Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3153 0 пікір 20 Желтоқсан, 2011 сағат 04:52

Алтынбек Құмырзақұлы. Қазақша аты-жөн жазудың жай-жапсары

Егемендікке, азаттыққа - 20 жыл! «Ақ түйенің қарны жарылған күн»,- деп бәріне жар салсақ та кешегі бұлыңғыр саясаттың - орыстандыру саясатының шеңгелінен тшыға алмай келеміз. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да, ата-тегіміздегі «-ов», «-ева», «ин», «ина», «евич», «ович» деген жалғаулардан құтыла алмадық. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары немесе туылғалы бері аты-жөнін орысша жазғызып алған, я болмаса төлқұжат алған күннен бастап тегінің орыс тілінде жазылғанын көріп келген адамдардың ішінде өзінің аты-жөнінің қазақша жазылуын оғаш көретіндер баршылық. Бұл - бүгінгі өмірдің, қазіргі қоғамның шындығы. Тәуелсіздік алғаннан кейін,  бірнеше жылдың көлемінде қазақ азаматтары аты-жөн жазудың ұлттық үлгілеріне көше бастады. Адам тегіндегі қосымшаны алып тастау «науқаны» басталып, сәнге айналды.  Кешегі қандастарымыз «ов», «ев»-сіз отанына оралып жатты. Ата-тек жазудың белгілі бір дәстүрлі үлгісі болмаса, басқа ел түгілі өзімізді өзіміз мойындамай қалуымыз мүмкін. Қазіргі ата-тектеріміздегі жұрнақтар мен небір аффикстер көптеп есімдерімізге тұрақтап алды. Оның алғашқысы  әлі күнге айырылмай келе жатқан «-ов, ев, ова»-дан бастап,  кешегі орыстың «-ин, ина» қосымшасын қосып жазу, әлі де азаяр емес. Жалпы ол жалғаулардың ұлттық санаға әсері  қатты тиіп жатыр. Ұлтты әрине,  әрбір адам жан жүрегімен сүйе білу қажет. Сонда да ұлтты айғақтайтын сана, тегімізде жатыр емес пе.

