Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3087 0 пікір 8 Ақпан, 2012 сағат 04:31

Бейбіт Қойшыбаев. Т. Рысқұловтың Сталинге хаттары (жалғасы)

Біздің қолымызға тиген ксерокөшірмелер РГАСПИ-дің 17-қорында, 85-тізбедегі 77-істің 196-244-реттік сандармен беттелген парақтардан жасалған. Құжаттардың мазмұнына және олардың соңына қойылған даталарға қарағанда, іске тігу кезінде олардың берілу реті сақталмаған. Іс жүргізушінің оларды өзінше жүйелеп хаттағаны аңғарылады. Біз де құжаттармен сол тәртіпті бұзбай таныстырғанды жөн көріп отырмыз.
Сонымен, 196-198-ші беттерді машинкаға басылған үш парақ алып тұр. Шартты түрде оны 1-ші құжат деп атайық.

№ 1 құжат
Құпия
РКП ОК-ге СТАЛИН жолдасқа
(Қалған даналары ОБК-ге және ГПУ-ге берілді)

Бұрынғы «Алаш-Ордашылар» туралы негізгі баяндамамен бір мезгілде  мен мынаны хабарлаған едім: қазақ коммунистері ішінен бірқатар адам олардың үстінен Ташкенттегі парторгандар мен ГПУ-ге сөз жеткізбек болып жүргенін олар біреулер арқылы біліп алды, сөйтіп, сол кездің өзінде көрсетілген арызды, мүмкін болса, тіпті барлық фактілі материалды ұстап алуға тырысқан шара қолданды.

Біздің қолымызға тиген ксерокөшірмелер РГАСПИ-дің 17-қорында, 85-тізбедегі 77-істің 196-244-реттік сандармен беттелген парақтардан жасалған. Құжаттардың мазмұнына және олардың соңына қойылған даталарға қарағанда, іске тігу кезінде олардың берілу реті сақталмаған. Іс жүргізушінің оларды өзінше жүйелеп хаттағаны аңғарылады. Біз де құжаттармен сол тәртіпті бұзбай таныстырғанды жөн көріп отырмыз.
Сонымен, 196-198-ші беттерді машинкаға басылған үш парақ алып тұр. Шартты түрде оны 1-ші құжат деп атайық.

№ 1 құжат
Құпия
РКП ОК-ге СТАЛИН жолдасқа
(Қалған даналары ОБК-ге және ГПУ-ге берілді)

