Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
46 - сөз 4396 10 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 13:50

Аралас және аз ұлттарға арналған мектептерді жабу керек!

Соңғы жылдары еліміздің қауіпсіздігіне, жерінің тұтастығына қатер төндіретін және тыныш отырған қаймана жұрттың арасына іріткі салатын шетін мәселелер көбейіп келеді. Соның бірі ұлтаралық қақтығыстар, жанжалдар, текетірестер. Арыға бармай-ақ қоялық, биылғы жылы ақпанда болған Қордайдағы қазақ дүнген қақтығысы және күні кеше болған Ұйғыр ауданындағы дүрбелең.

Соңғысында адам өлмеседе, қан төгілді біраз адам пышақталды. Қазақпен ұйғыр арасына сына қағылды. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Әрине құқық қорғау орындары заңға сәйкес өз жұмыстарын жасай жатар. Біздің айтқымыз келгені, осындай жанжалдардың түпкі тамырына үңілу. Себеп неде?

Ең бастысы сырттан келіп (әңгімеге арқау болып отырған ұйғыр-дүнгендер Қытайдан қысым көріп Қазақстанға 1877-1884 жылдары қоныс аударған) елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында, бір баладай тәрбиелейтін мемлекеттік идеологияның болмауында. Сырттан босып келген келімсектерді ішкізіп-жегізіп, баспана беріп еркінсітіп қойғанымыз аздай, мәдени орталықтар, мектептер, театрлар ашып. тілін, мәдениетін т.б дамытуға мүмкіндік беріп, тым тайраңдауына жол аштық.

Мәселен, әлеуметтік желі бетінде жүрген, мына бір деректерге назар аударсақта жеткілікті: «Бүгінде Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді».

Дәл мұндай жағдай еш елде жоқ шығар. Бұл биліктің жалпақшешейлігі, бұл қазақтың тым қонақжайлығы. Жарайды мәдени ошақтар ашылсын, тілін дамытсын. Бірақ қай елде отырғанын кез-келген диаспора сезіну керек. Қарын тойды екен деп қазақтың тілін менсінбеуге, мемлекеттің заңын елемемеуге, мемлекет ішінен мемлекет құрғысы келетін арам пиғылдарын іске асыруға әрекет етуге бола ма? Жоқ. Бұған ешкім жол бермейді. Бұл иісі қазақтың жері. Қаңғып келгендер шаңыраққа қарасын!

Біз мына көрші жатқан өзбектерден тәлім алғанымыз жөн. Мәселен тәуелсіздік жылдары ол елде 100-ден астам қазақ мектептері жабылды. Амалсыз қазақ балалары өзбек мектептеріне барды, өзбек тілінде яғни мемлекеттік тілде білім алды. Осылайша олар өз жерінде өмір сүріп жатқан қазақты да, тәжікті де, ұйғыр мен кәрісті де өздеріне «сіңіріп» өзбек жасауға тырысты. Солай болды да. Қазір бір шаңырақ астында мамыражай өмір сүруде.

Біз керісінше, өз жеріміздегі өзге ұлт өкілдеріне бас-бастарына мектеп, мәдени ошақтар ашып беріп, өзімізге тартудың орнына кері итерудеміз. Мұндай жағдайда өз тілінде сөйлеген, өз мектебіне барған, өз театрын көрген адам қазақ тілін кайтсін! Шаңырақты қалай сыйласын. Шыны керек, қазір олардың жағдайын жасауға біз міндеттеме алғандай болып қалдық. Үнемі бұлай болуы тиіс емес. Демек алдағы уақытта елде тыныштық болсын, бәрі қазақ тілінде сөйлесін, шаңырақты сыйласын дейтін болсақ, бір тілде сөйлейтін халық жасауға тиіспіз.

Яғни аралас және аз ұлттарға арналған мектептерді жауып, тек қазақ тілінде білім беруге мәжбүрлеу керек. Сонда ғана бір тілде сөйлейтін халықтың бірлігі күшеймек. Ал, олай болмай осы бетімізбен жүре берсек, ұлтаралық кикілжіңдер көбейіп, түбі тұтастығымызғада қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан ішкі саясаты бекемдейтін кез жетті.

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6200