Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4155 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 05:26

Бейбіт Қойшыбаев. Фурманов, Жанұзақов және біз

Тәуелсіз қазақ елінің оңтүстік астанасы Алматыдағы әсем көшелердің бірі күні бүгінге дейін Фурмановтың атында...

Идеологиялық құрсаудан құтылу - тарихымыздың большевиктік насихат жасап берген жасанды жамылғыларын айыра білуге, кезінде әлдебір сипатта орын алған билеушілер саясатына қажет мазмұнда бұрмаланып баяндалған қалыпта «тарихқа» айналған оқиғалардың шындығын ашып, «халық қамын ойлаушылықтың» астарын көрсетіп айтуға мүмкіндік туғызды.

Әлдебір үстем саясатты емес, кәдімгі жүрекке жылы әділдікті мұрат тұтқан адам, кешегі партия-кеңес заманының көлгірлігіне алданудың қандай рухани жұтаңдыққа апарғанын білетін, өзін ендігәрі тоталитарлық қысымнан азат сезінетін тәуелсіздік азаматы әрбір жаңадан тазаланып жатқан «ақтаңдаққа» сергек қараса керек.

Бүгінгі күн тұрғысынан қайта таразылануға, еңбегі әділ бағасын алуға тиіс тұлғаның бірі - 1920 жылғы Түркатком Айрықша Комиссиясының төрағасы Төреқұл Жанұзақов және оның Жетісу облысында босқын қырғыз-қазақтарды орналастыру жөнінде атқарған қызметі.

Тәуелсіз қазақ елінің оңтүстік астанасы Алматыдағы әсем көшелердің бірі күні бүгінге дейін Фурмановтың атында...

Идеологиялық құрсаудан құтылу - тарихымыздың большевиктік насихат жасап берген жасанды жамылғыларын айыра білуге, кезінде әлдебір сипатта орын алған билеушілер саясатына қажет мазмұнда бұрмаланып баяндалған қалыпта «тарихқа» айналған оқиғалардың шындығын ашып, «халық қамын ойлаушылықтың» астарын көрсетіп айтуға мүмкіндік туғызды.

Әлдебір үстем саясатты емес, кәдімгі жүрекке жылы әділдікті мұрат тұтқан адам, кешегі партия-кеңес заманының көлгірлігіне алданудың қандай рухани жұтаңдыққа апарғанын білетін, өзін ендігәрі тоталитарлық қысымнан азат сезінетін тәуелсіздік азаматы әрбір жаңадан тазаланып жатқан «ақтаңдаққа» сергек қараса керек.

Бүгінгі күн тұрғысынан қайта таразылануға, еңбегі әділ бағасын алуға тиіс тұлғаның бірі - 1920 жылғы Түркатком Айрықша Комиссиясының төрағасы Төреқұл Жанұзақов және оның Жетісу облысында босқын қырғыз-қазақтарды орналастыру жөнінде атқарған қызметі.

Кешегі қызыл дәуірдің зор патриотизмінің қайнар көзі, кейінгі буынның теңелуге тиіс үлгісі ретінде «алғы шеп», «оң қанат» деп аталатын қастерлі орынды ұстап келген шығармалары қатарындағы мектеп классикасы - атақты большевик-жазушы Дмитрий Фурмановтың әйгілі «Бүліншілік» романында бұл қайраткерге қара бояу келістіріп-ақ жағылған тәрізді. Жалпы талай буынның көзқарасын қалыптастыруға атсалысқан осы кітаптың көлгірлік пен жасандылыққа толы «ерлікке» тұнып тұрғанына - оны мұқият қайта оқыған кім-кім де оп-оңай көз жеткізе алады. Біз белгілі деректі шығарманы талдап жатуды міндетімізге алмаймыз. Біз тек жоғарыда аталған бір ғана тағдыр жөнінде сөз қозғаймыз, езілген халқына қызмет етпек болған сол қайраткердің ісі қалай бұрмаланғанына шағын шолу жасаймыз.

