шарасы мақсатында барып қайтудың сәті түсті. Осы шараға байланысты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың көңіл-күйіне, тұрмысына және олардың рухани дамуына қандай көмегімізді тигізе аламыз деген сұраққа пікір алмастық. Ата дәстүрімізде жетімін жылату – елдікке – сын, сүйекке – таңба еді. Сонымен уақыт сәтімен балаларға алған базарлығымызды алып, оны беріп, ойын-концерттік бағдарламамызды көрсетіп, үйлерінің ауласына алған мәуе ағаштарымызды бірге отырғызып балалардың бала күлкісі мен қуанышына бірге қуанып, нұрланып бір жаратушымыздан қуат алғандай болдық. Бұл рас, кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, оның қолы тиген әр тал шашынан сайын жақсылық болады деген сөз бар. Барлық жақсылықтар тек имандылықтың, адамгершілік пен мейірбандықтың арқасында болады. Қайырымдылық қанат жайып, сүйіспеншілік, салтанат құрған елдің ғана болашағы баянды. Болашағымыз мәңгілік ел жолында осындай игі ісімізбен бақыт биігіне жете берейік!
Кулиев И.У., Тураров Д.Р.,
Экономика кафедрасының аға эдвайзерлері.
Abai.kz