ШҚО-да 58 оқушы коронавирус жұқтырған
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны артты.
"11 қазандағы соңғы мәліметтер бойынша 58 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды, олардың 34-і кезекші топқа барған, 24-і қашықтан оқыған", - деді Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Оқушылар арасында жұқтырғандардың көбі Риддер және Алтай қаласында тіркелген - 11 адамнан, сондай-ақ Глубокое ауданында 10 оқушы ауырып қалған.
Өскеменде 8 бала жұқтырған, оның алтауы қашықтан оқыған. Семейде 7 бала, біреуі қашықтан оқыған. Курчатов қаласында инфекция жұқтырған екі бала да кезекші топта оқыған.
"Егер аудандарды алып қарасақ, онда балалардың көбі Глубокое ауданында - 10 оқушы, Көкпектіде - 10 бала, сондай-ақ Шемонаихада - 2 оқушы, Күршім және Қатон Қарағайда - бір баладан жұқтырған. Ауырып қалғандардың көбі қашықтан оқыған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Abai.kz