Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2789 0 пікір 22 Қараша, 2011 сағат 04:48

Серік Елікбай. Әбіш аға, кешіріңіз бізді...

Қазақ қоғамы алдында атап көрсетер Ағалар қалмай барады... Көз алдымызда кең иық ағалар кіші тартып, бары бордай тозып бара жатқандай. Кім жайында айтсаң да қасыңда тұрған біреу сен білмес құпияларды қопарып, лағынет айтып, ластап шыға келеді. Топ жұртқа, топан сөзге тоқтау жоқ. Сол жерде тұрып өзің ала өкпе боп, білмейтін, көрмеген бір марғасқа Ағаң да, соның тегін ақтаушысы Сен де шетке қағылып, атақсыз  ақымақ  болып « таланған иттеніп » желкең үзіліп қала бересің. Ал ағаларың көз алдыңда кетіп жатыр... Ақылы кемел Рымғали ағам, ақсүйек мінез, сахидың соңы, серінің соңы Ақселеу ағам, Тұнық жырдың тұмасы Тұманбай ағам, Қара сөздің ханы, сұлу сөз сұлтаны Қадыр ағаларым аз уақыт ішінде Ғайыпқа сіңіп, тіршілікті тәрк етті.

Қазақ қоғамы алдында атап көрсетер Ағалар қалмай барады... Көз алдымызда кең иық ағалар кіші тартып, бары бордай тозып бара жатқандай. Кім жайында айтсаң да қасыңда тұрған біреу сен білмес құпияларды қопарып, лағынет айтып, ластап шыға келеді. Топ жұртқа, топан сөзге тоқтау жоқ. Сол жерде тұрып өзің ала өкпе боп, білмейтін, көрмеген бір марғасқа Ағаң да, соның тегін ақтаушысы Сен де шетке қағылып, атақсыз  ақымақ  болып « таланған иттеніп » желкең үзіліп қала бересің. Ал ағаларың көз алдыңда кетіп жатыр... Ақылы кемел Рымғали ағам, ақсүйек мінез, сахидың соңы, серінің соңы Ақселеу ағам, Тұнық жырдың тұмасы Тұманбай ағам, Қара сөздің ханы, сұлу сөз сұлтаны Қадыр ағаларым аз уақыт ішінде Ғайыпқа сіңіп, тіршілікті тәрк етті.

Барын бермей ер кетті, қадірін білмей ел кетті...

Нарыққа бұрылып, экономиканы бірінші орынға қойған біздің қоғам, өкіметтің саясаты кесірінен рухынан жұрдай, тілі қырмай тұрған жұрт байқамай қалды. Ұлт көсемдері   уыстан кетіп, естен ұмыт болуда. Өкінішті.

Жазамыз да, қазамыз да алдыда.
Өткен жолы сайттарды ашып отырып Әбіш аға Кекілбаев жөніндегі материалдарды оқыдым.

Тілі қазат, ойы азат « Азаттық » сайтындағы мақалада, жазарман уын аямай төгіпті, тілі жеткенше уыты өткенше, қаламын қанға салыпты. Құшарлана, ләззат ала, қалауын қандыра жазыпты. Қазақты қойдай қырған Ермак, Колпаковский, фон Таубе, 2 Николай, Анненков, Голощекин, Сталиндер туралы мұндай мақала көргенім жоқ. Мақала иесі ағаш оғын аямай атқан жан қазақтың бір туар ұлы Әбіш аға Кекілбаев! Иә, алпысыншы жылдары әдебиетке еркін еніп, төрін оңай жайлаған Ә.Кекілбаевты ел егемендігін алғанда жабыла талап жатырмыз. Қ.Жұмаділовтің бір замандасы айтқандай:  « Мен ұйғырлардың ақымақ екенін білетінмін, бірақ осынша ессіз деп ойламаппын ». Иә, Қазақстанда мәдени     революция жүріп жатыр. Ұлттың алдыңғы маңдайға басқандары, соңғы таңдайға басқандары ақпарат беттерінде  жоспарлы түрде ұрылуда, соғылуда, жазым етілуде. Біз  үнсізбіз. Алпысыншы жылы шыққан әрбір қаламгер бүгінгі бостандықтың бастауы. Әбіш, Мұхтар,  Қабдеш, Сайын, Оралхан, Мұқағали т.б. Ағалар біздің ұлттық құндылығымыз.  

