Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 14 Желтоқсан, 2011 сағат 11:05

Д. Анарбекұлы. ТІЛГЕ ЖАНЫ АШИТЫН САЯСАТКЕР БИЛІК САХНАСЫНДА НЕГЕ ЖОҚ?

ТІЛГЕ ЖАНЫ АШИТЫН САЯСАТКЕР БИЛІК САХНАСЫНДА   НЕГЕ ЖОҚ ... немесе   МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК    ТІЛДІҢ ПАЙДАСЫНА ШЕШЕЙІК

Ақорда жақтан «Халайық...Мәжіліс депутаттары тарады. Енді сайлау болады!» деген жан айқай шыққанына да үш аптаға жуық уақыт көлемі болып қалды. Әрине, тәуелсіздігіміздің жиырма жылдық мерей тойын депутат ағаларымыз «депутаттық мандатында» отырып, тойлай алмағандығы өте өкінішті. Бірақ  кінәні басқалардан емес, өздерінен іздесін. Соңғы төрт жылда «депутат» деген лауазым бар екенін халық ұмыта жаздады. Оған себептер де бар. Себебі, депутат ағаларымыз халық ұмытпайтындай, есінде қалатын шаруа атқарған жоқ.
Философия ғылымының докторы, профессор, әлеуметтанушы Амангелді Айталының «тілі екі елдің дауы да бітпейді, болашағы да бұлдыр» деген сөзі бар. Тіл мәселесі де айта-айта жауыр болған сыңайлы. Алайда, «жыламаған балаға емшек берілмейді» деген тағы сөз бар. Сондықтан тіл мәселесі түзелмейінше біз жылауымызды тоқтатпаймыз.

ТІЛГЕ ЖАНЫ АШИТЫН САЯСАТКЕР БИЛІК САХНАСЫНДА   НЕГЕ ЖОҚ ... немесе   МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК    ТІЛДІҢ ПАЙДАСЫНА ШЕШЕЙІК

Ақорда жақтан «Халайық...Мәжіліс депутаттары тарады. Енді сайлау болады!» деген жан айқай шыққанына да үш аптаға жуық уақыт көлемі болып қалды. Әрине, тәуелсіздігіміздің жиырма жылдық мерей тойын депутат ағаларымыз «депутаттық мандатында» отырып, тойлай алмағандығы өте өкінішті. Бірақ  кінәні басқалардан емес, өздерінен іздесін. Соңғы төрт жылда «депутат» деген лауазым бар екенін халық ұмыта жаздады. Оған себептер де бар. Себебі, депутат ағаларымыз халық ұмытпайтындай, есінде қалатын шаруа атқарған жоқ.
Философия ғылымының докторы, профессор, әлеуметтанушы Амангелді Айталының «тілі екі елдің дауы да бітпейді, болашағы да бұлдыр» деген сөзі бар. Тіл мәселесі де айта-айта жауыр болған сыңайлы. Алайда, «жыламаған балаға емшек берілмейді» деген тағы сөз бар. Сондықтан тіл мәселесі түзелмейінше біз жылауымызды тоқтатпаймыз.

«Депутат ағаларымыз осынау төрт жылда не шаруа тындырды?» деген сауалымыз жауапсыз қалатыны белгілі. Халықтың есінде қалатындай мәселе көтерген жоқ. Әртүрлі салалардан сайланған ағаларымыз экономика, ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру т.б. біршама мәселелерді көтергендей болды, бірақ жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Ал тіл мәселесіне келгенде депутаттарымыз біраз шорқақтық танытты. Тіл мәселесін ауызға алып, мемлекеттік тіл үшін күйіп-жанып жүрген бір депутат таппай қалдық. Мәселен, тіл туралы заңның жетінші бабының екінші тармағындағы «орыс тілі мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылады» деген тармағын алып тастау туралы мәселені депутаттар арасында таразылағанда 2 депутат қана разы болып, қалғандары қарсы шыққан. Себебі, биліктегі ағаларымыздың ұл-қыздары, немерелері орыс тілінде білім алып жатқанын, шенеунік ағаларымыз сол ұрпақтарының жағдайын ойлайтынын бәріміз білеміз. Егер, еліміздегі бүкіл мемлекеттік органдарда, жұмыс жайларында орыс тілінің ықпалы түсіп, іс-қағаздарды жүргізу тек қазақ тілінде болса, шенеунік ағаларымыздың ұрпақтары жұмыссыз қалатыны белгілі. Әрине, ұлтшылдықты, дінді насихаттап жүрген депутат ағамыз Бекболат Тілеуханды айта кетпесек болмас. Бірақ ол ағамыз да әншілік, жыраулық өнерімен ұлтшылдықты, рухани азықты жастарға сыйлағанмен, өзінің депутаттық жұмысына келгенде «Келін» сияқты фильмдерді сынап, мінегеннен басқа әрі аса алмады.     

