Жұма, 18 Қыркүйек 2026
3480 0 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 16:49

Қай облыстарда өрт қаупі жоғары?

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елімізде өрт қаупі жоғары өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, елімізге көктем ерте келген.

"Түркістан, Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында өрт шығу қаупі өте жоғары. Мұнда 70 орман өрті және 13 дала өртінің дерегі тіркелді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Юрий Ильин дала және орман өртін болдырмау мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Жергілікті полиция қызметінің көмегімен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері орман шаруашылығымен мамандарымен бірге рейд жүргізді. 156 адам ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылды", - деді министрдің орынбасары.

Вице-министр жауапқа тартылған азаматтардың әрекеті дала және орман өртінің пайда болуына ықпал еткенін, оларға айыппұл салынған айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1310
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2874
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 966
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902