Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2387 0 пікір 13 Желтоқсан, 2011 сағат 12:25

Бейбіт Аят. Жаһандану және көршілердің тынысы (басы)

Ғаламдастыру оқшауланып өмір сүрудің мүмкін еместігін көрсетті. Өзгерістердің ағыны бір елдің ішінде тұрып қалмай көрші мемлекеттерге де әсерін тигізетінін соңғы уақыттағы дүниежүзілік саяси оқиғалар дәлелдеп жатыр. Сондықтан біз де көрші мемлекеттердің тыныс-тіршілігіне тоқталуды жөн көрдік.

Ресей. Солтүстік полюсті доға тірізденіп жартылай қоршап жатқан, планетамыздың сегізден бір бөлігіне ие ұлан-ғайыр ел талай зерттеушінің қызығушылығын тудырып келеді. Ресейдің қалыптасуына біздің заманымыздың  IV ғасырында Европаға қоныс аударған ғұндар, бүгінгі Ресей территориясының 80 пайызына қоныс еткен түркі халықтары, одан бөлек славян, фин-угор тайпалары ықпал етті. Бастары бірікпей беталды қырылысып жүрген орыс князьдіктері XIII ғасырдағы Бату ханның жорығынан соң бір орталыққа бағындырылып, Алтын Орданың құрамындағы автономиялы елге айналды. Орда бекіткен низаммен жүріп, салық төлеп тұрды. Діни еркіндік беріліп, дәстүріне қиянат жасалмады. Орыс князьдіктері әркез Алтын Орданың қорғауында еді.

Ғаламдастыру оқшауланып өмір сүрудің мүмкін еместігін көрсетті. Өзгерістердің ағыны бір елдің ішінде тұрып қалмай көрші мемлекеттерге де әсерін тигізетінін соңғы уақыттағы дүниежүзілік саяси оқиғалар дәлелдеп жатыр. Сондықтан біз де көрші мемлекеттердің тыныс-тіршілігіне тоқталуды жөн көрдік.

Ресей. Солтүстік полюсті доға тірізденіп жартылай қоршап жатқан, планетамыздың сегізден бір бөлігіне ие ұлан-ғайыр ел талай зерттеушінің қызығушылығын тудырып келеді. Ресейдің қалыптасуына біздің заманымыздың  IV ғасырында Европаға қоныс аударған ғұндар, бүгінгі Ресей территориясының 80 пайызына қоныс еткен түркі халықтары, одан бөлек славян, фин-угор тайпалары ықпал етті. Бастары бірікпей беталды қырылысып жүрген орыс князьдіктері XIII ғасырдағы Бату ханның жорығынан соң бір орталыққа бағындырылып, Алтын Орданың құрамындағы автономиялы елге айналды. Орда бекіткен низаммен жүріп, салық төлеп тұрды. Діни еркіндік беріліп, дәстүріне қиянат жасалмады. Орыс князьдіктері әркез Алтын Орданың қорғауында еді.

Бату ханның жорығына дейін орыс князьдіктерінің халі аянышты еді.  1204 жылы крест жорықшылары Ватиканның қаржыландыруымен католик дінін үстемдікке жеткізу мақсатында Константинопольды тонады. Содан кейін, неміс рыцарлары жолдарындағы сербтерді, пруссиялықтарды, ливондықтарды аяусыз езіп, Русия мен Балтық жағалауына қарай шеп түзеді. Крестшілердің мақсаты біреу ғана болатын - православия дінін жою. Алтын Ордалықтар алғашқы жорығында Рязань, Владимир, Ростов, Суздаль, Галич, Тверь, Киев князьдіктерін басып алғанымен Новгород, Псков, Смоленск өңірлеріне әлі сұғынбаған еді. Ал, католиктер барлық бағытта майдан ашты: Польша мен Венгрия Галиция мен Волыньге ұмтылды, немістер Новгород пен Псковты алды, шведтер Неваның жағасына келіп бекінді. Тарихшы Вернадскийдің жазуынша князь Даниэль Галицкий мен әскери қолбасшы Александр Невский екі түрлі бағыт ұстанады. «Даниэль - деп жазады Вернадский, - батыс пен шығыстың арасында саяси ойын ойнады. Алғашында Батудың қолдауына ие болып, сыртқы саясаттағы салмағы күрт артып, Батыс оған жағымпаздана бастады. Бірақ, ол Алтын Ордамен байланысты үзіп, Рим папасымен келіссөз жүргізуге көшті. Алайда, оған батыс жақтан ешқандай көмек көрсетілмеді. Саяси сайқалдыққа бой алдырған оның кесірінен Венгрия, Польша, Литва әскерлері оңтүстік-батыс Русияға басып кірді, Волынь мен Галиция ғасырға жуық орыс мәдениетінен ажырап, католик дінінің ықпалында болды». Даниэль Бату ханның қолдауына сүйенгенде жағдай мүлдем басқаша болар еді: Орта және Шығыс Европаға православияны кең жайып, Русияны тік тұрғызу оның қолында тұрған еді, - деп бармағын шайнайды тарихшы.  Даниэл жіберген қателікті әскери қолбасы Александр Невский түзетті.  Ол ордалықтардың діни төзімділігін қаперге алып, орыс православиясын, дәстүрін католик басқыншылардан қорғау үшін дипломатиялық қатынастарды жаңа арнаға түсірді. Батудың ұлы, әрі өзінің діндесі Сартақпен анда болды.

