Давидке дауа бар ма?
Павлодар облысының прокуроры
Сартаев Дастан Шаймерденұлына
А Р Ы З
Құрметті облыс прокуроры!
Сізге Павлодар облысының бірқатар тұрғындары еліміздегі ең жоғарғы қадағалаушы орган өкілі ретінде осы арызды жолдап отырмыз.
Еліміздің Бас Заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабы, 1 бөлігінде, Прокуратураның мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыратыны, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданатыны көрсетілген.
Сізге арыз жазып шағымдануымызға негіз болған жағдай, төмендегіше:
Павлодар облысының прокуроры
Сартаев Дастан Шаймерденұлына
А Р Ы З
Құрметті облыс прокуроры!
Сізге Павлодар облысының бірқатар тұрғындары еліміздегі ең жоғарғы қадағалаушы орган өкілі ретінде осы арызды жолдап отырмыз.
Еліміздің Бас Заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабы, 1 бөлігінде, Прокуратураның мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыратыны, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданатыны көрсетілген.
Сізге арыз жазып шағымдануымызға негіз болған жағдай, төмендегіше:
Павлодар облысының жергілікті «Наша Жизнь» газетінің 1 желтоқсандағы №48 санында «Детишкам про любовь» атты мақала жарық көрді. Оның авторы, қалалық №8 лицейде математикадан сабақ беретін ұстаз, Давид Ганелиннің пайымдауынша, әнұран мен оны орындап тұрған адамның тұрысы жыныстық сезімді қоздырады екен. Қазіргі кезде аталмыш жайт туралы мақала «Абай.кз», «Маса.кз» интернет газеттерінде жарияланып та үлгерді. Мақалада көтерілген мәселе - халықтың, әсіресе қазақ ұлты өкілдерінің ашу-ызасын тудырғанын анықтау үшін сол мақалалар астындағы пікірлерді оқыса да жетіп жатыр.
Мақала авторы Давид Ганелин өзінің осы әрекеті арқылы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық Заңының 9 және 13 баптарының талаптарын өрескел түрде бұзып отыр. Аталған заң нормаларына сәйкес, мемлекеттiк Гимн көпшiлiк алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды - деп нақты көрсетілген.
Ал, аталған Заңның 13 бабының 1 бөлігінде, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеуге мiндеттi - делінсе,
сол баптың 2 бөлігіне сәйкес, азаматтыққа және отансүйгiштiкке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеудi қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәнi мен маңызын түсiндiру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарының негiзгi жалпы бiлiм беру бағдарламаларына енгiзiлетіні де нақты бекітілген.
Жоғарыда аталған заң нормалары императивті нормалар қатарына жататындықтан, ол баршамыз үшін міндетті және талқылауды қажет етпейді.
Осы Заңның 15 бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соғады - делінген және ол үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 317 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк гимнiн қорлау - екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Біздер, Павлодар облысының тұрғындары төмендегі негіздер бойынша мақала авторы Давид Ганелиннің әрекетінде қылмыстың барлық құрамы бар деп есептейміз;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 20 бабы, 2 бөлігінде, егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе және осы зардаптардың болуын тiлесе, қылмыс тiкелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады - делінген.
Біздің жағдайда, Д.Ганелин Мемлекеттік гимнімізді ашық түрде қорлады және оны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әдейі таратты, сол арқылы, мемлекет құраушы ұлт қазақ қана емес, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін әрбір Қазақстандықтың ар-намысы мен патриоттық сезімдерін аяқ асты етті және осындай құқықтық салдарын болуды тіледі. Сондықтан, Д.Ганелин осы қылмыстық әрекеттерін тікелей ниетпен қасақана түрде жасады деуге толық негіз бар.
