Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Саясат 9070 0 пікір 28 Қыркүйек, 2020 сағат 12:02

Жас кәсіпкерлердің әлеуметтік мәселесі әлі шешілмеген

Жас кәсіпкерлерді баспанамен қамтамасыз ететін бағдарлама қажет. «Nur Otan» партиясының PRIMARIES - 2020 ішкі партиялық іріктеуіне қатысушы Қайырлы Таукен сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірінде осы мәселеге ерекше мән берді.

Елімізде қарапайым саудагерлерді қолдау тетіктері әлі толық шешілген жоқ. Естеріңізде болса, тоқсаныншы жылдары жұмыссыздық жайлаған шақта жұрт жаппай базар жағалады. Осы кезде сауданы серік етіп, отбасын асырағандар аз емес. Сол бір дағдарыстың ызғары батқан, әйел ерге, ер жерге қараған күрделі кезеңде халық сауда жасап, нәпақа тапты. Осы тұста базардың, жалпы сауда саласының қоғамдағы алар орны туралы ойланатын уақыт келген сияқты.

«Тоқсаныншы жылдары сауда саласындағы кәсіпкерлер ел экономикасының еселенуіне едәуір үлес қосты. Мұны ұмытуға болмайды. Сауда саласы сол кезде қандай маңызға ие болса, бүгін де қоғамдағы және экономикадаға рөлі кеміген жоқ. Мәселен, бір кәсіпкер кем дегенде екі немесе үш адамға жұмыс береді. Яғни, үш отбасының күн көруіне көмектесіп отыр деген сөз. Сонымен қатар, кәсіпкерлер елдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Сондықтан, әсіресе жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек», - дейді Қайырлы Таукен.

Кәсіпкер-меценаттың айтуынша, ең алдымен жас кәсіпкерлердің әлеуметтік мәселесін шешу қажет.

«Ауылдардан қалаға ағылып келіп жатқан жастар жетерлік. Олардың ішінде арнайы білім алмағандары көп. Қалаға келгенде қайдан жұмыс іздейді? Әрине, базарға келеді. Арба сүйреуі мүмкін, тазалық жұмыстарымен айналыса ма, басқа ма, әйтеуір нанын табады. Әуелі біреуге сатушы болып орналасады, кейін сауданың жолын меңгеріп алған соң, өз алдына жеке кәсіпкер болып кетеді. Бірақ, жас кәсіпкерлер үшін негізгі проблема не? Әрине ол – баспана. Мысалы, былтыр «Жастар жылы» аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмысшы жастары 1 мың арендалық пәтермен қамтылатын болды. Бұл бағытқа жыл сайын 7,2 млрд теңгеден, ал үш жылда 21,6 млрд теңге бөлінетін болды. Бұл пилоттық жоба сәтті іске асса тұтас республиканы қамтитыны айтылған еді. Осындай жобаға сауда саласындағы жас кәсіпкердің де қатысуына мүмкіндік берілуі керек. Болмаса, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жас кәсіпкерлер үшін шағын отбасылық үлгідегі үйлер салуымыз керек», - дейді Қайырлы Кеңесбекұлы.

Нұр-Сұлтан қаласындағы кірістің 55%-ті шағын және орта бизнестің есебінен толатынын ескерсек, кәсіпкерлердің салмағы қандай екенін аңғару қиын емес. Сондықтан, праймеризге қатысушы Қайырлы Таукен жеңіске жетсе, алдымен жас кәсіпкерлердің әлеуметтік мәселелерін көтермек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5907