Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5805 11 пікір 24 Маусым, 2020 сағат 14:48

Жекеменшік мектептер қай тілде оқытады?

Фото: astana-akshamy.kz

Мақаланы жазуға Бурятиядан келген профессордың: «Менің ұлым бірде менен өзі оқып жүрген мектебіне қазақ тілін оқытудан босатып, орнына испан тілін оқуы үшін арыз жазуымды өтінді. Ол оқитын халықаралық мектепте бұлай етуге әбден болады. Біз ұлымыз екеуіміз ұзақ әңгімелестік, мен оған суын ішкен жеріңнің тілін құрметтеуге тиіссің деп санасына құйдым. Әрі бұл тілді білуің болашақта өзіңе керек пе, керек емес пе ол маңызды емес деп істі бір жайлы еттім» деген жазбасы түрткі болды 

Бұрынғы министр неге ағлышын тіліне жабысып қалды десек, тек осы тілде ғана оқытатын, санаулылардың ғана қалтасы көтеретін халықаралық элиталық білім ошақтары елімізде тамыр жайыпты.

3-тен 17-і жасқа дейін аралықта 12 жылдық білім беретін балабақшасы, мектеп алды дайындығы бар әм бітірген соң, амарикалық үлгідегі аттестат беретін - QSI INTERNATIONAL SCHOOL. Әлем бойынша 37 мектеп болса, соның төртеуі біздің елде: Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атырау 

Баланы әкеліп, апарып салатын, тамағын қамтамасыз ететін QSI INTERNATIONAL SCHOOL-да оқудың бір жылдық құны – орта есеппен 25 000 $ болады. 

Алматы (2008 жылдан бастап), Нұр-Сұлтанда (2011 жылдан бастап) әуелі 11 сыныптық халықаралық аттестат беретін, одан кейін 12-13 сыныптарда университет алдылық Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасын меңгерту үшін оқытатын британдық үлгідегі - HAILEYBURY SCHOOL. 

Бұл мектепте шәкірт пен ата-ана үшін орыс, ағылшын және қазақ тілінінің біреуін білім беру тілі ретінде таңдауға мүмкіндік беріледі. HAILEYBURY SCHOOL балабақшасы мен бала жас ерекшелігіне қарай бағасы төрт түрлі төленімге құрылған: 10 540 $,  20 030 $ және 30 660 $. 

Аталған екі қалада Тұңғыш Президент қоры құрған «МИРАС» Халықаралық мектебі бар. 11-12 сыныпты ағылшын тілінде ғана оқиды. Бір айлық білім беру құны 534 мың теңге.

Қос елордада ұзын саны 83 мемлекеттік емес білім ордасы бар. Оларда бір оқушының білім алуының бір жылдық бағасы 900 мың мен 8,1 млн теңге аралығында. Және осы білім ошақтары басшылығы мен құрылтайшыларының қазақ тілінде білу беруге құлықты-құлықсыздығын құзырлы орындардан ешкім тексеріп әм бақылау жүргізген емес.   

Тек Forbes Kazakhstan ғана 2014 жылдан бері үздік ТОП 20 рейтингісін жариялаумен ғана шектеліп отыр. Оның үстіне оның тізіміне тек Алматы мен Нұр-Сұлтан мектептері ғана ілінеді. Қалғандарында қазақ тілінде білім берудің не болып, не қойып жатқанын бір құдай білсін. 

Сонымен, жоғарығда аталған мектептерде ең азы 200-ден, ең көбі 2607 оқушыға дейін оқиды. Шәкірттердің оқу ақысы ай сайын 194 мыңнан 810 мыңға дейін. Жеке меншік мектептердің жылдық табысы 616 млн-нан 7 млдр.11 млн. дейінгі аралықты құрайды. 

2018 жылғы дерек бойынша Алматы облысында – 8, Шымкенте – 7, Таразда – 3, Қызылордада – 1, Қарағандыда– 1, Теміртауда – 1, Ақтауда – 5,  Атырауда – 2, Ақтөбеде – 7, Оралда – 3, Петропавловскіде – 2, Өскеменде – 4, Семейде – 2, Қостанайда – 4, Ақмола облысында – 1 жеке меншік мектеп бар екен.

Бірақ аталған мектептерде көп жағдайда мемлекеттік тілде оқытуға әм білім беруге құлықы жоқ. Оны оқушы мен баланың таңдауына қалдырып, қарап отыратын әдеттері бар. Бұған қазақ билігі ендігі жерде көз жұма қарамайды деген ойдамыз. Қазіргі орыс-ағылшын тілді жекеменшік мектептерді жауып, құрылтайшыларынан қазақ-ағылшын мектептеріне айналдыруды төтесінен қоятын кез келді. Осы елеулі проблемаға елімізде тіркелген бірде бір саяси партияның құлық танытпауын немен түсіндіреміз. 

«Ел болам десең бесігіңді түзе» дейді бабамыз. Жеке меншік мектептерге қатысты сол бесік түзелмей тұр ғой!? 

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394