Сонымен, Төреқұл Жанұзақов - Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитеті (ТуркЦИК, Турцик, Түркатком) құрған Айрықша Комиссияның төрағасы. Бұратаналарды соғыстың қара жұмыстарына алу жайында жарияланған белгілі патша жарлығы мен соған байланысты орын алған қанды оқиғалар салдарынан 1916-1917 жылдары Қытайға қашуға мәжбүр болып, монархияны халық өкіметі алмастырды деген хабар тиісімен жөңкіліп кері оралып жатқан Жетісу облысының босқын қырғыз-қазақтарын туған жеріне орналастыру ісін жүргізу жөніндегі Түркатком Айрықша Комиссиясының төрағасы.

Тарихтан мәлім, Фурманов Ташкентке 1920 жылғы наурызда келіп жағдаймен танысқаннан кейін, қасына он-он бес серігін ертіп, Түркмайдан Р.В.С. (әскери-революциялық кеңесінің) уәкілі мандатымен Жетісуға аттанады. Верныйға 1920 жылғы сәуірдің алғашқы жартысында жетеді.

Ол мұндағы ұлттық кадрларды өзіне тең күрескер санай қоймады. Ұлттық кадрлардың қай-қайсысына да сыни тұрғыда қарайды. Тіпті, бір кездері Самара жақта өзімен майдандас жолдас болған Жетісу обләскериревкомының төрағасы Юсуповтың өзін шын мәнінде үзеңгілес-күрескер санатына қоспайды. Фурмановтың түркістандықтардың бәріне сенімсіздікпен қарағанына, қайткенде оларды әшкерелейтін дәйек іздеумен шұғылданып жүргеніне - аталған әйгілі шығармасы куәлік етеді. Соны  тек байыптап, тарихи құжаттармен салыстырып оқысаңыз болғаны.

1920 жылғы 15 сәуірде - Алматыға (Верныйға)  жеткеннен соң бірнеше күн өткенде - күнделігіне түсірген мына жазбасына назар аударайық: «Заговор. Материал получился настолько недвусмысленным, что приходится подозревать определенный заговор. В центре стоит, видимо, Рыскулов. Агенты разосланы всюду. Одним из ближайших его агентов является его зять. Джиназаков. Они оба активные участники в восстании 16-г. и руководили этим восстанием. На Рыскулова имеются пока что данные довольно туманного характера: он бай, имеет сотни голов скота, поделил его между своими ближайшими, он получает от Джиназакова денежную сумму. Нечист. Джиназаков определенный подлец и уголовный преступник. За уголовные дела он был уже под арестом и сидел. Теперь раскрывается такая картина, что совершенно никому невозможно верить...»

Аңғарғанымыздай, Түркатком төрағасы Тұрар Рысқұлов оның ұғымында - жер-жерге агенттерін қаптатып жіберген бай... Жанұзақов Рысқұловтың жәй ғана сыбайласы емес,  күйеу баласы, пәре жинап беретін оң қолы... Ал Жанұзақов - барып тұрған оңбаған, қылмыскер... Дәлел? Қолында күш тұрған көлгір-большевикке дәлел не керек, қиыннан қиыстырып, өз ертегісін елге таңады...

Мәселе мынанда болуы ықтимал: 1920 жылғы қаңтарда Тұрар Рысқұлов бастаған жергілікті ұлт коммунистері үшінші төтенше партконференцияда Түркістан ұлттық мемлекеті мен  Түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру бағдарламасын қабылдайды. Бәрі лениндік ұлт саясаты ауқымында, кеңес өкіметінің төңкерістен кейін іле-шала мағлұм еткен «Шығыс халықтары құқықтарының декларациясы» шеңберінде. Алайда олары, бәрібір, жаңа тұрпатты отарлаушылар пиғылымен үйлеспейді...

Тағы бес күннен кейінгі жазба: «20 апреля. В ночь на 19-е получена была шифрованная телеграмма от тов. Альтшуллера. Он говорит, что выехать не может, хотя работа и подходит к концу. Учинена отчаянная слежка со стороны джиназаковской шайки, которая намерена применить террористические акты по отношению к девяти товарищам, в том числе к тов. Альтшуллеру и Полеесу. Во главе всего стоит сам Джиназаков, а практическое исполнение берет на себя Мус(ульманское) бюро. В контакте с ними: Ревком, Чека и Ревтрибунал»

