Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1913 0 пікір 14 Желтоқсан, 2011 сағат 10:43

Нұра Матай. Ойбай, оралман екен!

Бұл елде заң шығаратын парламент, оған қол қойып, қолданысқа салатын президент, оның орындалуын қадағалайтын прокуратура бар. Бірақ, биліктің ұшар басынан етектегі елге дейінгі аралықта заңға сүйеніп сөз айту, анда-санда «осы айтқаным заңға қайшы, ел азаматтарының, қоғамның тұтастығына кесірі тиетін сөз емес пе осы?!» деп ойланатын бірен-саран адам болмаса, әй, көбінің ойлануға уақыты тапшы секілді. Содан да халықтың тұтастығына сына қағып, азаматтарды бөлшектейтін бұл аз десеңіз, мемлекеттің біртұтастығына қауіп төндіретін сөздер лауазымды, қоғамдық, саяси «тұлғалардың» аузынан жиі шығады.

Мысалы: «Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов: «Партиялық тізім бойынша ұсынылған кейбір үміткерлер - оралмандар. Тізім мен оны тіркеу ертеңге дейін анықталуы керек» дейді. «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбетәлиннің сөзіне қарағанда, партияның тізімінде екі оралман ғана бар. Мәмбетәлин енді партияны тіркеуге қатысты қандай да бір проблема туындайтын болса, ЕҚЫҰ комиссиясына шағымданатындарын айтты» (Азаттық радиосы).

Қуандық мырза үшін оралмандар қазақ емес көрінеді. Тіпті, Қазақстан Республикасының азаматы деп те танымайтын сықылды. Әйтпесе, оралмандар деп анықтама берер ме еді. Сайлаудың екі тізгін бір шылбырын қолына уыстап ұстап отырған Қуандық Тұрғанқұлов «Оралман» атауы заң бойынша, тарихи Отанына қоныс аударған қазақтардың Қазақстан азаматтығына қабылданғанға дейінгі аралықта иеленетін айрықша статусы екенін білмесе керек. Ал, сайлауға азаматтық алмаған адамдар қатысқа алмайтындығы екі бастан түсінікті. Республиканың тең құқықты азаматтарын «оралмандар» әрі «ұсынылған кейбір үміткерлер - оралмандар» деу -  азаматтарды бөлшектеу, қоғамның бірлігіне іріткі салу және кезінде шетелден көшіп келген қазақ демесеңіз, респбуликаның толыққанды азаматы болып саналатын әлгі «үміткер оралманның» барлық құқықтарын аяқ асты ету. Мәмбеталин мырза да сайлау комиссиясы төрағасының сөзін «бүлдіріп» қойған баладай, бақшасына ешкі кіргізіп жіберген адамдай мойындап: «партияның тізімінде екі оралман ғана бар» деп ақталады. Қуандық пен Серікжанға салсаңыз, жер бетіндегі барша қазақтың жалғыз Отаны - Қазақстанға көшіп келген қазақтар - қазақтар емес, Қазақстан азаматы емес, олар - оралмандар екен! Оны құбыжық көргендей көрсетеді.

«Ойбай, оралман екен!» деп шошынғандар бұл екеуі ғана емес. Мемлекеттік билікте де, қоғамда да қандас бауырынан ат-тонын ала қашып, үркетіндер өте көп. Мұның сыры да көп.

Әлбетте, шетелдегі қазақты Қазақстанға көшіріп алу стратегиялық саясатында мін жоқ. Оның орындалуындағы кемшіліктер дәл осы Мәмбеталин мен Тұрғанқұлов сияқты түрлі мемлекеттік, қоғамдық қызметте жүргендердің мемлекеттік санасының, біртұтас қазақтық санасының жоқтығынан. Ой-бой, біз айтып отырған сана кімдерде жоқ десеңізші, тізімін жасап жіберсек, түңіліп кетесіз.

Әрі осы бір «оралман» деген оңбаған сөз заңда нақты, анық жазылса да Мәмбеталин, Тұрғанқұловтарға пішту болып тұр. Әмбесі, көшіп келген ағайындардың ішіндегі пысықтары да «оралман» атауын пайдаланып, түрлі қоғамдық ұйымдар құрып, сол арқылы бизнес жасап алды. Оларға «оралман» атауы пайдалы. Тұрғанқұлов мен Мәмбеталин секілді билік пен қоғамда қалқиып жүрген жүздеген, мыңдаған шенеуніктер мен шенеунік болсам деп түс көретіндер осы жалғыз сөзді жалықпай айтып, заңды бұзып, қоғамға іріткі салып, азаматтарды бөлшектеуін қояр емес. Мұның жуық арада жойыла қоярына күмән көп. Бар саналы ғұмырын қызыл өкіметке деген адалдықпен өтікізіп, тамағы салбырап, көзінің алды көбіктеніп, басын ақ қырау шалып, көкірегі мен көзіндегі оты өшкен шақта Тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметкері болып отырған бұрынғы коммунистер мен қаршадайынан Қазақстанды ұлттар лабораториясы деп таныған, қазақты басқарудың бірден-бір тәсілі орыс үйреткен бұрынғы тәсілдің жаңарған түрі «сен - қазақсың, ол - оралман» деп бір-біріне айдап салу екенін білетін кәнігі комсомолдардың дәуірі жүріп тұрғанда мемлекеттік, қоғамдық, азаматтық, ұлттық сана және біртұтастық деген түсінік, заң деп аталатын қаттама қалың қағаздар мен БАҚ арқылы көлгірсіп, көбік сөзден сәулетті Қазақстан салатын мырзалардың аузынан шығып, желге ұшып кете баратын сөздерінде ғана өмір сүреді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512