Әміржан Қосанов: «...Бұл партияны қаралау пиар-акциясы болуы мүмкін»
Әміржан Қосанов, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ Республикалық сайлау штабының жетекшісі
- Сайлауды алды кампания қалай өтіп жатыр?
- Мұндай науқанның талайын бастан өткіздік қой. «Бұдан да қиын кезде тойға барғанбыз» (күледі). Бірақ бұл сайлау- ерекше сайлау, өйткені таяу арадағы ел дамуының ең маңызды заңдарын осы Мәжілістің жаңа құрамы қабылдауы тиіс.
Өзіміз сынап жүрген Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, өткен мәжіліс сайлауында ресми түрде екінші орын алған партияның науқаны қандай болмақшы еді? Әрине, кем дегенде сол орынға лайық жүреді. Барлық облыс пен үлкен қалаларда штаб құрдық. Онда азаматтар күні-түні жұмыс жасауда. Бір қуантарлығы, жастар көп келіп, көмектесіп жатыр. Төралқа құрамындағы танымал тұлғалар топ-топ болып, облыстарды аралап жүр.
Басты мәселенің бірі - дауыс беру және санауды күшті бақылауға алу. Ол жағын да ұйымдастырып жатырмыз.
- Облыстық мүшелеріңіз неге аяқ астынан өзге партияға өтіп кетті?
- 250 мың мүшесі бар ұйымнан үш адам шықса да, біз үшін бұл үлкен мәселе. Өйткені, біз үшін әрбір мүшеміздің пікірі аса маңызды! Бірақ осы жолғы партиядан шығудың бір құйтырқылығы болып тұрғаны.

Ол азаматтар алдымен бізге келіп, біздің жұмысымызға көңілдері толмайтынын неге айтпайды? Әріптестер болса, сөйту керек емес пе? Неліктен Талдықорғанда партиямыздың басқа да мүшелерін жинап, жиылыс өткізбейді? Не себепті бірден Алматының төрінде, екінің бірі мәжіліс өткізуге шамасы келмейтін орталық баспасөз клубында шу көтереді? Және оны жерден жеті қоян тапқандай, «сүйінші сұрағандай» барлық мемлекеттік телерарналар неге жарыса көрсетеді? Шынымен өз партиясына жаны ашыса, сайлауға санаулы күн қалғанда, осылайша өздері су ішкен құдыққа түкірер ме еді?
Осыдан кейін мен: «осы қадамның астарында тапсырыс бойынша жасалған ЖСДП-ны қаралаудың пиар-акциясы жоқ» десем, басқаны айтпағанда, Сіз де сенбейтін шығарсыз...
- Олардың партия ісіне және басшылығына қатысты айтқандарына не дейсіз?
- Біріншіден, бізді «көсемшілдікке салынған, жеке бастарын насихаттап жатыр» деген сыңайда сын айтады. Біздің партия Төралқасын алып қарасаңыз, әрқайсысы «сен тұр, мен атайын» дейтіндей азаматтар, елге танымал тұлғалар. Әрине, олар жиі көзге түседі, журналистердің сауалдарына жауап береді, БАҚ-та жиі көрінеді. Бәлкім, соны айтқан шығар. Әйтпесе, партиядағы кез келген саяси шешім 52 адамнан тұратын Саяси кеңесте талқыланғаннан кейін ғана қабылданады. Сондықтан бізде «көсемшілдік» дегеннің орын алуының өзі қиын.
Мен туралы да айтыпты. Рас, облыстық филиал жетекшісі болған Айшымбаев мырзаға жұмысына байланысты талай рет сын айтқанбыз. «Көш жүре түзелер», деп үміт арттық. Алайда, жұмыс маңдымай қойды. Заманауи әдіс-тәсілдер игерілмеді, жастармен жұмыс жүргізілмеді. Ең аяғында, осыдан екі жыл бұрын, облыстық конференцияда ол тиісті қолдау ала алмады. Бірақ сол масқараға қарамастан біз: «Қасымызда қиын кезде табылған азамат қой. Сыртқа теппейік» деп оған тағы да мүмкіндік бердік. Бірақ ешқандай нәтиже болмаған соң, осы жылдың жазында оны жұмыстан шығаруға мәжбүр болдық. Орнына елге танымал, Республикалық фермерлер ассоциаициясын басқарған ғалым, ұстаз, экономика ғылымының кандидаты Құдайбергенов Тұрарбек ағамызды ұсындық. Ол кісі келгелі жастар қатары молая бастады. Жұмыста жаңашылдық пайда болды.
- Жаңаөзен оқиғасына байланысты құрылған комиссия жұмысы қалай жүріп жатыр?
- Тәуелсіз қоғамдық комиссия (ТҚК) өз жоспарымен жұмыс жасауда. Маңғыстауға барып келдік, бірақ басқаларға жол ашық болса да, ТҚК мүшелерін Жаңаөзенге кіргізбеді. Төтенше жағдай тағы да ұзартылды, енді біз тағы да Жаңаөзенге бармақшымыз. Ол туралы облыс әкімі мен Жаңаөзен комендантына тиісті хат жолдадық. Әзірше жауап жоқ.
Ақтауда жергілікті азаматтардың көмегімен ТҚК-ның аймақтық орталығын аштық. Ондағы әріптестер тиісті материалдарды жинастыру үстінде. Жаңаөзенде істі болып, тергеуде жатқан адамдарды қорғау үшін Алматыдан қорғаушыларды жіберіп жатырмыз.
Халықаралық ұйымдардың көбі Астанада. Солармен жұмыс жүргізуді қолға алған бір топ сол қалада жұмыс жасауда.
Сіздердің сайттарыңыз арқылы Жаңаөзен трагедиясы туралы қандай да бір мәліметі бар адамдарды бізбен хабарласуын өтінеміз. Ол бір комиссияның емес, баршамыздың міндетіміз!
- Әңгімеңізге рахмет!
«Абай-ақпарат»