Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2720 0 пікір 14 Қаңтар, 2012 сағат 11:35

Ырысбек Дәбей. «Сізге деген құрмет пен ілтипат деп біліңіз, тақсыр!»

Газетіміздің өткен нөміріндегі Олжас Сүлейменовтың Дінмұхамед Қонаев туралы толғаныстарын парақтап отырып, тұлға мен қоғам, асқақ адамгершілік қасиет пен екіжүзділік текетіресіндегі өте нәзік құбылыстар бей-жай қалдырмады. Азапты көңіл-күй мен аяулы сезімге бір уақытта бөленудің де сәті түскендей. Ішіңдегі ақ пен қараның тайталасы сыналар сәттің мезеттік шаққа байланған қасиетін сезініп, «сақ болайыншы» деп бір қамшыланып қалады екенсің. Күрделі қоғамдық құрылыстың жықпыл-жықпылына терең сүзіп, кесіп-піше алмасақ та, ойыңа бірдеңелер келеді...

Ертеректе Салтыков-Щедриннің «Бір шаруаның екі генералды қалай асырағаны туралы» хикаясын оқып, күйіндік пе, сүйіндік пе есімізде жоқ, әйтеуір, бізде болмайтын жағымсыз құбылыстай қабылдағанымыз рас. Кейінгі кезде сол шығарма жиі-жиі еске түсіп, сананы санға бөлетінін қайдан білейік. Өз басымыз империяның отарында болған соң Мемлекет, қоғам туралы онша бас

қатырмайды екенбіз. Қазақша айтқанда, өзің жемеген көтенішек, боғымен пісіп жатса да, бәрібір. Елге оралып, қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ екендігін көкірегің сезіп, көзің ашылған соң, ана бір әңгіме еске түсе береді-ау келіп...

Газетіміздің өткен нөміріндегі Олжас Сүлейменовтың Дінмұхамед Қонаев туралы толғаныстарын парақтап отырып, тұлға мен қоғам, асқақ адамгершілік қасиет пен екіжүзділік текетіресіндегі өте нәзік құбылыстар бей-жай қалдырмады. Азапты көңіл-күй мен аяулы сезімге бір уақытта бөленудің де сәті түскендей. Ішіңдегі ақ пен қараның тайталасы сыналар сәттің мезеттік шаққа байланған қасиетін сезініп, «сақ болайыншы» деп бір қамшыланып қалады екенсің. Күрделі қоғамдық құрылыстың жықпыл-жықпылына терең сүзіп, кесіп-піше алмасақ та, ойыңа бірдеңелер келеді...

Ертеректе Салтыков-Щедриннің «Бір шаруаның екі генералды қалай асырағаны туралы» хикаясын оқып, күйіндік пе, сүйіндік пе есімізде жоқ, әйтеуір, бізде болмайтын жағымсыз құбылыстай қабылдағанымыз рас. Кейінгі кезде сол шығарма жиі-жиі еске түсіп, сананы санға бөлетінін қайдан білейік. Өз басымыз империяның отарында болған соң Мемлекет, қоғам туралы онша бас

қатырмайды екенбіз. Қазақша айтқанда, өзің жемеген көтенішек, боғымен пісіп жатса да, бәрібір. Елге оралып, қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ екендігін көкірегің сезіп, көзің ашылған соң, ана бір әңгіме еске түсе береді-ау келіп...