Егемендікке, азаттыққа - 20 жыл! «Ақ түйенің қарны жарылған күн»,- деп бәріне жар салсақ та кешегі бұлыңғыр саясаттың - орыстандыру саясатының шеңгелінен тшыға алмай келеміз. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да, ата-тегіміздегі «-ов», «-ева», «ин», «ина», «евич», «ович» деген жалғаулардан құтыла алмадық. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары немесе туылғалы бері аты-жөнін орысша жазғызып алған, я болмаса төлқұжат алған күннен бастап тегінің орыс тілінде жазылғанын көріп келген адамдардың ішінде өзінің аты-жөнінің қазақша жазылуын оғаш көретіндер баршылық. Бұл - бүгінгі өмірдің, қазіргі қоғамның шындығы. Тәуелсіздік алғаннан кейін,  бірнеше жылдың көлемінде қазақ азаматтары аты-жөн жазудың ұлттық үлгілеріне көше бастады. Адам тегіндегі қосымшаны алып тастау «науқаны» басталып, сәнге айналды.  Кешегі қандастарымыз «ов», «ев»-сіз отанына оралып жатты. Ата-тек жазудың белгілі бір дәстүрлі үлгісі болмаса, басқа ел түгілі өзімізді өзіміз мойындамай қалуымыз мүмкін. Қазіргі ата-тектеріміздегі жұрнақтар мен небір аффикстер көптеп есімдерімізге тұрақтап алды. Оның алғашқысы  әлі күнге айырылмай келе жатқан «-ов, ев, ова»-дан бастап,  кешегі орыстың «-ин, ина» қосымшасын қосып жазу, әлі де азаяр емес. Жалпы ол жалғаулардың ұлттық санаға әсері  қатты тиіп жатыр. Ұлтты әрине,  әрбір адам жан жүрегімен сүйе білу қажет. Сонда да ұлтты айғақтайтын сана, тегімізде жатыр емес пе.  Жадыра Қажығалиева, Ердос Беркінбаев, Ербол Сармурзин... т.б. «ов», «ев», «ин» жұрнақтары арқылы жасалған есімдерді тізбектей беруге болды.  Бұл жұрнақтар аздай олардың үстінен жамауын жамағандай, өзге жат  елдердің лингомәдениетінің еліктеу жұрнақтары келіп қосылды. Парсы тілінен алынған «-и» жұрнағын қосу  арқылы Нұрлан Орази, Нұрлан Мұрати. Араб тегінде туған жерін көрсету үлгілері де қаптап кеткен. Әкім Тарази, Тұңғышбай әл-Тарази. Кейін орыстық үлгідегі сияқты, тұрмысқа шыққан қыз өзінің тегіне, күйеуінің тегін қосып жазу кездесіп жатады. Сондай-ақ «келіні» сөзін қосып жазу, Айжан Айтбайкеліні, «әулет» сөзін жалғап жазу, Аманғазы Саттымұрат әулеті, Сайран Бәкен әулеті, оған қоса «немересі», «ұрпағы»  сөздерін жазу сәнге айналған Мағжан Айдар немересі, Бекен Назар ұрпағы, және де «тегі» деген сөзді қосып жалғау Нұрлан Ахметтегі, немесе ешқандай қосымшасыз Еділхан Өміртай, Ерболат Қуатбек,  сияқты үлгілерді де кездестіріп жатамыз. Міне, осыларды байқай отырып, біз қазақтың ата-тегінің бірізділігі қалыптаспағанын көреміз. Алайда  бұл бірізділіктің қалыптаспағанының керінен аты-жөн жазу ауыздықсыз кетті. Тіпті кейбіреулері асыра сілтеп, «тегі», «ұлы», «немересі», «келіні», «үбірі», «ұрпағы» деген жұрнақтарды да қосып жатыр.  Жалпы бұл жағы енді қисынсыз. Төлтума тегімізде бірізділік қажет. Манағы жұрнақтар, сөздер бүгінгі таңда қазақ қоғамында тегімізде көптеп молайып бара жатқан жұрнақтар, сөздер. Бұл да бізге негізсіз, жат жұрнақтар сияқты. Өзге елдің лингомәдениетіне еліктеудің қажеті жоқ. Сондықтан ата-тегін жазудың тек бір ғана «ұлы», «қызы» немесе тек аты-жөнін жазу секілді үлгісін қолданған жөн сияқты. Мәселен ұлт сардары, жанашыры, алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан үлкен мәселе етіп көтеріп, бірінші жалпықазақ съезінде: «Қазақ аты-жөнін орыс халқына еліктеп, «-ов, -ев» деп жазу тоқтатылсын! Бұдан былай қазақ азаматтары өз аты-жөндерін ұлттық дәстүрмен Абай Құнанбайұлы деген сияқты жаздырсын, біз де Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы болайық!» деген ұлағатты ұсыныс жасайды... Әрине, алаш идеясы - ұлттық идея. Ол ұлт болу жолындағы ұлы мұраттарға жол сілтеген ұлттық идея. Әттең, сол кездегі алашорданың реформалары орыстандыру саясатының қиянатына ұшырамағанда, біз өзіміздің төл тума тегіміздің сипатында жүрер ме едік. Дулат Аманжолұлы, Еркебұлан Елеусізұлы, Назерке Сланбекқызы... бәрі осылай болар ма еді.  Сонда біздің ұлттық рухымыз әлде қайда жоғары болар ма еді...

Ал енді Кешегі солақай саясаттың қаны тамып тұрған заманда қазақ өз аты-жөнін қазақша жазбақ былай тұрсын, тіпті тегін айтудан қорықты. Құжатқа аты орысша жазылған тұтас ұлт солайша Тәуелсіздік алғанша іштен тынып, өзінің заты қазақ екенін айта да алмай келді.  Сол тұста бір таңғаларлығы, КСРО-ның құрамына енген 15 республиканың ішінде саны аз болса да грузиндер «Кала-дзе, Сака-швили» деген өздерінің ұлттық үлгісінен айырылмапты. Сол сияқты армяндар да өздерінің «Петрос-ян» «Джигерхан-ян»деген төл тегін сақтап қалды. Ал бізше «ұлы», «қызы» дегенді сақтап қала аламадық.  Өзіміз ерікті түрде «-ов, -евті» таңдап алдық. Ал сол тұста қылышынан қан тамған сол кеңестік дәуірде де ешкімнен қаймықпай, өз тегін таза қазақша жаздырған Бауыржан Момышұлы кімнен қорықты, кімнен қаймықты...

Бүгінде көптеген ұлттардың өзіндік тектерінің жұрнақтары бар. түріктер «-оғлы» жалғауын жалғаса, корей халқы Пак, Ли, Цой, Юн деген қысқаша тегін жазады. Осы орайда біз «ұлы»,  «қызы» деген үлгіні енгізетін болсақ, бәрі де түсінікті болар еді. Тамырымызға жармасып алған орыстандыру саясатынан арыла алмасақ та, қазақтың көші түзу. Ұлттық аты-жөн жазу жүйесі түбінде қолданысына енер. Ол үшін бәріміз немқұрайлықтан аулақ болуымыз шарт. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, алдымен өз тілімізді бөтен жалғауларсыз, еш шұбар сөздерсіз таза меңгерген ұлы тілердің қатарына жеткізейік.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5477