Қазақстан Компартиясы мәжіліс сайлауына қатыса алмайды – ОСК басшысы
Астана. 16 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан Коммунистік партиясы (ҚКП) мәжіліс сайлауына қатыса алмайды, деп орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
«Қазақстан компартиясы партиялық тізіммен үміткерлерін ұсына алмайды, себебі оның жұмысы сот шешімімен тоқтатылған», - деді ол сәрсенбі күнгі брифингте.
«Бұл ретте компания ұсынысымен сайлау комиссиясының құрамына сайланған мүшелері жұмыстарын жалғастыра береді», - деді Қ. Тұрғанқұлов.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 9 саяси партия тіркелген: «Нұр Отан» ХДП, жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясы (ЖСДП), «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстан халықтық коммунистиік партиясы (ҚХКП), Қазақстан патриоттарының партиясы, «Руханият» партиясы. Бұл ретте Қазақстан компартиясының жұмысы 5 қазанда сот шешімімен жарты жылға тоқтатылған.