Төсегінде ұйықтап, тағдыр тәлкегімен иен аралдан бірақ шыққан екі генерал алғашында дымды түсінбей, ақыры қарғысқа ұшырағандарын сезеді. Онша мойындағылары келмесе де, лаж жоқ. Қу дүние құм басқандай құлазып, жан-жақтарына көз салады. Тым-тырыс арал, сайраған құс, меңіреу орман. Өмірі қолынан «Ләпбай тақсыр! Сізге деген құрмет пен ілтипат деп біліңізден» басқа түк те келмейтін жағымпаз екі сорлы. Бейбақтар не істерін білмей, жандарында жатқан газетті аударып-төңкере бастайды. Елдерінде болып жатқан саяси, әлеуметтік ахуалдан гөрі, газеттің бір шетіндегі дәмді ас дайындауға қатысты мағлұматқа көздері түсіп, ішектері шұрылдап қоя береді. Самсап пісіп тұрған жемістерді қорек етпекші болып, ағашқа да өрмелейді. Киімдері дар-дар айырылып, сабасына түседі жазғандар. Әбден сілесі қатып, ақылын аштық жеңген соң бір-біріне тесіле қарап, арпақ-құрпақ алыса кетеді. Қып-қызыл қанға боялған генералдар бірін-бірі ала алмай, «ет жегісі» келген ойларының да ойраны шығады. Құр сүлдерлері қалған екеуі: «Астапыр Алла! Қандай азғындыққа бардық. Бұнымыз болмас. Бір еңбекқор шаруаны тауып, қарынның қамын жасайық», - деп иен аралды сүзе аралауға кіріседі. Құдай қолдап, ағаштың түбінде ұйықтап жатқан шаруаны жолықтырады. Әлсізді көрсе айдарынан жел есіп, үстемдігін жүргізгісі келіп тұратын пақырлар көктен іздегендерін, жерден табады. Бейғам жатқан шаруаны бүйірден бір теуіп, әкіреңдей бастайды. «Күн төбеге келді. Сенің пыр-пыр ұйықтап жатысың мынау! Ұялсаң қайтеді, арамтамақ! Үкіметті кінәлайсыңдар онымен қоймай. Ой, месқарын!..». Тосын тиген соққыдан шошып оянған байғұс шаруа, шыж-быж боп, ақтала бастайды. «Кешіріңіздер, мәртебелі тақсырлар! Сәл демалайын деп ағаштың көлеңкесіне келген бетім осы еді, мызғып кетіппін». Қарсы алдында шекшиіп тұрған генералдар онан бетер айқұлақтанып: «Тез тұр да, бізге тамақ дайында!», - деп ақырады. Шаруа алдымен ағаш басына тиынша өрмелеп, генералдарды жеміспен қарық қылады да, іле шала ыстық ас дайындауға кіріседі. Ішіп-жеп, арғы жақтарына ел қонған екеу газет көріп, ел тағдырына «бас қатыра» бастайды. Сауық-сайранмен өмірлері өткен тоғышарлар газеттен басқа ермектері болмаған соң (бар жоғы бір дана газет қой сол), ары-бері аударып, саяси сауаттары «өсіп», пікір-таластың да көрігін қыздырады. Сонымен не керек, шаруа бейшара екі әбілетті өбектеп ұйықтатып, сылап-сипап оятып, біраз уақыттан соң ағаштан қайық жасап, оған құстың мамығын төсеп, мың бір машақатпен генералдарды еліне де жеткізеді. Үйлеріне жүдеп-жадамай, аман-сау жеткен пақырлар, шаруаға деген «шексіз ризашылықтары ретінде» жиналып қалған зейнетақыларынан «асқан мырзалықпен» бес сом ақша және бір стакан арақ береді. «Осыған риза бол» деп жолға салады сорлыны...

