Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2397 0 пікір 22 Желтоқсан, 2011 сағат 04:39

«Біз «Ақ жолға дауыс береміз!» дейді жастар

«Алдағы сайлауда жастар «Ақ жол» демократиялық партиясын қолдайтын болады.  Себебі, «Ақ жол» партиясы - өзгерістердің, жаңа буын мен жаңа идеялардың партиясы».

21 желтоқсан күні Астанада, «Ақ жол» партиясының Орталық ғимаратында, партияның төрағасы А.Перуашевпен кездескен жастар ұйымдары осындай тоқтамға келді.

Жиынға «Жас маман», Ауыл жастарының одағы, «Болашақ» қоғамдық ұйымы және т.б. қатысқан болатын.

Жиында сөз алған партия төрағасы А.Перуашев соңғы айларда «Ақ жол» партиясы қатарына жастардың көптеп еніп жатқанын айтты: «Олардың арасында өмірде өз орнын тапқан кәсіпкер жастар, жас мамандар, студенттер бар. Шынын айту керек, қазіргі таңда оқу орнын бітірген, мамандық алған жастардың арасында лайықты жұмыс пен табыс табу оңай шаруа емес. Әсіресе, ауылдық жердегі жастардың мәселесі аса өзекті болып отыр. Жастар - еліміздің болашағы. Біздің Тәуелсіз еліміздің дамуы мен гүлденуіне де кепіл болатын - жас ұрпақ.

««Ақ жол» партиясы үшін жастар проблемасы ең өзекті де маңызды мәселелердің бірі. Партияның Сайлаулды тұғырнамасында да біз жастар мәселесін басымдық етіп отырмыз. Әрине, арамызда жастығына қарамай, үлкен қызметтерге, қоғамдық жұмыстарға араласып жүрген жастар аз емес. Сондай жас буынның «Ақ жол» партиясында да көп екені бәрімізді қуантады», - деп атап өтті. А.Перуашев.

Жиынды Парламент Мәжілісіне үміткерлердің ішіндегі ең жасы болып тіркелген «ақжолдық», Кентау трансформатор зауытының вице-пезиденті, «Жас маман» жастар бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Ильясов жүргізді.

Сондай-ақ, жиында Қазақстанның ұлттық ауылшаруашылық палатасының президенті А.Игбаев, «Агромашхолдинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Д.Ким, «Болашақ» жастар бірлестігінің төрағасы Д.Бабамұратовтар сөз сөйледі.

«Kazakhstan  Rubber Recycling зауытының бас директоры Айдар Махамбет: «Ақ жол» - жастардың партиясы. Біз өз болашағымызды осы партиямен байланыстырамыз. Және сіздерге сенеміз» деді.

«Өнерпаз жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Л.Лұқпан өз сөзінде: «Партияның сайлауалды тұғырнамасын мұқият қарап шықтым. Онда, менің ойымша, біздің елге қажетті үш басты нәрсе қамтылған. Партия рухани дамуға, халықтың бірлігі мен жастарға қолдау көрсетуге шақырып отыр. Мен Алматы мәслихатының депутаттығына үміткермін. Біз жеңіске жетеміз деген сенімдемін» деді.

Жастар А.Перуашевтан жаңа жылдан кейін Алматыда жастар мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізуге көмектесуді сұрады. «Ақ жол» партиясының Сайлауалды тұғырнамасын толықтай қолдайтындарын жеткізді.

Жиын соңында «Ақ жол» партиясы мен жастар ұйымдары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алдағы болатын Парламент Мәжілісіне сайлау жастар қауымының тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отыр. Осы ретте белсенді жастар ұйымдарының «Ақ жол» партиясының ғимаратында бас қосып, бірлесіп жұмыс жасау туралы уағдаласуының өзі партияның, әсіресе, жастар арасында үлкен танымалдық пен беделге ие екенін тағы да бір көрсетті.

А.Өркенбаев

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397