Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2645 0 пікір 25 Қазан, 2011 сағат 07:45

Ойын және алкоголь бизнесі қырғыз-қазақ инвестқорының «қара тізіміне» енгізілді

Бішкек. 25 қазан. ҚазТАГ - Ойын және алкоголь бизнесі қырғыз-қазақ инвестқорының (ҚҚИҚ) «қара тізіміне» енгізілді, деп хабарлайды ҚырТАГ агенттігі.

ҚҚИҚ Қырғызстанда инвестициялау үшін «қара тізімге» ойын бизнесі мен алкоголь өнімдерінің өндірісі, есірткі заттарының және қару-жарақ өндірісі кірді», - деп хабарлады «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарушы директоры Алексей Тен сейсенбі күні Бішкекте «Капитал нарығы: үндеулер мен перспективалар» қырғыз-қазақ инвестициялық форумында.

Оның айтуынша, дағдарыстық үдерістердің әсерімен ҚҚИҚ жылжымайтын мүлік саласына қаржы салуға дайын емес.

А. Тен қор қызметінің басты бағыттары индустрияның мұнай-химия өнеркәсібі, металлургия, ресурстарды терең өңдеу сияқты секторларын қаржыландыру болып табылатынын атап көрсетті.

«Сондай-ақ, энергетика, көлік, логистика, коммуникация салаларын қаржыландыру да басымдықты бағытқа жатады. Шағын және орта бизнесті қолдау саласында стрестік активтерді қайта құрылымдау, қарыз жүктемесіг төмендету ұсынылып отыр», - деді А.Тен.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарушы директорының айтуынша, ҚҚИҚ мүдделерінің саласы тікелей инвестициялар нарығын дамытуда, нақты айтқанда, ірі институционалдық инвесторлар мен басқарушы компанияларды тартуда оң нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

«ҚҚИҚ менеджерлердің кәсіби командасы, бизнестің тиімді тұжырымдамасы, бірегей бәсекелестік артықшылығы бар компанияларға инвестиция салуды мақсат етеді», - деді А. Тен.

Еске сала кетейік, 10 ақпарда Қырғызстанның ресми делегациясының Қазақстанға ресми сапарының нәтижесі бойынша қырғыз-қазақ инвестициялық қорын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қордың жарғылық капиталы - $100 млн,оны Қазақстан үкіметі бөледі. Қордың штаб-пәтері Бішкекте орналасады.

Бұрын хабарланғандай, ҚҚИҚ биылғы жылдың соңына дейін жұмыс істей бастайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371