Қандай мәселелер әлі де өзекті болып қалып отыр?
ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРУ деген бағдарлама барлық елдерде бар. Бұл елдің (мемлекеттің) экономикалық қауіпсіздігінің басты ережесі болып табылады.
Тәуелсіздігі толық ел болу үшін мемлекет өзінің экономикалық қажетінің 60 пайызынан астамын өзі қамтамасыз етуі тиіс. Бұл - комплексті проблема.
Ол үшін мынадай технологиялық тізбек үйлесімде жұмыс істеп тұруы қажет.
1. ГеоЭкоТабиғи жағдайларға сәйкестендірілген өндірістер мен ауыл шаруашылығының болуы;
2. Онымен тығыз байланысқан Ғылым мен білім беру, денсаулық, мәдениет жүйесі жұмыс істеуі;
3. Ауыл мен қала арасындағы елеулі айырмашылықтың теңесуі;
4. Елде адам құқымен бірге, адам капиталының интеллектуалды потенциялын қолдану тиімділігінің жоғары болуы;
5. Иморт жағдайында бір елге тәуелді болып қалмау, толық экономикалық тәуелсіз саясатқа қол жеткізу;
6. Мемлекет құрушы ұлттың статусын анықтау, жауапкершілік пен дамуды, ортақ мақсатқа бірігуді статусты ұлт мүддесі мен мәдениеті негізінде іске асыру;
7. Мемлекет басқарудың үлкен өнер екенін санаға сіңіру, мемлекеттің бар әлеуеті мен құралын пайдалана отырып, оны мемлекетшілдікке бұру, коррупциядан арылу;
8. Философиялық ойлау, философиялық дүниетаным деңгейіне жеткен халыққа айналу;
9. Әлемдік өркениет пен әлемдік еңбек бөлінісінде өз орнын табу.
Байқасаңыздар, "импорт алмастыру" айтқанға жеңіл, ал, шын мәнісінде ауқымды проблемаларды қозғайды екен. (Мұнда әлі де көптеген мәселелер айтылмай қалды)
СҰРАҚ:
- Осы аталған мәселелердің қайсысы біздің елде жақсы атқарылған, біршама шешімін тапқан деп санайсыздар?
-ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ БОЛЫП ҚАЛЫП ОТЫР?
Осы сұрақтарды талқылай отырып, біз "Тәуелсіздік" және "Иморт алмасу" мәселелерінің арасындағы байланысты анықтай аламыз... "Тәуелсіздік тұрақтылығы қанша пайызға қорғалған?" (Қорқыныш қайдан?) деген сұраққа да жол-жөнекей жауап табыла кетер еді...
Жауап күтем.
Әбдірашит Бәкірұлының желідегі жазбасы
Abai.kz