Алтын Орданың адуынды атты әскерімен әскери қуаты артқан А.Невский Рим папасының батасын алып шыққан швед Ярл Биргер бастаған крестшілерді 1240 жылы Неваның бойында талқандады. Арада екі жыл өткен соң мұз қатқан Чуд көлінің үстінде ливон рыцарьларын қырғынға ұшыратып, оларды Копорья мен Псковтан қуып шықты. 1245 жылы Витебск және Торопц аумағында литвалықтарды жеңсе, 1269 жылы орда әскерлерінің қолдауымен Новгородты крестшілерден азат етті. Демек, Бату хан орыс кнняьдіктерін жаулап алу үшін емес, оларды католиктердің азабынан құтқару үшін жорыққа аттанған.

1261 жылы Сарайшық қаласында орыс шіркеуінің епархиясы құрылып, Русия Ордаға рухани-мәдени түрде ықпал етіп, миссионерлік-насихат жұмыстарын жүргізе бастады. Епархия првославтардың мүддесін қорғауға қол жеткізді. 18 жыл өткен соң Мөңке-Темір православия дініне тиіспеу, храмдары мен шіркеу мүліктеріне қол сұқпау жөнінде жарлық шығарды. Епархияның еңбегі текке кетпепті. 1318 жылдан бастап Алтын Ордадағы православия дініндегі хан ұрпақтары мен түркілер Русияға қарай ағыла көшті. Олардың басым көпшілігі князьдің әскери қызметіне қабылданды. Мәскеу діні бір дала жауынгерлерін қатарына қабылдап, ішкі әлеуетін нығайтты. XIII ғасырдың соңында салық жинауды орыс князьдері өз қолдарына алып үлгерді.

Бату ханнан 200 жыл өткен соң Алтын Орда бірнеше бөліктерге ыдырады: Ақ Орда, Астрахан, Сібір, қырым, Қазан хандықтары, Ноғай Ордасы. Осыны пайдаланған Русь күш жинай бастады. Алтын Орда бөлшектенгеннен кейін оның геосаяси мұрасы дербес құрылып жатқан мемлекеттердің біріне ауысуы керек болатын. Бұл бақ Русияның төбесіне қонды. Ол қалай қонды, Мәскеу бұл мәртебеге қалай жетті деген сұрақтарға уәж айтушылар өте көп. Алтын Орданың ыдыраған хандықтарын бірінен соң бірін жаулап алатындай құдірет орыс ағайындарға қайдан келді? Орманның ішінде аюдың терісін жамылып адасып жүрген, Бату ханның арқасында бастарын әзер құраған елдің саяси салмағының артып кету себебі неде?

Ғалым Мұрад Аджи әйгілі еңбегінде 1589 жылы Федор Иоановичтің тұсында Константинополь патриархы Иеремидің Мәскеу патриархиясын құрғанын айтады. Константинополь құлаған соң бас сауғалап келген патриархтың Федор патшаға айтқанын зерттеуші В.О. Ключевский былай келтіреді: «Ұлы Римді ерестер құлатты, екінші Рим - Константинополь агарян ұрпақтары мен түркілердің қолына өтті. Енді сенің Ұлы Ресейің - Үшінші Рим! Айың оңыңнан туды!». Сөйтіп, Константинопольдан қашып келген патриарх мәскеуліктердің көңіл түкпірінде бықсып жатқан беделсіз менмендікке май құйды. «Үшінші Рим» деген идеяны ең алғаш константинопольдік гректер емес, XVI ғасырдың басында өмір сүрген псковтық монах Филофей ұсынған болатын,- дейді Мұрад Аджи, - идея Мәскеулік Русияның саяси теориясына айналып, ол әлемдегі мінсіз, кіршіксіз христиандық патшалық деген көзқарасты білдіретін». Аталған идеяны  Константинополь  күйреген соң қайыршыланып кеткен қашқын гректер өз қажеттеріне жаратқан.

Византиялықтар алып келген христиан діні Исаны Құдай деп сенетін. Ал, ислам діні келгенше түркі даласында қанат жайған христиан дінінің несториан тармағы Исаны Құдай дәрежесіне көтермейтін. Бойтасалап кірген христиандықтың батыстық үлгісі славяндардың бойындағы үстемдікке жетуге құштар ниетпен астасып, ордадағы түркі христиандары алып барған христиандықтың шығыстық үлгісін ығыстырып шығарды.

