Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2259 0 пікір 25 Қазан, 2011 сағат 05:30

Бейбіт Қойшыбаев. Желтоқсан және ар-ождан

Күнәні мойынға алу - қиын да ауыр шаруа, ол тек ақжүректер мен ержүректердің ғана қолынан келеді. Ондаған жылдар бойы адалдықтың символындай көрінген большевиктік ұйымның бойынан ондай ерлік табылмады. Ол 30-шы жылдарғы жаппай жазықсыз жазалаулары үшін халықтан кешірім сүрауға да жарамады. Есесіне, большевизмнің жәдігейлік қасиетінің өміршендігі сондай, біздегі ірілі-ұсақты көсемдер қайта құру жылдары беттері бүлк етпей: «Бүгінгі партия кешегі бұрмалауларға жауап бермейді» деп мәлімдеді. Жазаланған халықтарға өтем төлеу мәселесі көтерілгенде, ел аузына караған билеуші оларды жазалаған өзі емес екенін айтты.

Тап осындай жолмен, «1986 жылғы желтоқсан сойқанын жасаған тоталитаризм» үшін жауап бермейтінін біздің басшылар да сездірген, мұны Сексен алтыдағы тоталитарлық ахуал атқамінерлерінің мұртынан күліп, демократиялық режим атына ауысып мінгенінен-ақ аңғарғанбыз. Олар өлермендікпен коммунизмге қызмет еткен-ді, енді оны жеті атасына шейін сыбап, бар ынты-шынтымен капитализм құруда. Қай идеяға қызметші болса да бәрібір - делбе ұстап жүрсе болды, есебі түгел...

Серкелікке дағдыланғандар ғой, ел игілігін күйттесе мейлі дейсің, бірақ жаңа жолға тазарып барып түсу жөн емес пе? Иманы бар жан сөйтсе керек еді... Әлде олар ірі деңгейдегі екіжүзділікті құдай кешіре салады деп ойлай ма екен?

Мемлекетгік машина тетіктерін қозғаушылар имандылық талаптарына керенау сияқгы. Амал не.

Желтоқсан шындығын ашуды Конституциялық Сот қолға алғанда  тиісті адамдардың, тұтас топтардын, әртүрлі ұлт өкілдерінің ар-ұятын оятуға енді заң жәрдемдесер деп үміттендік. Конституциялық Сотта бұл мәселені жан-жақты қарап, әділ шешім шығарудың тарихи маңызы зор болмағына күдіктенбедік. Себебі ол бірлікке, түсіністікке, татулыққа қызмет етеді деп ұқтық. Қазақстанды мекендеушілердің ождан көзін ашуға, елдегі ұлтаралық қатынастар тамырын дөп басуға септеседі деп білдік. Сөйтіп, ортақ мүдде жолында адал көңілмен қазақ туы аясына топтасу қажеттігіне иландырады деген ойда болдық. Сол оймен, сұралған көрсетінді-түсінігімізді бердік. Бірақ онымыз Конституциялық Сотта жинақталған, бүгінде ұмытылған том-том құжатгың біріне айналды.

Ой қазанына салып қорытып көрмек үшін, солардың бірін қайта оқиық: «В Конституционный суд Республики Казахстан от секретаря Правления Союза писателей Казахстана Койшибаева Бейбута Орынбековича. Мне разьяснены мои процессуальные права и обязанности. Я предупрежден об ответственности за правдивость своих пояснений.

На заданные мне вопросы судьи Конституционного Суда Республики Казахстан поясняю:

Все, что думал о событиях, сказал по горячим следам в своем выступлении на партсобрании аппарата Верховного Совета КазССР 25 декабря 1986 года. Свое понимание проблемы вложил в содержание беседы, которую я вел с М.Шахановым и подготовил для газеты «Социалистік Қазақстан» в 1989 году, также в интервью, данного мною корреспонденту газеты «Ақиқат» в 1990 году. Все они опубликованы в сборнике «Алма-Ата. Декабрь, 1986. Книга-хроника   /вторая/, выпущенном в 1992 году («Интервью с главным редактором журнала «Денсаулық» Бейбутом Койшибаевым», стр. 30-38. «Выступление...», стр. 38-43. «Гарантия мира и единства», стр. 45-53.) Книга прилагается. Мои взгляды к событиям и вокруг него, отраженные в тех материалах, не изменились, в них содержатся мои ответы вопросам судьи.

