Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8775 17 пікір 22 Сәуір, 2020 сағат 13:37

Мемлекеттік нысандарға енді тірі адамның есімі берілмейді

Өткен аптада ҚР Үкіметі әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру туралы қаулы қабылдады.

Сөйтіп, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен еңбегі сіңген тұлғаларды қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдардың есімдері меншік атауларына қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң ғана беріледі, деген шешімге келген.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарапайым тілмен айтсақ, ел-халыққа есім-сойы мәшһүр болған қайраткер тұлғалардың есімін қандай да бір нысанға беру үшін ол адам қайтыс болғанына бес жыл уақыт өтуі тиіс.

Тақырыпқа тұздық ретінде, айта кетейік, былтырдан бері мемлекеттік меншіктегі бірнеше нысандарға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген.

Мәселен, 2019 жылдың 20 наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгерді. Артынан іле-шала республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы, аудандардағы орталық көшелерге экс-президенттің есімі берілген болатын.

Ал 2017 жылы Үкіметтің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445