Сенбі, 23 Қараша 2024
2665 1 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 12:30

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады

АҚШ 2021 жылдың шілдесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады. Бұл туралы елдің Мемлекеттік департаменті мәлімдеді.

«Президент Трамп АҚШ-тың осы ұйымнан шығатынын жариялаған кезде, біз одан да айқын әрі сенімді серіктестер іздейтінімізді анық айтты. Шығу 2021 жылдың 6 шілдесінде күшіне енеді. АҚШ үкіметі президенттің мәлімдемесі жарияланғаннан бастап бұрын ДДСҰ жүргізген іс-шараларды қабылдайтын жаңа серіктестер іздеуде», - делінген Мемлекеттік департаменттің өкілі Морган Ортагустың хабарламасында.

Бұған дейін Дональд Трамп ДДСҰ ұйымын COVID-19 пандемиясы кезінде      «қытайлық қуыршақ» болды деп айыптаған. Сонымен қатар, Трамп ДДҰ-ны «қажетті реформаларды» жүргізуден бас тартты деп айыптады.

Сондай-ақ АҚШ ДДҰ алдындағы қарыздың қалдығын төлемейтіндіктерін мәлімдеген.

Айта кетейік, АҚШ өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына шамамен 18 миллион доллар қарыз болған. Биыл бұл қарыз 62 миллион долларды құрапты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366