Жанна Үмбетқали. Ауылдарды көшіру сәтті аяқталды
Атырау облысы тұрғындарының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі - болашағы жоқ аймақтар халқын жаппай көшіру бойынша науқан. Атырау облысының тұрғындары келешегі бар және жағдайы жақсы өңірді бұрыннан қалаған. Себебі мұнай өндірісі көлемінің, кен орындары табыстылығының төмендеуі, нашар экологиялық ахуал, инфрақұрылымның болмауы - осының барлығы бұрындары танымал мұнай ауылдарындағы тіршілікті тұсаулады. Адамдар өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Келешегі жоқ аймақтар халқының тіршілікке қолайлы өңірлерге қоныс аудару туралы өтініштері жергілікті атқарушы биліктің құлағына шалынып, 2009 жылы алғашқы көшіру іске асырылды.
Кімдерді көшіреміз?
Жағдайы мүшкіл және жылдам көшіруді қажет ететін елді мекендер қатарына үш ауыл жатқызылды: Атырау облысының Мақат ауданындағы Комсомольск, Қошқар және Бекбике ауылдары. Бұнда сапалы ауыз су да, газ да, инфрақұрылым да, балабақша да не басқа әлеуметтік маңызы бар нысандар болмаған. Жергілікті халық еңбекақыларын қайда жұмсайтындарын білмейтінін, демалатын орындардың жоқтығын айтып шағымданатын. Ұялы телефондар бар, бірақ байланыс жоқ дейтін мұнайшылар. Бұған қоса, ауыл тұрғындарының көпшілігі еңбек ететін кен орындары өткен ғасырдың бірінші жартысында ашылған.
Атырау облысы тұрғындарының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі - болашағы жоқ аймақтар халқын жаппай көшіру бойынша науқан. Атырау облысының тұрғындары келешегі бар және жағдайы жақсы өңірді бұрыннан қалаған. Себебі мұнай өндірісі көлемінің, кен орындары табыстылығының төмендеуі, нашар экологиялық ахуал, инфрақұрылымның болмауы - осының барлығы бұрындары танымал мұнай ауылдарындағы тіршілікті тұсаулады. Адамдар өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Келешегі жоқ аймақтар халқының тіршілікке қолайлы өңірлерге қоныс аудару туралы өтініштері жергілікті атқарушы биліктің құлағына шалынып, 2009 жылы алғашқы көшіру іске асырылды.
Кімдерді көшіреміз?
Жағдайы мүшкіл және жылдам көшіруді қажет ететін елді мекендер қатарына үш ауыл жатқызылды: Атырау облысының Мақат ауданындағы Комсомольск, Қошқар және Бекбике ауылдары. Бұнда сапалы ауыз су да, газ да, инфрақұрылым да, балабақша да не басқа әлеуметтік маңызы бар нысандар болмаған. Жергілікті халық еңбекақыларын қайда жұмсайтындарын білмейтінін, демалатын орындардың жоқтығын айтып шағымданатын. Ұялы телефондар бар, бірақ байланыс жоқ дейтін мұнайшылар. Бұған қоса, ауыл тұрғындарының көпшілігі еңбек ететін кен орындары өткен ғасырдың бірінші жартысында ашылған.
Анықтама: Комсомол кен орнында мұнай 1943 жылдан өндіріледі, 2006 жылы оның тиімділігі төмен кен орындарының қатарына жатқызылды. 1 тонна мұнай өндіруге кететін шығын 37 760 теңгені құрады. Тиімділігі одан да төмен Қошқар кен орнында мұнай 1940 жылдан бері өндіріледі.
Нәтижесінде мұнай қоры азайып, жұмыс та қысқара бастады, аймақтағы «қара алтын» өндірісінің табыстылығы төмендеп кетті. Сол себепті бұл ауылдардың тұрғындары билік алдына облыстың мұнай-газ саласы дамып жатқан және жұмыс табылатын аудандарына көшіру жөнінде мәселе көтерген еді.
Ауылдар аумағында мыңнан астам адам тұрып жатқан, бұл - жүздеген отбасы. Әрине, билік кен орындарын өңдеуге және республиканың мұнай-газ саласын дамытуға үлесін қосқан мыңдаған мұнайшының мәселесін шешусіз қалдыра алмады. Облыс әкімі Бергей Рысқалиев халықты жағдайы жақсырақ елді мекендерге көшіру туралы мәселені ең жоғары деңгейде - Үкіметте, Парламентте көтерді, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясымен және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-мен келіссөздер жүргізілді. Мәселенің күрделілігі, кешенді шешімді талап ететіндігі барлығы үшін айқын болды. Құзіретті органдар кен орындарын консервациялау мүмкіндігін қарастырды, сонымен қатар, халықтың жұмыспен қамту және мұнайшылар ауылдарын әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Талқылар жалғасып жатқанда жағдай ушыға түсті. Облыс әкімдігі де, тұрғындардың өздері де дабыл қақты. Билік өкілдері алдын ала есептеулер бойынша Комсомол, Қошқар және Бекбике ауылдарындағы екі жүз отбасын Атырау мен Махамбет ауданының орталығына көшіру үшін 70-тен астам үшбөлмелі, 100-ге жете төрт бөлмелі және 70-тен аса бесбөлмелі пәтер қажеттігін айтты, олардың жалпы сомасы 2 млрд-тан астам теңгені құрады.