Депутат - халықтың таңдаған биліктегі өкілі. Халықтың, елдің мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізуші, мемлекеттегі асқынып бара жатқан мәселелерді жоқтаушы тұлға.  Алайда, біздің депутаттарымыз халықпен байланыс жасамақ түгілі, олардың талап-тілектерін арттарына да қыстырмайды. Мемлекеттік тіл мәселесін көтермек былай тұрсын, парламент палаталарында орыс тілінде көпіреді. Ендеше, ұлтшыл, тілге жаны ашитын депутаттарымыз, саясаткерлеріміз билік сахнасында не үшін жоқ?
Егер тарихқа көз жіберсек, халықты басқарған,  елімізге өз ықпалын тигізіп, саясат жүргізген тарихи тұлғаларымыздың барлығы да ана тілі дегенде жаны шығып, қазақ әдебиеті арқылы ұлтшылдықты бойына сіңіріп өскен екен. Мәселен, «Алашорданы» басқарған Әлихан Бөкейханов 1905 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен жергілікті және қазақ қайраткерлері съезінде қазақ халқына таяудағы басты қажеттіліктердің алғашқыларының бірі етіп, ана тіліне бостандық мәселесін көтеруі жайдан-жай емес болатын. «Тілі тәуелсіз болмай, ұлт тәуелсіз болмайды. Тіл - ұлттық рухтың асыл діңгегі. Ал ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болған да емес, оны тарих көрген де емес» деген Мұстафа Шоқайдың жалынды сөзі тіл мәселесіне бейжай қарауға болмайтындығын көрсетеді.