Бәлкім, Ташкентте Түркбюро мен Түркмайдан қайраткерлері құлақ күйін келтіріп жібергендіктен де шығар, Фурманов жол бойы өзіне жау ойлап табумен болған. Сұлбасы «әлемдік  революцияны» аңсаушылар пиғылымен сызылып қойылғандықтан болса керек, Түркістан Республикасы деген -  мемлекет-ау, оның жоғарғы органы тағайындап, Жетісуға арнайы тапсырмамен жіберген  қайраткермен сәл-пәл болса да есептесу керек-ау деп қысылмастан, ол әуелі Жанұзақовты жауыз, оңбаған ретінде өзіне алдын-ала пікір қалыптастырып алады. Ұлтшыл-жау оған өзінің тапқыр да батыр  екендігін көрсету үшін керек. Апама жездем сай - «гастрольдік» сапармен  Верныйға келе жатқан жол бойында - Пішпекке қалдырған жолдастары да қолдан жау жасау жағынан алдарына жан салмайды, оған әлгі жеделхаттары куә:  үйездегі күллі кеңестік басқару органы Түркатком өкілі Жанұзақовпен бірге - «шайка»...

«Получив такую телеграмму, мы, естественно, не могли дальше медлить и ждать только указаний центра, который, кстати сказать, хранил по этому поводу гробовое молчание», - дейді Фурманов. Алайда Орталық (яғни Ташкент) өзінің Жетісуға жіберілген сенімді өкілін большевиктік әскери билік тарапынан Верныйға келген кезбе гастролер-большевик «шайка» деп айыптап жатса - бірден қалай келісе қойсын...

«Я вызвал начособотдела (айрықша бөлімнің бастығы) т.Кушкина и начальника дивизии т.Белова. Все мои товарищи были на ногах: Никитченко, Муратов, Верменичев, Колосов, Рубанчик и Гарфункель. Вызвали к гостинице две пары лошадей. Настроение у всех было повышенное. Переживания напоминали октябрьские дни, когда мы по ночам, в душной комнате, изображая собою Штаб Октябрьского переворота, были все время настороже, держали наготове взведенные револьверы и срочно разрабатывали планы дальнейшей борьбы...» - Фурманов Алматы қонақүйінің ауасы тар бөлмесінде, құдды 1917 жылғы 25 қазан төңкерісін басқарған Смольныйдағы штабтағыдай сезіммен, оқтаулы қаруларын қолға ұстаған күйі ширығып, іс-әрекет жоспарын құрып отыр - мұның бәрі 20 сәуірдегі жазба. Ол екі күннен кейін күнделігіне былай деп жазады: «22 апреля. Джиназаков. Джиназаков - это не простой смертный, а манап. Именитый, богатый манап. Его отец где-то в Аулиэ-Атинском уезде до сих пор имеет огромные табуны коней, исчисляемые несколькими сотнями голов. Таракул Джиназаков, раздавая киргизам деньги Туркцика, собственно говоря, о советской власти совершенно не заикается, он раздает их как Джиназаков, как манап...»

Дұшпан образы дайын: Жанұзақов қасқыр терісін жамылған түлкі - ол Түркаткомның ақшасын, кеңес өкіметі жайында ауыз ашпастан, манап ретінде, өз қаржысындай үлестіреді...

Фурманов бет-жүзін көрмей-ақ, алдын ала жек көріп, жиренгені сондай, аты-жөнін де дұрыс жазбаған бұл жігіт жайында Алматы мұрағатында бірлі-жарым сараң дерек сақталған.

Пішпектен 1920 жылғы сәуір айының соңына қарай Алматыға, Жетісу облыстық әскери-революциялық комитетіне телеграмма келеді: «Выезжаю Верный 26 апреля о чем сообщить тов. Шигафутдинову. Предкомиссии Джанузаков». - Комиссия төрағасы Жанұзақов Бішкектен Алматыға қарай 26 сәуірде шығатынын айтып, бұл жайында облыстық әскери комиссар Багаутдин Шагабутдиновке хабарлауды сұрайды. Оған ревком басшыларының бірі мынандай бұрыштама соққан: «Сообщить тов. Шигабутдинову. Товпредс. (қолы ажыратылмады)». Одан кейін орындаушы жазуы тұр: по телефону сообщ. Шигабутдинову, в дело». Тіркеу N 2428, 27 сәуір 1920 ж.