Кім өтейді?
Дегенмен, қызу талассөздерден кейін Комсомольск, Қошқар және Бекбике ауылдары тұрғындарын көшіу бойынша кешенді бағдарлама дайындалып, қабылданды. Қомақты жобаны іске асыру облыс әкімдігіне тапсырылды. Жобаны қаржыландыру мәселесі де шешілді. Шығындардың бір бөлігін ҚМГ БӨ компаниясы алуға келісті.
Мұнай-газ компаниясының шаруашылық субъект екенін атап кету қажет, сондықтан халықты көшіру компания міндетіне кірмейді. Бірақ бұған қарамастан, ҚМГ БӨ шетте қалған жоқ, себебі мәселе осы ауылдарда тұратын мұнайшылар мен олардың отбасыларына қатысты еді. ҚМГ БӨ мен облыс әкімдігі серіктестік туралы меморандум жасасып, компания жобаны бірлесе қаржыландыруға келісті.
Көшкен халық еш қаржылық шығынға ұшыраған жоқ, қаражат ҚМГ БӨ бюджеті мен облыс бюджетінен бөлінді. Бұған қоса, көшіру жөніндегі бағдарламаға барлық өтемақылар, сонымен қатар, келешегі жоқ ауылдар тұрғындарының жылжымайтын мүлкінің құнын өтеу енгізілді.
Көшіру бағдарламасы бойынша бірнеше жыл ішінде тұрғылықты орындарын 1200-ден астам адам ауыстырды. Көшіруге 1,5 млрд-тай теңге жұмсалды, бюджет есебінен - 749 млн теңге, ҚМГ БӨ есебінен - 751 млн. тенге.
Жұрт қай жерлерге көшірілді?
Көшіру бойынша бағдарламаны қаржыландыру - мәселенің бір ұшы ғана, бұндай ірі жобаны іске асыруда ұйымдастыру мәселелері аса маңызды. Қайшылықты жағдайларды болдырмау үшін, әр отбасының қалауын ескеру керек. Облыс әкімдігі ҚМГ БӨ компаниясымен бірге ондаған бірлескен ірі жобаны атқарған, бұл жолғы міндеттерін де сәтті орындады. Қысқа уақыт ішінде жаңа үйлер мен пәтерлер салынды, газ және жылу жүргізу мәселелері шешілді, балабақшалар, мектептер, дүкендер мен әлеуметтік маңызы бар басқа да нысандар жөнделді. Көшіру барысында адамдардың қалаулары да ескерілді - біреулері Махамбет аудан орталығына, біреулері Атырауға орналасты. Халық ыңғайлы пәтерлер мен жайлы үйлер алды.
Облыс әкімдігі мен ҚМГ БӨ бірлесе іске асырған көшіру бойынша науқан Атырау облысында мұнай-газ компаниясы орындаған тағы бір жоба болды.
Анықтама: 2011 жылы ҚМГ БӨ 6,5 млрд-тай теңгені Маңғыстау және Атырау облыстарындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағыттады. Атырау облысындағы осы жылы 100 жылдығын атап өткен Доссор кен орны орналасқан Доссор ауылында ҚМГ БӨ компаниясы құны 180 млн теңгелік 80 орындық «Ботақан» балабақшасын, 127 млн теңгелік «Мұнайшы» мәдениет үйінің қалпына келтірілуі мен жөндеуін және 210 млн теңгелік денешынықтыру-сауықтыру кешенінің қалпына келтірілуі мен жөндеуін қаржыландырды.
Сонымен қатар, 2011 жылы ҚМГ БӨ Атырау облысының елді-мекендеріндегі тағы бес дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қаржыландырды, олардың жалпы құны 301,5 млн теңгені құрады. Мұнай-газ компаниясының арқасында Индер ауданының Есбол ауылында, Махамбет ауданының Алмалы ауылында, Жылыой ауданының Жаңақаратон ауылдарында және Атырау, Ақсай ауылдық округтерінде спорт орталықтары пайда болды. Жақында Қызылқоға ауданының Миялы ауылында құны 150 млн теңгелік ірі денешынықтыру-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Компания жыл сайын коммерциялық емес ұйымдар мен жеке тұлғаларға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді. Балаларға арналған мекемелерге (балалар үйлері, мектеп-интернаттар), соғыс және еңбек ардагерлеріне, оларға теңестірілген ҚР азаматтарына, жалғызілікті зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы және жағдайы нашар отбасыларға қолдау көрсету басымдық берілген бағыт болып табылады. 2011 жылдың ішінде ҚМГ БӨ 700 млн теңгеге демеушілік жасап, қайырымдылық көмек көрсетті.
ҚМГ БӨ компаниясы әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс беруші қағидаларына сай екені, жерлігікті билік органдарына әлеуметтік жобаларды іске асыруда ықпалдастық көрсететіні айдан анық. Бұл әрекеттердің барлығы қарапайым азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Тек мұнайшылардың ғана емес, облыстың барлық тұрғындарының жасалып жатқан қамқорлық. ҚМГ БӨ компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі осындай істермен көрінді, бұндай жауапкершілікті Қазақстанның өзін құрметтейтін әр компаниясы танытуы керек.