Европаның түкпірінен келген идеологтардың демеуімен 1666 жылы түпкілікті жүзеге асқан Шіркеу реформасы билікті батысшылдардың қолына берді. Реформаның нәтижесінде шіркеудің билігі әлсіреп, мемлекеттік аппараттың үстемдігі артты. Мемлекеттік билікке келгендер батысшыл болып, христиан түркілері (әсіресе, казактарға) мен мұсылмандарға қысымын күшейтті. Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауынан келген босқын ретінде келген пірадардың жымысқы жел сөзі осылайша Русияны желпінтті. «Христиан дінін дұрыс түсінбейтін» діндестеріне жорық жүргізді. Иван Грозныйдың тұсындағы «Опричинина» саясаты Ресей жерінде қоныс тепкен түркі текті халықтардың басына қара бұлт үйірілтті. Озбыр саясаттың нәтижесінде Қазан, Сібір, Астрахань, Қырым хандықтары бірінен соң бірі жаулап алынды. Ұзаққа созылған қырғи-қабақ аңдысудан кейін, бір жарым ғасыр бойы толассыз отарлау жұмыстары жүргізіліп, қазақ жері де орыс патшалығының құрамына енді. Біраз ғасыр бұрын орыс жерін католик рыцарларынан қорғап қалған алтын орда аламандарының ұрпақтарын орыс отаршылдары аяусыз қырғынға ұшыратқаны тарихтан белгілі. Одан бергі орыс-қазақ қатынасы қазақ халқының жадында өшпестей із қалдырған тарих беттеріне жатады.

Бұрынғы патша өкіметі мен кешегі Кеңес өкіметінің тікелей мұрагері - Ресей - біздің солтүстіктегі Құдайы көршіміз. Бізден басқа тағы 17 елмен шекараласады. Жер бетіндегі орыстардың 86%-ы өз елінде - Ресейде өмір сүріп жатса, 14%-ы шекара сыртында. Шетелдегі орыстардың басым көпшілігі Украина мен Қазақстанда. Ұлан-ғайыр елдің халық саны - 142 миллион адам. Осыдан тура он жыл бұрын (2001 жылы) 145 миллионға тең болатын. Әр отбасыға 1,17 баладан келеді. Ресейліктердің орташа өмір сүру ұзақтығы 59 жас. Әрбір аяғы ауыр 3 әйелдің 2-уі аборт жасатады. Өлім деңгейі туу деңгейімен салыстырғанда 70%-ға жоғары. В.Путин мәлімдегендей: «Егер кәсіби мамандардың дереккөзіне сүйенсек он бес жылдан кейін ресейліктер 22 миллион адамға азаяды. Бұл Ресей халқының жетіден бір бөлігі». Мамандардың дерегінше ресейліктер 2016 жылы 123 миллионға кеміп, 2050 жылға қарай тағы 33 милллион тұрғынынан айырылмақшы. Ресейде 180-нен астам ұлт бар және ол ұлттардың барлығы өз атамекенінде өмір сүруде. Кремльдің алдында тұрған ең күрделі мәселелер: демография мен елдегі ұлтаралық қатынасты реттеу. Алькоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, ажырасу сияқты кеселдер алып державаның тамырына балта шауып жатыр. Жырақтағы орыстардың туған еліне қоныс аударуы соғыссыз жусап жатқан отандастарының орнын толтыра алмады. Ресей Федерациясы құрамындағы 21 автономиялық республика тәуелсіздіктен дәмелі. Шешен халқының басындағы ауыр зардап ғана олардың меселін тежеп отыр.

КСРО-ның сұсты әскери арсеналдары мен тісқаққан тәжірибелерін мирас ғып алып қалған Ресей Федерациясы әлі де айбарлы. Халқы қартаю процесін өткеріп жатса да бәз баяғы үстем ұлт мәртебесінен айырылғысы жоқ. Ресейдің бүгінгі тыныс-тірішілігінде көптеп көзге ұшырасып жатқан әскери патриоттық сарындағы  әндер, кинолар, кітаптар соның дәлелі. Ресей кеңестік кеңістіктен тек әскери құралдар мен нысандар емес, сонымен қатар Путин, Медведев сияқты КГБ-ның түлектерін мұра ретінде алып қалды. КСРО-ның сүйегі сынғанмен, сұсы әлі Ресейдің қабағында тұр. Қазақстанға Ресей тарапынан келетін қауіп дәл осы сұста. Біртұтас экономикалық кеңістік, кеден одағы тәрізді ұйымдар Кремльдің жан-жағына ызалана шашқан жанары. Ортақ тариф бағамдарын, тауар бағаларын белгілеу Мәскеудің қолайына сай реттеледі. Қазақстанның ОБСЕ-ге төраға болуын Ресейдің қос қолдап барын сала қолдауы «Біз бір кеменің ішіндеміз, бізбен бірге боласың» дегені еді. Өйткені, Қазақстанның мемлекетті басқару жүйесі, саяси құрылысы, нормативтік-құқықтық базалары Ресейдікімен өте ұқсас. Саяси, экономикалық, құқықтық құрылымдардың батыс европа елдерінен гөрі Ресейге қатты ұқсауы Мәскеудің шеңгелінен құтыла алмай жатқанымыздың айғағы. Қазақстан сол себепті Ресеймен ымырада өмір сүруге мәжбүр.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522