Алматыға келгеннен кейін Жанұзақов Жетісу обләскериревкомына мынандай хат беріпті: «Р.С.Ф.С.Р. Особая комиссия Турцика по устройству беженцев киргиз Семиреченской области. 29 ІV 20 г. № 113 г. Верный. В Семиреченский облвоенревком. Мною в Верном оставляется один уполномоченный с двумя сотрудниками - поэтому прошу под канцелярию отвести для них одну комнату с канцелярскими принадлежностями и дать в ихнее распоряжение одного делопроизводителя из канцелярского состава реввоенсовета. Председатель Особой Комиссии Джанузаков».

Ыңғайы, оның тапсырмасы шапшаң орындалған. Және жаңадан жасақталған кеңсе өз жұмысын Түркатком Айрықша Комиссиясы төрағасының нұсқау-ережесін машинкаға бастырумен  бастаған секілді. 1920 жылғы 3 мамырда обләскериревкомның № 50 қаулысымен рәсімделгені жөнінде белгі соғылған бұл құжат Төреқұл Жанұзақовтың дүниетанымын, қайраткерлік ауқымын тәп-тәуір танытады. Фурманов суреттеген Таракул Джиназаковтың «қасиеттері» ойдан шығарылғанына күмән қалдырмайды.

Мұқият зер салайық: «План и программа работы среди киргизского населения. Я как представитель киргизского населения и знающий его быт, нравы и традиции, считаю нужным вкратце характеризовать его жизнь и отношение его к Советской Власти и собразно этому предложить программу для работы среди киргиз.

Все мероприятия и издаваемые декреты вследствие того, что не доходят до массы на ея родном языке, не имеет реального влияния к эволюцированию ея жизни - соответственно принципам советского строительства. В этом отношении - (түсініксіз сөз, ыңғайы - кроме) объяснения, разъяснения путем устных и печатных, не принимаются никакие меры со стороны местных советских органов  и таким образом остается неизвестным для массы законы и декреты.

Киргизы по укладам своей исторической жизни не знакомы капиталистическим образом товарного производства, индустриальной промышленностью, вследствии этого классовым антогонизмом, могущим при удобном случае вылиться  в открытую  классовую борьбу. Манапство, бекство и богатство у киргиз считается Божьим даром, а не продуктом эксплоатации.

События 16, 17 и 18 годов, вызванныя стихийными, революционными, военно-вооруженными и чувствами отомщении причинами, застало киргизское население неподготовленными, оно в силу своей неподготовленности и низкости культурного уровня не могло противостоять (түсініксіз сөз) знание и опыт, и вследствие масса препятствий, чинимых со стороны лиц, незнающих киргиз, не дали им возможность принять активное участие во всех явлениях революции. В силу отсутствия классоваго воспитания не могли ориентироваться в политических и новой формы экономических требований революции. Все это вместо взятое служило причиной морального упадка, экономического разорения  и вместе с тем внесло некоторой ломки, вызывая в них неудержимое желание приспособиться к новой реальной, культурной и прогрессивной жизни из патриархальной исторически сложившияся. Исходя из этого и в целях урегулирования на социалистических началах сознательное и инстиктивное движение киргиз, в сторону от невежества к культуре, от состояния бедняка к классу, от политической спячки к революционности, от экономической зависимости к самостоятельности (түсініксіз сөздер, ыңғайы - предлагаю взять к руководству - Б.Қ) следующий (түсініксіз сөздер, ыңғайы - план мероприятий для ведения - Б.Қ) работ среди киргиз».

Одан әрі:  «Киргиз (бұл атау осы мәтінде қырғыз және қазақ халықтарына бірдей қолданылған - Б.Қ.) халқы арасындағы партияның бұқаралық саяси жұмысы туралы» деген тарауда міндеттерді алты тармаққа түйіндейді де, оларды жүзеге асырудың нақты шаралары ретінде он бес тармақтан тұратын партиялық жұмыс жоспарын, он үш тармақтан құралған «киргиздарды экономикалық жағынан жағдайластыру жөніндегі» ұсыныстарын тұжырымдайды. Халық арасында кеңес құрылысының баяу даму себебін талдай келіп, он бір тармақтан тұратын нақты жүзеге асырылуға тиіс іс-шараларын белгілейді.