Ал үш жүздің үш биі Қазыбек, Төле, Әйтекелердің саяси билігі сол кездегі хандардың билігінен де артық жүргенін білеміз. Мәселен, он үш жасар бала Қазыбектің Жоңғардың қоңтайшысы Қалдан-Серенге елшілікке барып: « Біз қазақ елі, мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» деп өлең сөзбен бастап, «Сен - темір болсаң, мен - көмір, еріткелі келгенмін, Қазақ, Қалмақ баласы, табысқалы келгенмін, Бітіміңді бер, болмаса ұрысатын жеріңді айт, Сен қабылан болсаң, мен арыстанмын, алысқалы келгенмін» деп жас болуына қарамастан білдей бір елдің басшысын сөзбен жайратады. Сөйтіп, қолға түскен тұтқындарды босатып, үлкен дипломатиялық жеңіске жетеді. Қазыбек бидің өлеңмен билік айтқанына қарап, ұлты үшін кез келген жағдайда сынға түсе алатын, ана тілінің майын ағызатын саясаткер ретінде танимыз. Төле мен Әйтеке билер де солай. Ал дәл осындай саясаткерлерді бүгінгі билік сахнасынан көре аламыз ба? Әрине жоқ. Бұдан басқа жырауларды айтуға болады. Мысалы, Бұхар жырауды. Оның билікте заңды бір лауазымы болмаса да Абылай ханның үнемі ақыл сұрайтын кеңесшісі болғаны белгілі. Ол сол арқылы саясатқа тікелей араласты. Мәселен, оның Абылай ханға айтқан мына бір кеңесін қараңыз: «Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жарылма. Орыспенен соғысып, Басына мұнша көтерген, Жұртыңа жаулық сағынба» - дейді. Бұл өлең арқылы Бұхар жыраудың да қазақ тілін жіліктей шағып, майын тамызатын саясаткер екенін білуге болады. Егер, ханның ел басқарудағы кемшіліктері болса, тіке барып бетіне басатын болған. Бұл олардың демократияшыл екенін айқын көрсетеді. Осындай саясаткерлердің дипломатиялық саясатының арқасында бізге ұлан-ғайыр жер мұраға қалды. Ал бүгінгі депутаттар билікке тіке барып кемшіліктерін тап басып, айта ала ма? Бұл қолдарынан келмейтін іс.   
Бірде «Жас қазақ» газетінің тілшісі президент Н.Назарбаевтің бас кеңесшісі Е.Ертісбаевпен сұхбаты барысында кеңесшіні Бұхар жырауға теңеп жазыпты. Бұған не жыларымды, не күлерімді білмедім. Е.Ертісбаев Бұхар жыраудай қайдан болсын? Ол М.Шаханов тағайындаған «шіріген жұмыртқа» атағына бірінші болып ілікті емес пе? Ол атақ өз ұлтына, өз тіліне қарсы шыққандарға берілетін сыйлық. Сонда Бұхар жырау да «шіріген жұмыртқа» болғаны ма? Бұған адам нанғысыз. Бұл бүгінгі таңдағы журналистердің білімсіздігін, сауатсыздығын, жағымпаздығын білдіреді. Есекпен жүйрік тұлпарды ешқашан салыстыруға болмайды.   
Сонымен депутат сайлауына келсек. Мәжіліс депутаттарын сайлауды келесі жылдың 15-қаңтарына қалдырды. Сайлауға қазірден партиялар өз кандидаттарын даярлап, ұсынуда. Ана тіліміз үшін қуаныштысы, сайлауға М.Шаханов қатыспақшы. Бұл кісінің ана тіліміз үшін күйетін отқа күйіп, жанатын отқа жанып жүргені дүйім жұртқа мәлім. Сонау Горбачевпен қағысып, Колбинменен алысып, қазақ тілі үшін, қазақ ұлты үшін талай ауыртпалықтарды бастан өткерген-ді. Мәселен, оның Горбачевпен кездескендегі батыл мына әңгімесін қараңыз:  «Кезінде Сталин: «Елімізде біртұтас кеңес халқымен қатар, жалғыз мемлекеттік тіл салтанат құруы керек және ол тіл орыс тілі болуы тиіс», - деді. Хрущев: «Орыс тілін неғұрлым тез үйренсек, соғұрлым коммунизмге тез жетеміз», - деп даурықты. Әрине, орыс тілінің ұлы тіл екеніне және оның жан-жақты дамуына ешкім қарсы емес. Бірақ Михаил Сергеевич, ұзақ жылдар шетқақпай болып келе жатқан аз ұлттар мен олардың тілі, мәдениеті туралы мына гуманистік пікіріңіз сөз жүзінде қалып кетпеуін қалаймыз. Мұны Ғамзатов екеуміздің ғана емес, барлық одақтас республика қаламгерлерінің ортақ пікірі ретінде қабылдаңыз» дейді Горбачевқа. Ал бұған Горбачев келісіп, енді осы бағытта жұмыс жүргізетіндерін айтады. Ал академик Әбдуәлі Қайдаровтың естелігінде былай жазылған: «Керісінше, «қос тіл - қос қанатым» деп қопаңдағандардың айы оңынан туа қалған сәтте, Мұхтар Шаханов шығып дауыс көтергенде, таразының басы қазақ тіліне ауып шыға келгеніне таң қала отырып, қатты қуандық. Заң қабылданып қойған соң мұндай бетбұрысты мүлдем күтпеген едік. Мұхтардың сол жолғы мінезі - айтыла жүрер ерлікке барабар оқиға» деп тіл сақшысына баға береді. Бұдан басқа да бұл тұлғаның атқарған шаруалары қаншама. Өткен айда тілге қатысты халықты жинап акция өткізген-ді. Бұл кісінің тіл үшін, ұлт үшін істеген істерін шағын мақала былай тұрсын, көптеп кітаптарға жазып тауыса алмайсың.   
Елбасы биылғы халыққа жолдауында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану аясын кеңейту туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Онда біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс екенін, енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығуы қажеттігін атап көрсеткен-ді. Меніңше, осы тапсырманы орындау үшін айқайдан гөрі нақты жұмысқа көшу керек. Мемлекеттік мекемелер болсын, басқадай ұйымдар болсын, жеке адамдар болсын, мемлекеттік тілдің қамқоршысымын дейтін болса, нақты жұмыспен айналысуы тиіс. Ал енді осындай нақты жұмысты істейтін билікке керек адам М.Шаханов екені даусыз. Оның бір өзі билектегі он саясаткерге татиды.         
Ғ.Мұстафиннің «біз бұрын ұлтшылдықпен күресетін едік, ал бүгін ұлтсыздықпен күресетін дәрежеге жеттік» деген сөзі бар. Тарихта ел басқарған ата-бабалардың барлығы да ұлтшыл, ел қамын жейтін, ана тілін ешқашан аяққа таптамайтын, текті адамдар болған. Ал бүгінгі ел басқарып жатқан ағаларымыздың тұрқы мынау.

Ұлтшыл адамдардан билік қай кезде де қорыққан. Алайда дәл қазіргі таңда біздің билікке ұлтшыл, тілге жаны ашитын адамдар керек-ақ! Мемлекеттік тілдің мәселесі түзелу үшін де...

http://www.mtdi.kz/kz/makalalar/ruxaniat/690-tilge-jany-ashityn

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511