Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2169 0 пікір 17 Қараша, 2011 сағат 08:27

Ермұрат Бапи. Илеуованың илегені не?

«Қазақстан халқының үштен бірі республиканың басқа елдермен қосылуына қарсы, бұл ретте сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы Ресеймен қосылуды қолдайды», - деп қазақстандық «Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» (ӘСЗО) қорының президенті Гүлмира Илеуова мәлім етті.

ҚазТАГ таратқан осы хабарда не жаңсақтық кеткен, не Илеуова әлдекімнің тоң терісін илеген. Мұндағы «қарсысы» қайсы, «қосылуды қолдайтыны» қайсы? «Жартысынан астамы» қолдайтын болса, «үштен бірдің» пікіріне пысқыра ма орысшылдықтан оңбаған бұл билік?

Мәтінге мән қойыңыз: «Екі үлкен топ бар: 50-55% деңгейіндегілер Ресеймен бірігу керек дейді, бірақ халықтың үштен бірі ешқандай мемлекетпен қосылау керек емес деп есептейді», - дейді Гүлмира ханым Илеуова Астана-Мәскеу-Киев телекөпірі барысында.

Бұл не деген сөз? Бұл - санаға сыналап сіңіру деген сөз!

Көппен қорқытудың политтехнологиялық пайымы былжырақ батпақ болады. Ол «көптің» көбіктен жасалғанында шаруа жоқ: елдің жартысынан астамы Ресейге телміріп отыр дейді. Егер ресми дерек бойынша, Қазақстан халқының 68 пайызын қазақтар құраса, 55 пайыз ресейшілдер қайдан шықты? Сонда кеше ғана орыстың илеуінен шығып, күні бүгінге дейін отарлықтан опық жеген қазақтың 13 пайызы қайтадан орысқа тәуелді болғысы келе ме? Тіпті «шалақазақ» атанып жүрген қазағымыз да орысқа осқырына қарайтындай қашықтыққа кетіп қалған жоқ па: 20 жылдан кейін одақшыл бола қалғандар қайдан келді?

Илеуова иланатын шығар, бірақ мен осы зерттеусымаққа сене алмаймын. Дегені дұп-дұрыс, жазғаны жап-жақсы қыз көруші едім: ал мына қисабы қисынға келмейді.

Айтпақшы, бұл батпақты өзі былжыратса, оқасы жоқ: «саяси зерттеулер орталығы» болған соң, анау-мынаудан құрап-шатып бірдеңе дегісі келген шығар. Ал егер ол былжырақ 37-де қазақты қырып тастаған «контордың» штабынан шықса, бұл қатты қатер!..

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 39 (122) 16 қараша 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525