Жоспардың салиқалы, сауатты адам қолынан шыққаны, сол кездің талабы мұқият ескеріліп жасалғаны оқыған кісінің күмәнін қалдырмайды. Бірақ Жетісу обләскериревком мәжілісінде осы жоспарды бекітіскен Түркмайдан Р.В.С. уәкілі Фурмановқа құжат авторының лениндік-большевиктік көзқарасы қызық емес, оған мұсылман қызметкерінің сол кезгі ұрандар аясында өз елінің қамын жейтіні керексіз. Ол күнделігіне 1920 жылғы 22 сәуірде түсірген жазбасында, жоғарыда көрсеткеніміздей, өзінің «лениндік-большевиктік тұрғысынан», Жанұзақовты даңқы асқан дәулетті манап, әкесі де әлі күнгі шіріген бай, кеңестік Түркістан Республикасының ақшасын, кеңес өкіметі туралы жұмған аузын ашпастан, жұртқа өз байлығын үлестіргендей таратады деп сипаттайды.

Мұндай «дерек» Фурмановқа қайдан түскені  «Бүліншілікте» айтылған: Әулиеатада тұратын көзі ашық оқығандардың бірі Қарабай Әділбеков Алматыға келіп, Төреқұл Жанұзақовтың әкесі байлықты жылқы ұрлау жолымен жинағанын, Төреқұлдың да әкесінен өтетін пәреқор, дұшпан екенін, оны тұтқындау қажеттігін әңгімелейді. Алайда қолында айтқандарын дәйектерлік ешқандай нақты құжат жоқ екен, сондықтан оны Фурманов қажетті дәлелдер тауып беруі үшін Әулиеатаға қайтарады.

Большевик-қаламгер аталмыш кітабында осы деректі арқау етіп, адамдардың рулық тартыста біріне бірі қандай жала жабуға дейін баратынын сөз етеді. Өздерінің әр мәліметке сақтықпен қарауға бел буғанын, арызды мұқият тексеріп пайдалану қажеттігіне көздері жеткенін айтады.

Кім-кімді де тәнті ететін пайымдар. Алайда әйгілі қызыл комиссардың «сақтанғанының» және «арызды мұқият тексеріп пайдалануға бел буғанының» «нәтижесі» - Жанұзақовқа берілген жоғарыдағы мінездеме болып шыққан...

Ақыры Фурманов Жанұзақовпен кездеседі. Жанұзақов әскери уәкілге мамырдың алғашқы күндері жолығады, оның кабинетіне Айрықша Комиссияның жұмысын жолға қою, өзінің бағдарламалық жұмыс жоспарын обләскериревком мәжілісінде бекіткізу сапарымен Алматыға келгенінде кіреді. Танысқан бетте Фурманов оны «жұмысыңды облыс орталығына келмей бастадың» деп кінәлайды.

Жалпы, большевизм қайраткерлерінің көбісіне тән болған екіжүзділік Фурмановтың да басты қасиеті екен... Мұның өзі де облыс орталығына жетпей-ақ, жолда, бір топ серігін Пішпектегі Жанұзақовтың қызметін тексеру үшін қалдырған еді. Ташкенттен бұл өңірге одан ертерек жіберілген Түркатком өкілі Жанұзақов Алматыға Айрықша комиссияның бөлімше бастығын аттандырып, өзі Бішкекке (Пішпекке) аялдаған-ды. Пішпек өңіріндегі шаруасын ретке келтірген соң, енді міне, Алматыға да жеткен болатын.

Алайда Жетісудағы жергілікті заңды өкімет түгіл, күллі Түркістан Республикасының Ташкентте орналасқан жоғарғы билік органына  шекесінен қарайтын, қызыл революцияны Түркістан өлкесіне найза ұшымен әкелген большевизм майданының әскери-революциялық кеңесі өкіліне өзіне тиімсіз бірдеңенің байыбына бару міндетті емес еді. Мәселені өз мүддесіне қарай бұрмалай салатын. Әрі оған, әсіресе, ұялу деген сезім жат-тын.

Мәселен, Фурманов күнделігіне 1920 жылғы 11 мамырда Жанұзақовтың тұтқынға алынғаны туралы дерек түсірген. Оның 9 мамырда, жексенбіде қамалғанын, пәтеріне тінту жүргізілгенін, бірақ өзінің мұны сол оқиғадан соң, 3-4 сағаттан кейін естігенін жазып қалдырыпты.