Сонымен қатар, халық арасында іріткі салатын мақаланы әдейі таратқан «Наша жизнь» газетіне қатысты да прокурорлық тексеру ұйымдастырып, тексеру кезеңінде аталған газеттің қызметін уақытша тоқтата тұру туралы шешім алуыңызды сұраймыз. «Абай.кз» ақпараттық порталында жарық көрген Сайлау Байбосынның мақаласында газет редакторы Елена Васильченко, өз әрекеті үшін кешірім сұрамақ түгілі, өздерін мысқыл күлкімен қарсы алғаны көрсетілген. Оның айтуынша, мақала авторы Д.Ганелин деген адам газеттің тұрақты авторы және Ресейдің белгілі сатиригі Жванецкийдің стилімен жазады екен-мыс. «Ол Жванецкийге қатты еліктейді және онымен ұлты бірге екенін де жасырмайды»-деп мақтанышпен хабарлаған редактор: «Мақалада тұрған түк те жоқ. Отанды сүю әнұран айтумен ғана шектелмейді, ол тереңнен бастау алатын сезім»-деген пікір айтқан.
Яғни аталған жағдай, газет редакторының ойы-ниеті Д.Ганелинмен бір екендігін, газет басшылығының осы мақаланы жариялату арқылы қоғам үшін қауіпті зардаптардың болуын тілегені анық көрініс табады.
Сол себепті, Сізден мақала авторы Давид Ганелинді және «Наша жизнь» газетінің редакторы Елена Васильченконы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 317 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз!
Құрметті облыс прокуроры!
Сізге осы арызды бере отырып, ол бойынша шешім қабылдау барысында мына мәселелерді мықтап ескеруіңізді сұраймыз;
1. Д.Ганелин және Е.Васильченко ханым аяқ асты еткен Республикасының
Мемлекеттік рәміздері туралы заңы - жай қатардағы заң емес, Конституциялық заңдар қатарына жатқызылған.
2. Аталған азаматтардың бұл әрекеті тек Павлодар облысының ғана емес,
барша Қазақстан жұртшылығының ашу-ызасы мен намысына тиіп отыр. Ол жағдай өз кезегінде, ел арасында іріткі салуға бірден-бір негіз болуы мүмкін.
3. Д.Ганедин мен Е.Васильченконың бұл әрекеттері Тәуелсіздіктің 20
жылдығы мерейтойы қарсаңында әдейі ұйымдастырған шаралары болуы әбден мүмкін. Ондағы мақсаттары, 1. Қоғамның реакциясын тексеру болса, 2. Мемлекеттің пәрмені қаншалықты екенін анықтау үшін ұйымдастырылуы мүмкін.
4. Біз, осы арызға қол қоюшылар бұл мәселені ешқашанда назардан тыс
қалдырмаймыз және осы арызды қолдаушы азаматтардың қолын жинайтынымызды ашық түрде мәлімдейміз. Өйткені біздің талабымыз толық заңды және негізді.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, Сізден арыз бойынша нақты және түрпкілікті шешім қабылдауды және ол шешімнің қабылдануын созбашылыққа салмауды сұраймыз!
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу Кодексінің талаптарына сәйкес, бұл мәселенің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, осы арыз бойынша қабылданған шешім немесе тексеру барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықты хабарландырып отыруыңызды сұраймыз.
Арызды дайындаған:
Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар
алқасының мүшесі, адвокат А.Т.Құспанов
арызға қол қойғандар:
Қабден О. Республикалық Айқын газеті, жорналшы
Бейсенбай тегі Р.З. «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ, павлодар облысы ф-лы атынан
Тойшыбай А. «Оян намыс» жорналшысы
Байбосын С. «ЖасАлаш» газеті тілшісі, ақын, ЖО мүшесі
Нурсеитов С. тіл жанашыры, қоғам қайраткері
Рамазанұлы Т. тіл жанашыры
Нұрбаев Қ.Ж. тарих ғ.д., профессор
Зауыт Б. «Дүние жүзі қазақтарының» павлодар облысы өкілі
Әлхан А. Оралмандардың «Асар» РҚБ, павлодар обл. Филиалы төрағасы
Хызыр М. Республикалық «Жас қазақ үні», Май аудандық газеттерінің жорналшысы,
Сахаба Т. Тәуелсіз жорналшы
Сеилханов Қ. «Ұлт тағдыры» РҚБ, павлодар облысы ф-лы атынан
КентаевТ. «Қазақ тілі» РҚБ, павлодар облысы ф-лы атынан
Аябергенов А. ««Қалалардың табиғатын қорғау» ҚБ атынан
Алдабергенов Е. «Ұлан» ҚБ атынан
(осыған әрине жүздеп, мыңдап та жинауға болушы еді, әттең, уақыт...)
«Абай-ақпарат»