Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
2207 0 пікір 16 Қазан, 2020 сағат 16:07

Еріктілердің еңбегі елеусіз қалмайды!

Қазақстан Республикасының отыз жылға жуық тарихында ел өмірі үшін өте маңызды жылнамалар болғанын бәріміз білеміз. Дәл сонда ел тарихында алар орны ерекше жылдардың бірі биыл, 2020 жыл болды деуге болады. Бұл деуімізге себеп,  2019 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы (волонтерлер жылы) деп ресми жариялған болатын.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңдағы еріктілердің қоғамдағы маңызын түсіндінген болатын. Еркіті болу кейбіреулер айтып жүргендей еріккендердің ермегі емес. Сол секілді еріктілерді еріккендер деп қарауға тағы болмайды. Біз бұл тұжырымды ел президентінің сөзінен түйіндеп отырмыз. Демек, еріктілер қоғамдағы үлкен қозғаушы күш, жетпей тұрған тұсты жалғам, көмек керек жерде қол үшін созатын үлкен күш деуге болады.

Бәріміз білетіндей биылғы жыл біздің елге ғана емес, тұтас әлемге ауыр тиіп жатыр. Жыл басында күш алған коронавирус індеті тұтас әлемді табанынан тік тұрығызып, қыиындыққа ұшыратты. Осындай қиын қыстау күнде ірі қалаларда ғана емес, алыс ауыл аудандарда да көмекке мұқтаж адамдар көптеп кездескені шындық. Міне осындай сәтте жығылғанды сүйеп, сүрінгенді демегендердің арасында еріктілердің алар орны еркеше болды.

Жаз басында коронавирус індеті еліміз аумағында барынша өршіп, тұтас елде карантин жарияланып, төтенше жағдай енгізілген тұста жұмысынан айырылып, табысынан қағылған, қиыншылыққа ұшыраған жандар аза болған жоқ. Ол азаматтарға мемлекет, ел үкіметі қолдан келгенше көмектесті. Ешкім үкіметтің назарынан тыс қалған жоқ. Барлық көмекке мұқтаж жандар мемлекет тарапынан қажетті көметі алды деп сеніммен айтуға болады. Осындай сындарлы кезде ел азаматтарының нағыз азаматтығы сынға түсті деуге негіз бар. Ал еріктілер осындай сәтте кеуде керіп алға шығып, басын бәйгіге тіке отырып, қиын кезеңде халықпен бірге болды. Сол үшін де оларды бейбіт заманның батырлары десек артық айтқанымыз еммес. Ақылы мен азаматтығы, білімі мен білігі қатар азаматтар ғана осындай тар жол тайғақ кешуде елге көмектесіп, кеуде керіп алға шығады.

Сол үшін де еріктілердің еңбегі ескерілуі, батырлықтары бағалануы, жақсылықтарына жақсылықпен жауап қайтарылуы керек деп есептейміз. Еріктілердің еңбегін өз деңгейінде бағалауды еріктілерді қолдаудың айқын көрінісі деп қабылау керек.

Біз сөз етіп отырған Республика көлеміндегі ерікті жастардың арасында студенттер де аз емес. Ендеше еріктілердің еңбегін бағалайтын университеттер өз студенттерінің ізгі істеріне лайық бағасын беруі керек ақ. Осы орайда ерікті жастарға үлкен қолдау көрсеткен оқу орындары жайлы айта кеткен жөн шығар. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы Silkway Халықаралық университетінің басшылары елдегі төтенше жағдай кезінде, және Мақтаарал мен Төлеби ауданында орын алған апатты жағдай кеін мемлекетіміздегі төтенше жағдай кезінде кеуде керіп алға шығып, белсенділік танытқан, қиындыққа ұшыраған халыққа көмек қолын созған жастарды марапаттады. Атап айтқанда, қырыққа жуық ерікті жас осы маусымдағы оқу ақысынан толықтай төлемейтін болды. Бұл ел үшін еңбек еткен ерікті жастарды ынталандыру мақсатында жасалып отыр дейді университет басшылары.

Сонымен қатар, аталған жоғарғы оқу орны белсенді студенттердің әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстай отырып, без жүзге жуық студенттің оқу ақысына түрлі деңгейде жеңілдіктер жасады. Мұның бәрі қоғам үшін қызмет етіп жүрген ерікті жастарды қолдау, ынталандыру, шабыттандыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар екенін еске сала кетейік.

Сөз соңында айтарымыз, волонтерлік бүкіл әлемде кең таралған қоғамдық күш. Осы еріктілердің күшімен тұтас дүниеде қаншама ізгі шаралар жүзеге асып жатыр. Статистика бойынша, әлем тұрғындарының сегізден бір бөлігі ерікті болып қоғамдық жұмыспен айналысады екен. Тағы бір мәліметке сүйенсек, ғаламшармызда ерікті болып, ел үшін еңбек етіп жүрген жандардың жалпы саны бір миллиард көлемінде көрінеді. Ал бұл көрсеткіш біздің елде де жыл сайын артып келеді. Мөлшермен елімізде отыз мыңнан аса адам ерікті болып қызмет атқарады екен.

Abai.kz

0 пікір