Ал Фурмановтың әйелі әрі жауынгер серігі Анна Фурманова бұл оқиға жайында былай деп жазады: «Буржуазным контрреволюционным националистам удалось поставить во главе центральной комиссии по оказанию помощи беженцам своего ставленника - Джанизакова. Этот матерый контрреволюционер чувствует, что Фурманов быстро разоблачит его и раскроет все нити его заговора. Тогда он прибегает к излюбленному оружию предателей - выступает на заседании ревкома с клеветническим заявлением о том, что в Семиречье готовится контрреволюционный переворот, что этот переворот подготавливает якобы Фурманов и его товарищи, прибывшие из Ташкента. Одновременно Джанизаков  и его сподручники распространяли провокационные слухи о том, что советская власть притесняет мусульман. В ответ на это открытое выступление классовых врагов Фурманов отдает приказ об аресте Джанизакова».

Ал большевик-жазушы Фурманов өзінің әйгілі қаһармандық «Бүліншілік» романында Жанұзақовтың «қарулы көтеріліс әзірлегені» жайындағы хатын Айрықша бөлімнің қолға түсіргенін, сосын тұтқындағандарын айтады, бірақ кейін Айрықша бөлім «қолға түсірген хаттың» жалған құжат болып шыққаны анықталғанын да әңгімелейді...

Осынау келтірілген жолдардан бір өтірікті екінші өтірік ашып тұрғаны анық байқалады: 1) Фурмановтың еркінен тыс мойындаған шындығына қарап,  өздерінің жоспарлаған һарам ойын жүзеге асыру үшін қажет «айғақты» большевиктердің қолдан ұйымдастыра салуы - ежелгі әдеті екеніне көзіміз жете түседі. Жанұзақовтың тұтқындалғанын болған істен 3-4 сағат өткен соң естідім деуі де жәй ғана жұртшылықты адастырып, алдаусырату: әйелі - қасында хатшысы болып бірге жүрген жауынгер серігі - Жанұзақовты тұтқынға алу туралы бұйрықтың Фурмановтан шыққанына куә; 2) Жанұзақов Айрықша бөлімнің «қолына түскен хатының» жалғандығы анықталып,  Фурмановтың абақтысынан босанғаннан кейін, 24 мамырда ревком мәжілісінде сыни сөз сөйлеген. Анна  Фурманова мұны «әккі де зұлым контрреволюционерді» тұтқындауға 9 мамырда әмір берілгенге дейін болғандай етіп, жұртшылықты әдейі шатастырып отыр. Күйеуі Дмитрий Фурмановтың пәлен ұрпақ алданар «ерлігін» насихаттау үшін  солай жазғаны күмәнсіз. Шамасы, Түркстан Республикасы Орталық Атқару Комитеті Айрықша комиссиясының төрағасы Жанұзақовты да, өлкедегі «ұлтшыл» біткенді де әшкерелеуге  осындай большевиктік көлгірлік өтімді екенін білгендігі болар.

Тағы да Фурмановтың күнделігінен: «...Произвел у него обыск, а кстати обыскал и Качкинбаева (обләскериревком  төрағасының орынбасары - Б.Қ.), который жил в смежной с Джиназаковым комнате и вещи у которого были смешаны с вещами Джиназакова. ...После ареста все всполошились, в первую голову, разумеется, мусульманские работники. Кроме того, накануне арестован начальник уездной милиции Седых, гнусная личность. Этот последний был, между прочим, в какой-то подозрительной близости с Юсуповым (обләскериревком төрағасы - Б.Қ.), хотя арестован и по другому делу. В квартире Юсупова произведен обыск - ничего особенного не найдено. В бумагах Джиназакова как будто так же серьезного материала не обнаружено. Положение невероятно запутанное и грозное. Как будто приближается какое-то неминуемое событие... »

Қателесіппіз, ұят болды-ау демейді, облыс басшыларының үйлерін тінтуден күдікті түк таппаса да, бәрібір, жағдайды шиеленісулі және қаһарлы деп есептейді, қайдағы бір төніп келе жатқан, болмай қалмайтын оқиғадан сескенеді, әлдебір қатерді тосады...

