Ауқымды рухани жоба
Мемлекеттік тілді дамыту институты «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру шараларын ұйымдастыруға арналған «Бесігіңді түзе» жобасын жүзеге асыруды бастады.
Жоба екі кезеңнен тұрады:
І - бекіту кезеңі халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді анықтап, тізімін жасау, мәтіндегі сипаттамаларын тауып талдау жасау, филолог, этнограф мамандардан комиссия құрып байқау жариялау, қорытындысын шығарып, халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің портреттік бейнелерін бекіту жұмыстарынан тұрады.
Мемлекеттік тілді дамыту институты «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру шараларын ұйымдастыруға арналған «Бесігіңді түзе» жобасын жүзеге асыруды бастады.
Жоба екі кезеңнен тұрады:
І - бекіту кезеңі халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді анықтап, тізімін жасау, мәтіндегі сипаттамаларын тауып талдау жасау, филолог, этнограф мамандардан комиссия құрып байқау жариялау, қорытындысын шығарып, халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің портреттік бейнелерін бекіту жұмыстарынан тұрады.
ІІ - насихаттау кезеңі ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында инновациялық құралдарды пайдалану арқылы кең ауқымды, ұзақ мерзімді жұмыстар жүргізу, түрлі-түсті суреттермен иллюстрацияланған кітаптар, монитордан бейнесін көру мүмкіндігі бар аудиокітаптар, мультфильмдер жасап шығару, жасалып жатқан жұмыстарды ресми орындардың көмегімен әлеуметтік маңызы бар шаруа ретінде жарнама өндірісін пайдалану арқылы насихаттау және ұлттық кейіпкерлердің қатысуымен компьютерлік ойындар, бояма кітаптар, дыбысталатын қуыршақ ойыншықтар шығару және т.б. жұмыстардан тұрады.
Ұйымдастырушылар біріздендірілетін образдарды анықтау, мәтіндік нұсқаларға филологиялық сараптамалар жасау сияқты алдыңғы кезекте істелетін жұмыстарды Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлерімен бірігіп жасамақшы. Бұл жұмыстарды мамандар атқаруы тиіс. Өйткені, халық ауыз әдебиеті көпнұсқалы болып келеді. Мәселен, Қобыланды батырдың батыстық, шығыстық деген сияқты отыз түрлі нұсқасы бар екендігі анықталып отыр.
Алдағы 3 айда осы көп нұсқаның ішінен біріздендірілетін кейіпкерлерді сипаттайтын дұрыс мәтінді тауып оған мамандардың (этнограф, фольклорист, суретші және т.б.) ортақ сипаттамасын беру, байқаудың ережелерін жасау, байқауға суретшілер атынан түсетін материалдарды сараптайтын комиссия мүшелерін анықтау, жобаның концепциясын ресми орындарға ұсыну сияқты дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Халық ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің портреттерін біріздендіру идеясына ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың осыдан бір ғасыр бұрын жазылған «Қара қыпшақ Қобыланды» деген сын мақаласы түрткі болған. Ол кісі былай дейді: «Кітап бетіндегі суретте Қобылекең бір нашар бақалшы болып салынған. Қазақта мақал бар: «Ат ерінді, ер мұрынды» деген. Суреттегі Қобыланды батыр мұрнынан айырылып, пұштиып тұр. Орыстың үш батырын салған Васнецов шебердің картинасы бар. Бұл ашық хаттың сыртына басылып, 5 тиынға сатылады. Осы орыс батырлардың суреттеріне қарасақ, Қобыланды батырға мінгізген боз айғыр Добрина Никитичтікі. Қобыланды батыр өзі Алеша Бонович, күн салып қарауы Илья Муромец көрінеді. Бұл менің жоруым рас болса, «Қобыландыны» басқан басқарма адасқан. Бұл ұят. Мұны мәдени жұрттарда ұрлық дейді. Кітапты қайта басқанда Қобыланды батырдың өзінің суретін де, атының суретін де жырдағы жазуға дәл қылып беру керек. Тайбурылды тяжеловоз айғырға айырбастағанға қазақ көзі ұялады.
Кейіпкердің мәтінге сай бейнеленбеуі бір ғасыр өтсе де өзгермеді. Шындыққа жақын деген аңыздың кейіпкері Алдар көсенің қазір отызға жуық бейнесі табылып отыр. Олардың Алдар екенін жазуы болмаса, ешкім танымайды. Ол туралы сайтымызда жарияланған «Кәне, қайсы Алдар?» деген мақаланы қараңыз.( http://www.mtdi.kz/kz/makalalar/ruxaniat/591-kane-kaisy-aldar )
Байқаудың ережелері БАҚ-та 2012 жылдың наурыз айында жарияланады және шара қоғамда кеңінен насихатталатын болады. кейіпкердің бейнелік кейіптері анықталып бекітілгеннен кейін, жобаның екінші кезеңі басталады. Оның жүзеге асуына Уолтер Дисней өнімі «Көліктер - 2» - деген анимациялық фильмді қазақ тіліне аударуға қаржылық көмек көрсеткен «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының ғана қолдауы жеткіліксіз болады. Өйткені, бұл - жаһандануға жұтылып кетпеу үшін ұлттық құндылықтарды жинау және сақтау ғана емес, оларды бүгінгі қоғамның қажеттілігіне айналдыру жұмыстарынан тұратын ұлттық мәні бар шара. Оған балаларға арнап өнім шығаратын барлық үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдар, әсіресе ресми органдар - Мәдениет министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі барынша ат салысуы тиіс. Осындай ауқымды шаралар арқылы ғана біз шетелдерде шығарылатын мультфильмдердегі құбыжықтарды қайдан көрсе де жазбай танитын қазақ баласы өз кейіпкерлерін оқулықтың сыртынан, көшедегі билбордтан, мульфильмдерден, ойыншық-қуыршақтар ішінен және т.б. көрсе бірден танып айтып беретін деңгейге жетеміз.
Қазір барлық баланы электронды ақпарат құралдары тәрбиелеп жатқаны белгілі. Ондағы қазақ мәдениеті мен тілінің жағдайын біз айтпай-ақ білесіздер. Шетелдерден келген бастары төртбұрышты, үшбұрышты, жасыл түсті адами сиқы жоқ неше түрлі құбыжық кейіпкерлерді кез келген қазақ баласы қайдан көрсе де тап басып, түсін түстеп айтып береді. Мынау Шрек, Naruto, Спанч боб, Кунг-фу Панда, Скуби-ду, Смешарики... деп шұбартып ала жөнеледі. Өйткені, Қазақ жерінде, өз отанында тұрып ол бүлдіршіндердің электронды құралдардан көзін ашып көргені, аузын ашып таңырқап көңілі сүйіп ұнатқаны өзіміздің халық ауыз әдебиетіндегі сан түрлі кейіпкерлер - желаяқ, көлтауысар, таусоғарлар емес, осы мәні жоқ құбыжықтар. Кеш болса да «бесігімізді түзеуді» қолға алайық, ағайын. Ахмет ата айтқандай, «Бүгін балам дейтін жұрт болмаса, ертең жұртым дейтін бала қайдан шықсын!»
Ақпарат бөлімі
293-88-75
http://www.mtdi.kz/kz/component/content/article/696-aukymdy-ruxani-joba