«Қазақстанда демократия нығайып келеді»
Трамп Президент қызметіне кірісе салысымен бүкіл әлемнің үкіметтеріне демократиялық реформаларды жүргізіп, бостандық, әділеттілік, теңдік құндылықтарын өрістету қажеттігін анық байқатты. Оның президенттік үгіт-насихат науқанындағы баптардың бірі - сыртқы саясат бағытына байланысты оқшаулану позициясы болды. Бұл ретте ол үкіметтің шет елдердің ісіне араласа отырып, көп мөлшерде жұмсаған адами және қаржылық ресурстарын тілге тиек етті. «Ұлт құрылысы» - Буш дәуірінің мантрасы, тап осындай жағдай шет елдерде демократияны ілгерілетудің жалғыз мүмкіндігі ретінде қарастырылған кезең өткен уақыттың еншісінде қалды.
Ол елдер мен олардың лидерлерінің өз мемлекеттік органдары мен жүйелерін демократияландыру жөніндегі іс-шараларды дербес қабылдайтын жүйені қалыптастырды. Мұндай әрекеттерді ынталандыру мүмкіндігі олар үшін ерекше сипатқа ие. Сондықтан да ол осындай жүйені құруға ұмтылады. Орта Азиядағы мемлекеттердің бірі - Қазақстан соңғы жылдары елеулі демократиялық реформаларды жүргізген елдердің жарқын мысалы іспеттес.
Президент Трамптың 2018 жылдың қаңтарында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ Үйде қабылдағаны мәлім. Елдің саяси процесстерде демократиялық реформаларды жүзеге асырғысы келетін ниетін танытып жатқан бірегей траекториясын ескерген әкімшіліктің Қазақстанға деген қатынасының ерекше екенін атап өткен ләзім.
Елдің жетекші партиясы «Nur Otan» биылғы тамызда Қазақстанда өтетін саяси праймеризінің алдында ашық және саяси бәсекеге, саяси процесстегі азаматтық белсенділікті арттыруға, сондай-ақ, әйелдер мен елдегі жастардың мүмкіндігін кеңейтуге арналған бірқатар бірегей демократиялық хаттамаларды бекітті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция тұлғаларының алдында бұл реформаларды қорғады. Қазақстан тарихында ашық праймериз тұңғыш рет өткелі отыр. Бұл жетекші партия үміткерлері мен қоғамдағы азаматтар арасындағы өзара тиімді әрекеттерді жеңілдетуге көмектеседі. Бұл модель сонымен бірге үміткерлерді шет елдік тұлғалар тарапынан қаржыландыруға тиым салу үшін қабылданған нақты іс-шаралардың арқасында үміткерлер арасындағы бәсекелестікті жандандыра түседі.
Сонымен қатар үміткерлер арасында міндетті түрде ашық дебаттар өткізіліп, оны барлық азаматтар көре алатын болады. Бұл өз кезегінде азаматтарға дауыс беру кезінде дәйекті шешім қабылдауларына мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл пікірсайыстар «Nur Otan» партиясының Қазақстанда қалыптастырған және енгізіп жатқан жүйенің демократиялық сипатын қолдауға жағдай туғызады.
Бастапқы іріктеу процесі үшін партия қолданысқа енгізген квоталар жүйесі Қазақстан басынан өткеріп жатқан демократиялық реформалар мен дамудың ауқымдылығын көрсетеді. Бастапқы процессте қалай болғанда да үміткерлердің 30%-і әйелдер, 20%-і жастардың арасынан болуы тиіс. Бұл қос квотаны қалыптастыруға арналған негіздің екі түрлі сипаты бар.
Біріншіден, әйелдер квотасы олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, саяси және азаматтық процесстерге араласуына мүмкіндік береді. Жастарға келетін болсақ, бұл өз кезегінде оларды сайлауға және демократиялық процесстерге қатысуға итермелейді. Праймериз жас ұрпаққа шынайы мүмкіндігі бар үміткерлерді таңдап, оларды жетекші партияның басшылық орындарына сайлауға және үкіметтің шешімдеріне қатысуына жағдай туғызады.
«Nur Otan»-ның мұрындық болуымен жүріп жатқан бұл реформалар - Қазақстанда қалыптасып келе жатқан жаңа саяси мәдениеттің бір бөлігі. Бәсекелес саяси философиялар мен көзқарастарды білдіретін бәсекелес үміткерлері бар партия елдің мүддесін қорғайды. Бұл дамып келе жатқан демократиялық мәдениет түрлі көзқарастар мен пікірлерге, көпшілік арасындағы азаматтық белсенділікті қолдауға мүмкіндік береді.
Тап осындай сайлаудағы квоталар тәжірибесі Бельгия, Франция және Германия сияқты дамыған Батыс Еуропа елдерінде болғанымен, бұл - Орта Азия елдерінің ішіндегі дамып келе жатқан Қазақстан сияқты мемлекет үшін бұрын-соңды болмаған фактор. Бұл - барша демократиялық реформаторлар мен белсенділер үшін сеңнің қозғалуы іспетті күрделі құбылыс.
Америкалық ретінде менің біздің одақтастарымыз сияқты басқа халықтардың да біздің бағалы демократиялық моделіміз бен сайлау процесінен үлгі алуға ұмтылғанғандарына көңілім сүйсінеді. Өз саяси жүйесінде ғұмыры ұзақ және тиімді болатын демократиялық реформаларды өрістетуге қатысты бастамаларды өз қолына алған Қазақстан сияқты елдер көңілге көп үміт ұялатады. Бізге осындай талпыныстарға назар аударуға және қажет болған жерде тиісті мойындауды қамтамасыз етуге байланысты зор жауапкершілік жүктелген. Қазақстан, атап айтқанда, «Nur Otan» саяси партиясы үлкен құрметке лайық.
Джесси Джейн Дафф,
АҚШ Теңіз жаяу әскері корпусының 20 жылдық тәжірибесі бар ардагері, Лондон саяси зерттеулер орталығының қызметкері және Трампты қолдаушы Ардагерлер кеңесінің тең төрағасы.
Abai.kz