Жетісу облыстық әскери-революциялық комитетінің іс қағаздарында Ташкенттен келген мына телеграмма сақтаулы тұр: «Срочно сообщите кем и по какой причине арестован Джанызаков 3112 Наркомиссариат внудел (қол қойған кім  екені ажыратылмады - Б.Қ.)». Жеделхат  мәтіні үстіне мынандай нұсқау-бұрыштама жазылыпты: «Сообщить: Джанузаков был арестован особым отделом, причину ареста особый отдел не сообщил, считает это секретом точка настоящее время Джанузаков освобожден, работает комиссии точка обо всем Семироблвоенревкомом донесено подробно Турцику. Зампредс.» (Қолы ажыратылмады -Б.Қ.). Одан төмен: «в дело № 1 - исполнено телеграммой 17 мая 20 г. за № 3303 Управдел. (қолы  ажыратылмады - Б.Қ.)».  Осылармен танысқанда, Фурмановтың көздегені - Жетісудағы мұсылман қызметкерлердің бас көтерерлерін жалған жаламен әшкерелеп, тұқыртып кету болған деп ойламасқа шараң жоқ.

1920 жылғы 9 мамырда Түркаткомның Айрықша комиссиясы төрағасын қамау және Жетісу обләскериревком төрағасының, төраға орынбасарының пәтерлерін тінту алдында, Ташкенттегі Түркмайданның саяси бөліміне Фурманов (1920 жылғы 7 мамырда 521-ші рет санымен) жеделхат жолдаған. Бұл туралы Түркмайдан Р.В.С. уәкілі кеңсесінен шыққан қағаздарды тіркеу журналына мынандай жазба түсірілген: «Ташкент Потуфк с разъяснением сколько жалованья получает Юсупов». - Ал Жетісу облыстық ревкомы төрағасының алатын  еңбекақысы қандай мөлшерде екенін Ташкенттен сұрастыру Фурмановқа не үшін қажет болғанын әркім өзі шамалай берсін...

Фурмановтың Ташкентке 26 маусымда жіберген телеграммасында өзінің Кубаньға ауыстырылатыны принципті түрде шешілгені жайында хабар бар. (Фурманов Кубаньға Алматыдан тамыздың басында аттанды - ол бұған дейін жаңа «ерлігін»  жасайды: гарнизонда орын алған «бүлікті»  басып, бір оқ шығармаған, қасықтай да қан төкпеген  «бүлікшілерді» соттауды - он жетісін ату, бірталайын  жер аудару жазаларына кесуді ұйымдастырып үлгереді. Бұл өз алдына кең қаралуға ылайықты жеке де күрделі тақырып...)

Фурмановтың түрлі кедергілеріне қасақана, Жанұзақов Алматыда өзінің қызметтік борышын орындайды. Ол Қытайдан кері ауған босқындарға жәрдем беру үшін қаржы жию айлығын 1920 жылғы 1 маусымнан бастап өткізу жөнінде обләскериревком шешімін шығартады. Сосын сол маусым айының ішінде Пішпекте Түркатком Айрықша комиссиясы уәкілдерінің мәжілісін өткізеді. Мәжілістің жұмысына қатысулары үшін, Фурманов өз кеңсесі бойынша бұйрық беріп, екі өкілін жібереді...

Сонымен, Дмитрий Фурманов 1920 жылы аз ғана уақыт Түркістан Республикасы аумағында, оның ішінде Алматыда үш айдай әскери-саяси қызмет атқарды. Жоғарыда бірер мысалын көрсеткеніміздей, ол мұндағы ұлт қайраткерлерінің халық мүддесін көздеген қызметін көзге іле қоймайды. Болашақ тоталитарлық мемлекеттің іргесін қаласушы, большевизмнің тамыр жайып, нығаюына атсалысушы қызыл комиссар солай етуге тиіс те болған шығар. Бірақ жалғандыққа тұнған «большевиктік классикадағы» деректердің ақ-қарасын бүгінгі тәуелсіздік ұрпағының бұдан былай айыра білгені жөн.

Әзірге, Алматының көне орталығындағы биік тұғырда Фурмановтың өр мүсіні мызғымаған қалпы тұр. Ал одан бір орам әріден өтетін, оның атымен аталатын көрікті көше бойында егемен елдің биік мәртебелі мекенжайлары орналасқан... Қысқасы, Фурманов есімі большевизм істерін терістеу нәтижесінде жасалған барша тарихи өзгерістерге әлі де төтеп беруде.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320