Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2777 0 пікір 21 Тамыз, 2020 сағат 18:51

Әл-Фараби тойы. Мемкомиссия қандай шешім қабылдады?

Биыл елімізде ұлы ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай маңызды шаралар өтіп жатыр. Бәріміз білетіндей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ғұламаның мерейтойына аса мән беріп, өзі тікелей қолдау білдіріп отыр. Президенттің бастамасымен биыл жыл басынан бері еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар өтіп жатыр.

Аталған іс-шаралардың бір парасы ғалымның баға жетпес мәдени мұрасын жинап, зерттеу болса, тағы бір парасы ғұламаның өсиетін бүгінгі өскелең ұрпаққа ұғындыру, болашақ жастарға жеткізу болып отыр. Бүгінгі күннің талабы ғылым мен білімі дамыған өркениетті ел құру болып отыр. Сол үшін де бұрынғыдай ойын мен той қуудан гөрі ғылым мен білімнің соңына түсу кезек күттірмейтін мәселе. Сол үшін де ұлы ғалым атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалып отыр.

Сонымен қатар елдің ғылымы мен білімін дамыту барысында тынбай тер төгіп жүрген ғалымдарды қолдау мақсатында әл-Фараби таныдағы мемлекеттік сыйлық беру қолға алынды. Осы арқылы ғылым-білім саласында еңбек етіп жүрген мамандарды мемлекет тарапынан қолдау көзделіп отыр.

Жақында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысын төрағалық етіп өткізді.

Аталған комиссия әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған алты жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен танысты. Мұнда келесі үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарын қарады. Олар:

- медицина ғылымдары бойынша;

- қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша;

- жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша.

Мемлекеттік хатшының төрағалымен өткен комиссия отырысының қорытындысы сай мынадай шешім қабылданды. Ол бойынша, 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған еңбектер алдын-ала іріктеуден өтуі керек. Содан кейін осы жұмыстардың нақты тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықты әл-Фараби атымен атау кездейсоқ таңдалған жоқ. Отырар даласының ұлы перезенті әлемдік ғылым мен білімнің дамуына өшпес үлес қосқан тұлған. Әбу Нәсір әл-Фараби әлемдік деңгейде ғаламның екінші ұстазы деп мойындалған. Ендеше өзіміздің ұлы ғалым бабамыз атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындап, оны ғылым саласында жетістікке жеткен мамандарға беру - өте орынды шешім деп есептейміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437