Бұл шығарманы жоқтан тапқандай созбақтап, уақыттарыңызға жасаған қиянатымыз үшін кешірім өтінеміз, әрине. Салыстырулар арқылы ғана өзіміз айтып, өзіміз сеніп жүрген өркениетті қоғамның өткен шақтан озғаны мен тозғанын анық барлауға мүмкіндігіміз туады. Табан ет, маңдай тердің қақысын сауып, обал мен сауапты таразылау ұмыт қалған мезгілді - аспандағы құсты аздыратын сөзімізбен жуып-шаюға болар. Өкініштісі, ол кезде уақыт өтпей, уақыттың қасынан иығымыз түсіп, өзіміз өтіп бара жатқанымызды сезбей де қаламыз. Жарамсыз, тоғышар адамдардан құралған қорғансыз қоғамның «сағым қамалын» кірпік қақпай күзеткен «адалдықтың» азабын шегер біз емес, жаутаң көз жеткіншектер. Өмірдің бұралаң жолында қайталанып тұратын ұқсастық пен ұятқа сын болар нәрсені өзіңнің де ет құлағың ести-ести, етің үйрене бастайды екен. Тіпті, қызығы шені де, шекпені де ұқсайтын ауыздың бір-біріне түкіріп қойғандай сандырағын ұзақ күбірлейтінін қайтесің? Әлде адам топастығының «топты жарып», зәу биіктен көрінетіні - Қияға ұшып қыран, бауырымен жорғалап жылан да шығатын абсолютті ақиқатты көрсетіп тұратын Тәңірінің ісі ме? Не десек те, қай қоғамда да осы ақиқаттың өзгермейтініне көзің жетеді. Миығыңа ұялаған манағы күлкінің жұрнағы да қалмай, терең күрсініп, теріс айналасың. Жазушысы келіссе Салтыков-Щедриннің екі генералын жолда қалдырар «мәңгілік кейіпкерге» бай елде өмір сүру де бір «ғанибет». Теледидар мен ғаламтор бетте­рінде солардың «әзіліне» қарық боп, ішегің түйіліп, «бір жасап қаласың». Сіздің де назарға сала кетейік.

Өткенде бір ресми жиналыста экс депутат министрге өзінің назын жасырмай, бұртиып қалды. «Жақында салат істедім. Бірақ аскөк Израильден, қызанақ Испаниядан, қияр Қытайдан әкелініпті. Тек күнбағыс майы ғана біздікі болып шықты». Ала жаздай арып-таласып, тірнектеп жиған өнімін қара базарға салып, наны мен сүтін тауып отырған халықтың жағдайын білетін министр де ер екен, ағынан жарылды. «Қымбат жерге барғансыз ғой шамасы. Арзандау жерлерде елде өсетін көкөністер толып тұр»... 4-5 жыл бұрын бұдан да сорақысын естіген құлақ «е,е,е...» деп, елемеген сыңай таныта саламыз. Ол жолы тағы бір министріміз ауылда тұрып жатқан жұрттың бірер сиыр, үш-төрт тауығын санап, жұмыртқа мен сүттен түсер табыстан «дөңгелек дәулетті» өреге жеткен елдің «ертеңі нұрлы» деп, жарқын болашаққа сендіргісі де келген. Күлсеңіз де, жыласаңыз да заманалар бойы жалғасып келе жатқан дерттің дауасы жоқ-ау. «Айналдырған ауыру алмай қоймасын» «Жаңаөзен сабақтары» еске тағы бір салды. Қилы кезеңнің үстінде тұрып та «әзіл-сықаққа» уақыт таптық. Жасыратыны жоқ, адам басын жалмаған қаралы оқиғаны БАҚ-ы қазаққа тән естірту тәсілмен (сондай кезде ұлтымызға тән қасиетті жақсы пайдаланамыз ғой) жеткізді. Құзырлы органның баспасөз хатшысы сөз алып: «Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіз­дік кезінде оқ та атылды. Бірақ оқтың аяққа қарай атылғанын баса айтамыз», - деп мүләйімсіді. Оқ - басқа атылса да, аяққа атылса да сұрапыл ажал бүріккен, суық қорғасын. «Аяқтан да адам өледі екен» деп, кешегі «суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін қазақтың ұрпағы азған екен ғой»,- деген ойға қамалдық. Әйтпесе, аяқ не тәйірі! Қара санын жебе үзгенде де, аяғын қанжығаға байлай сап, сұрапыл соғыстың өтінде жүретін қазақ емес пе едік! Басқа айтар сөздің реті де жоқ бұндайда...

Р.S.

«Жерге қуылған адам пендесінің тәубесіне келіп, істеген күнәларын жуып-шаюға мүмкіндік алғаннан бері, азғырушы шайтанның жұмысы да анағұрлым арта түсті», - дейтін үлкендер. Әркімнің Амал дәптеріндегі қатталып-шотталып жатқан дүниелерге үңілуге құқымыз жоқ болса да, адамзаттық мұраттың бір жүйеге түскендігіне көп уақыт болғандығын еске алмасқа шарасызбыз...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435