Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2691 0 пікір 22 Желтоқсан, 2011 сағат 02:53

Мұнайшылар қолдауымен салынған спорт кешендері

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы Атырау облысы Қызылқоға ауданының тұрғындарына  Тәуелсіздік күніне жақсы сыйлық жасады. Аймақтағы Миялы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Бұл - мұнайшылар қаржылық қолдауымен облыста салынған бесінші спорт кешені.

- Қызылқоға ауданы ең жырақта орналасқан және халқының саны ең аз аудан болып табылады. ДСК жұмыс істей бастаған Миялы аудандық орталығында 6,5  мың ғана адам тұрады. Аймақта халықтық спорт дамуына бірнеше жыл ықпалдасып жүрген ҚМГ БӨ компаниясының, әсіресе, аймақтың алыс ауылдарында заманауи спорттық инфрақұрылым салуға басым назар аударатыны біз үшін аса маңызды, - дейді облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров.

Жырақтағы ауылдарда дене шынықтыру-сауықтыру кешендер сала отырып, мұнайшылар оларды жабдықтандыруға қаражат аямайтынын да атап өту керек. Спорттық құрылымдар көлемдері бойынша, әрине, ірі мегаполистердегідей емес. Тұрғындар санын ескере отырып, одан үлкен салудың мәні де жоқ. Алайда жабдықталуы жағынан дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қалалық ірі кешендерден еш кем емес, ал көптеген көрсеткіштері бойынша тіпті артық та.

Миялыдағы жаңа спорт кешенінің мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған залдары бар. Бұнда балалар да, ересектер де шыныға алады. Тренажерле залы, киіну залдары және душ қабылдайтын орында қарастырылған. Бокс және күрес секцияларының жабдықталуына баса мән берілген. Неліктен дәл осы спорт түрлеріне ерекше мән берілгені түсінікті: Атырау облысында күрес пен бокс спорты кең таралған. Жергілікті спортшылар ең ірі халықаралық жарыстарға көптеп шыққан. Облыста Қазақстан, Азия, әлем чемпиондары аз емес, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері бар.

Сонымен қатар, 150 көрерменге арналған трибуна жасақталған. Жарыстарға аттанған жергілікті спортшылардың демеушілері ретінде де мұнайшылардың қолдайтынын да айта кету керек.

Тек облысты ғана емес, бүкіл Қазақстанды халықаралық жарыстарда биікке шығарған спортшылардың көбісі ҚМГ БӨ салған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде шынығатынын атап кету қажет.
Исатай ауданының Аққыстау ауылында ҚМГ БӨ әмбебап ДСК салғаннан кейін, спорттың жаңа демі ашылды деп еш боямасыз айтуға болады. Бұған дейін мектептің та спортзалында шынығатын спортшылардың енді спорттың көп түрлерімен айналысуға барлық мүмкіндіктері бар. ДСК-да самбошылар, каратэшілер, дзюдошылар , боксшылар шынығады.

- Шын айтсам, қазір бізде бар спорт құрал-жабдықтарын мен бұрын тек Атырауда не боксшылар жарысында болған басқа қалалардан ғана көргем.  Жасырмай айтсам, бізге қарағанда жақсырақ жағдайда шынығуға мүмкіндігі бар қатарластарыма қызыға қарайтынмын. Біз бұрын да оларды жеңген болсақ, енді бокс рингінде сәтті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігіміз әлдеқайда көбірек, -дейді облыс чемпионы, бокс бойынша көптеген аймақтық жарыстардың жүлдегері Руслан Қысмаев.

Бұнда жағдай тек боксшыла үшін ғана жасалмаған. Тренажерлер және бокс залдарындағы жабдықтар тізімінде 28 атау бар. Бұл жерде төс, арқа, қол бұлшық еттеріне арналған тренажерлер бар, штанга көтергісі келетіндер үшін де жабдықтар бар. Аққыстауда жанкүйерлер үшін де жағдай жасалған - ДСК трибуналаы 200 адамға есептелген.

Доссор мұнайының үстіміздегі жылдың қыркүйегінде тойланған 100 жылдығына ҚМГ БӨ Доссор ауылындағы спорт кешенін жаңартып, модернизациялады. Осы жылдың соңына дейін Индер ауданының Есбол ауылында, Махамбет ауданының Алмалы ауылында, Жылыой ауданының Жаңақаратон ауылында және Ақсай, Атырау ауылдық округтарында тағы бірнеше спорт кешендері іске қосылды. Жаңа спорт нысандарының құрылысына 300 млн астам теңге бөлінді.

Андрей Соколов

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395