С правой точки зрения - молодежь имела конституционное право выйти на улицы /ст.48 Конституции КазССР/. Однако рабская психология, насажденная в сознание граждан годами, десятилетиями, не давала функционерам возможности понять это. «Какая это демонстрация? Мы понимаем, если первомайское шествие или на празднике 9 мая, 7 ноября», - сетовала, беседуя со мной, член парткомиссии Советского района г. Алматы, старая коммунистка. Так думали многие.

Нарушены ст.ст. 52, 55. Конституция гарантировала неприкосновенность личности, предписывала в обязанность всех государственных органов, общественных организаций и должностных лиц уважение к личности - на деле в те дни они не церемонились с демонстрантами. Факты общеизвестны.

Практически не соблюдалась долгие годы ст. 34. Закрывая казахские школы, сведя почти к нулю общественно-политическую функцию казахского языка - было совершено ограничение прав казахскоязычного населения, установлено преимущество русскоязычных граждан. А в дни событий открыто преследовались люди по национальным признакам.

Формальной оказалась ст. 4. Государственные и общественные организации, должностные лица не соблюдали Конституцию. Естественно - ст. 6. Партийные организации, обязанные действовать в рамках Конституции, встали над ней.

Пустым словом была ст. 68, подчеркивающая суверенность Казахской республики. Внутренние дела «суверенного государства» в дни событий решали военные чины и партийный эмиссар из Москвы. Вследствие чего марионеточные Верховный Совет, Совет Министров и правосудие не соблюдали свои конституционные обязанности, нарушены ст.ст. 97, 118, п.4, 115 Основного Закона суверенного государства - Казахской ССР.

Мое выступление 25 декабря 1986 соответствовало ст. 47, однако я был подвергнут преследованию, (трижды обсужден на партсобрании, обсуждался на партбюро аппарата Верховного Совета, парткомиссии и бюро Советского районного комитета партии, на меня было наложено партвзыскание - строгий выговор с занесением в учетную карточку, я был уволен с работы, лишь 3 дня дали проработать на новом месте, 1,5 года был вынужден сидеть без работы), что запрещалось данной статьей Конституции. Естественно, никто из преследователей не привлекался к ответственности.

Главная вина за все беды, в том числе за декабрьские события, лежит в партийной структуре, узурпировавшей всю мыслимую и немыслимую власть в стране. Множество фактов говорят о преступности Коммунистической партии в Казахстане. Преступно основное кредо партии - классовая идеология, сделавшая врагами соседей, сослуживцев, сограждан, даже членов одной семьи, внесшая умышленный раскол, расслоение, раздробление общества, народов, нации на враждебные лагеря.

Декабрьские события 1986 года в г.Алматы, спровоцирование противостояния, жестокая расправа с мирными людьми - одно из многих преступлений этой политической организации.

17 марта 1993   года.

Бұдан, әрине, компартияны жауапқа тартса мәселе шешіле қалады деген ұғым тумаса керек. Партияның атымен адамдар әрекет етті. Партияның әдемі ұрандарын алдамшы еткен де, сөз бен істің арасын жер мен көктей алшақтатып жіберген де адамдар. Нақты адамдар. Қолдарында партияның бар билігі болған, өздері соның күллі игілігін керген, жеме жемге келгенде ұлт мүддесін сатып жіберген адамдар. Өздері айыбын ашық мойындамаса, тым болмаса осылай тәубасына келтіруге болар?!

Сол шақта мен осындай аңғал ойда болдым. Сондай аңғалдықтан Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы қарсаңында да арыла алар емеспін. Өйткені, опына білудің ел бірлігін арттыра түсудегі орны ерекше ғой деп ойлаймын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394