Мұнай, көмір, су, металл қазақтікі емес, ақшалынікі. Ол тауар. Ал Әбіш, Оралхан, Қабдеш, Мұхтар қазақ сенікі. Тек сенікі.
Бүкіл жұрт Ә.Кекілбаев анау екен, мынау екен, шөп екен, сабан екен деп шулауда.  Әбіш аға Кекілбаевқа қояр кіналары -  «Елбасының қолын сүйіпті ». Сөз - ақ...
Кешегі қазақ Романовтардың үш жүз жылдығында шабылып, шашылып  қалған. Ленин өлгенде жылаған қазақ әкесі өлгенде олай жыламаған. «Атам өлсе қойылар » деген ел Сталин өлгенде бірге өліп қала жаздады.

Пойыз соғып барып, Лениннің қатып семген денесіне басын иіп қайтқандар арамызда.
Алдыңғы ложаға апарып отырғызған Н.Бонапарттың қолын ұлы Гете де сүйген.  Алдыңғысы басқыншы француз, соңғысы жеңілген неміс еді.
Сүйсе, осы елдің тұңғыш президенті, өзі де бірге құрысқан елдің басшысының қолын  сүйді емес пе. «Өзіңді өзің жаттай сыйла ». Моңғол хандарының етегін сүюге таласқан орыстар Невскийлерін, Иван Қалтасын, Донскойын далаға лақтырып тастаған жоқ.
Ә.Кекілбаев ұлы жазушы, туа бітті сыншы бұған қоса қоғам қайраткері. Қазақтың шашылған уығын қайта жинап ел ету өте қиын болды. Дәл сол кезде шалғай әкімдікте істеген жандар үйлеріне түнгі бір, екіде қайтатын. Ал астанада жүргендер сөткелеп ұйықтамайтын...
Егемен елдің еңсесін көтерген бұқа мойын, піл сауырлы ағаларға рахметіміз - осы. Ұлы Әбіштің етігіне шеге боп қағылуға жарамайтын саудайы сөз, арзан аламан толассыз талауда...
Қорқыныштысы сонда, билік басында жүрген ағалар ақборанда қалды . Мырзатай, Иманғали, Әбіш, Құл - Мұхаммед, Бекболат секілді сүйекті ұлдарды бір жат қол көз алдыңнан, аренадан ығыстыруда. Біз  « неге біз осы осындаймыз?» деп Оралханша ойланудың орнына шаптап, санымызды ұрудамыз. Ал олар кетсе...орнына бөтен жұрт, жат тілді жандар келері айдан анық. Басы кеткен жан, шашы туралы ойлана да алмас.
Ағалар... Әбіш ағаның қасында жүргендер, мені қорқытады. Бәрі  үнсіз қалды. Сол керектің сиқындай. Батыстың ойшылы айтады: «Билікке фашистер келді. Біздің көшеде тұратын коммунисті ұстап әкетті, содан соң еврейді, славянды. Мен ештеме деген жоқпын. Ең соңында мені тұтқындады. Айғайладым. Көмектеспек түгілі дауысымды еститін ешкім де жоқ еді...»
Шеткі ауыл көшсе, ортаңғы ауыл шет...
Әбіш аға...Асыл ағам...Дегдарым...
Артық - кем сөйлеген ұлт балаларын кешіріңіз. Қазір бәрімізге де оңай емес.
P.S.    Әбіш ағаны Айгүлдің кешінде көріп қалдым. Сіз мені танымайсыз. Аман болыңыз.
ҚОЛЫҢЫЗДАН СҮЙДІМ...

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449