Бұрынғы «Алаш-Ордашылар» туралы негізгі баяндамамен бір мезгілде  мен мынаны хабарлаған едім: қазақ коммунистері ішінен бірқатар адам олардың үстінен Ташкенттегі парторгандар мен ГПУ-ге сөз жеткізбек болып жүргенін олар біреулер арқылы біліп алды, сөйтіп, сол кездің өзінде көрсетілген арызды, мүмкін болса, тіпті барлық фактілі материалды ұстап алуға тырысқан шара қолданды.
Маған жеткен мәліметтер бойынша,  «Алаш-Ордашылар» өздерінің үстінен жазылған осы арыздың мазмұнын Ташкентте әлден біліп алды. Бұл былай болды. Арыздың бір данасын Қожанов әлде-бір жолмен қолына түсіріп алған, оқып шыққан да, осы партияда жоқ бұрынғы алаш-ордашыларға жасырын түрде көрсетіп шығыпты. Соңғылар ыңғайы бірнеше мәжіліс өткізген де, алдын алу шараларының тұтас бір қатарын қабылдаған.  Ал баяндама партиялы жолдастар тобы атынан енгізілген еді ғой, онда маңызды құпия хабарлар бар, мәселен, мынандай: «Алаш-Ордашылардың» құпия отырыстары туралы, олардың пәтерлерін тінту қажеттігі жөнінде және тағы сондайлар.
Парторгандардарға жолданған арыздың бір данасын қолға түсіріп ала алған партия мүшесі Қожанов қалай ғана оны артынша сол Алаш-ордашыларға хабарлай алды. Ол өзі туралы айтылғандарға жауап бере алар еді, бірақ егер баяндаманың соңғы бөлігінде айтылатын Алаш-Ордашылармен еш ортақтығы жоқ болса,  онда оны ол басқаларға бермес еді, бермек түгіл, сол Алаш-Ордашыларды өзі әшкерелеген болар еді.
Енді белгілі болып отырғандай, осы арыз туралы хабар жан-жаққа тарап кетіпті. Алаш-Ордашы белсенді қайраткерлердің бірі  Есболов (Колчак полкінің бұрынғы командирі, ал Түркістанда Наркомзем алқасының мүшесі болды, Қосшы атынан Мәскеудегі халықаралық шаруалар съезіне қатысты және с.с.) қолдарына түсірген арыздың хабарын қазір Орынборға әкелді, сондағы Дулатов, Ах. Байтұрсынов және басқаларды ескерту үшін келді, сондай-ақ Алаш-Ордашылардың қайтадан Қазақияға көшіп баруына орын дайындамақшы. Мұның үстіне, жұрттың айтуына қарағанда, бұл арыз, Қожановтың сөзі бойынша, Рысқұловтың істегені деп бәріне хабарлап жүрген көрінеді. Жалпы Алаш-Ордашылар Ташкентті тастап кетуге белді бекем буған тәрізді (ыңғайы, Қожановтың кеңесі солай болған).
Бұл туралы тіпті Мәскеудегілер де біледі. Бір адам арқылы жақында маған қабылдауымды сұрап (шамасы осы хабарға шошынған болу керек) Әл. Бөкейханов телефонмен хабарласты. Мен кездесуден бұлтарып кеттім, өйткені онымен өзі жақсы таныс та емеспін.
Қожанов енді, шамасы, менің мақалаларыма жауап беруге дайындалып жатыр. Ол онда да менің үстімнен «материал» бар деп елдің бәріне айтып жүр деседі - мен ол материалдарды білемін, бірақ мен перде сыртынан «сыпсыңдаспай», оларын ашық жариялауын қалап жүрмін. Басмашылар жайындағы (айтпақшы, жаңа емес), атап айтқанда Жанұзақов туралы әңгімелерге келсек, мұның бәрінің астарын мен де ашамын. Мен Жанұзақов пен Қожановтың арасында не болғанын білемін, бірақ бұл жайында жеке жазамын.
Міне енді басмашылар  туралы мәселеге байланысты мынандай сұрақтар төңірегінде ойланған жөн: Қожановтың достары, мысалы, Х.Болғанбаев, Дулатов, Бірімжанов және басқалар  1921 жылы қайда болды екен. олар осы басмашылармен байланысқа шыққан жоқ па екен. мен қазір басқалардан біліп отырмын, мәселен, Бірімжанов (Алаш-Орданың бұрынғы қайраткерлерінің бірі) 1921 жылы әлдебір шаруамен, жанама түрде Қожановтың тапсырмасы бойынша, Бұхараға барып қайтқан (Энвермен көрісу үшін деседі). Ал осы  Бірімжанов кейін, өзге де контр-революциялық көңіл-күйдегі адамдармен қатар, Германияға оқуға жіберілді.
Мен өзімнің былтырғы сапарымда Түркістан мен Бұхараның Германиядағы студенттерімен танысып шығып, олардың көпшілігі советтік құрылысқа қарсы тәрбиеленіп жатыр деп таптым, ал олардың жетекшісі қайдағы бір бұрынғы авантюрист (бірақ білімді) татар Идрисов түріктік және басқа да консулдықтармен байланыс жасайды, Бұхара мен Түркістандағы жағдайдың егжей-тегжейін біздің қарсыластарымызға хабарлап тұрады.
Мәскеуге келгеннен кейін мен бұл жайында Рудзутак жолдасқа айттым, бірақ ол өзінің әдетімен, былай айтқанда, «көңіл аудармады». Мен сонда студенттердің бірлігін ыдыратып, біздің Өкілетті өкілдікке өзара жиі қатынасып жақындасуға икемдедім, соңғыны ескерттім, ал Бірімжановты студенттер бюросына енгіздім, себебі ол Идрисовпен жауласып жүрген, олар бірінің үстінен бірі Өкілетті өкілдікке толық хабар жеткізіп тұрған болар еді. екінші жағынан, бұл басшыларды бірден алып тастауға немесе оларға күдік келтіруге болмайтын еді, өйткені олар ондайда дайындалып үлгере алар еді.
Бірақ сол Бірімжанов бірде маған Шоқаевтың Парижден Берлинге келген сайын ұдайы онымен және басқалармен көрісіп тұратынын айтты, тіпті менен Шоқаевқа материалдық көмек сұрап алуға тырысты, себебі ол мұқтаждықтан қиналып жүр деді. Мен сонда оған көмектеспек түгіл, студенттер жалпы осы бір Шоқаевпен көрісе беретін болса, онда бәрі де кері шақырып алынады дедім. Енді олар қайтадан татуласқан болып шықты, қазір Идрисовтың (Файзулла Ходжаевтың итаршысы және сенімді адамының) тонның ішкі бауындай компаниясы өз жұмысын жалғастыруда.
Осы Бірімжанов арқылы әлгі Қожанов және басқалар Шоқаевпен байланыс жасап тұрмай ма екен. Меніңше,   байланыстары бар. Шоқаев өзінің мақалаларында Сөвет өкіметіне жала жабу үшін тегіннен тегін «Ақ жолға» және одан алынған үзінділерге куә ретінде жүгініп жүрген жоқ қой (оның «Дни» газетіндегі мақалаларын қараңыз).
Міне мен осы фактілер туралы хабардар етсем деп едім және бақылауды күшейту қанша дегенмен ГПУ-ге қызықсыз болмас еді деп ойлаймын.
Сөзімнің қорытындысында мынаны айтуға тиіспін: туземдіктердің қазір өсіп келе жатқан  және біз арқа сүйеуге үміт артып отырған коммунистік деп аталатын жастары әзірге өте жас болып шықты, олар жас және шатасып жүреді. Осы жастар алдында, мәселен қазақ  жастары алдында Алаш-Ордашылар үлкен беделге ие болып тұрған көрінеді, жастар олардың идеологиясына қарсы шықпақ түгіл, тіпті олардың бетіне тік қарауға батпайды. Сондықтан осы жерде коммунистік жастарға шамасы партияның өзі жәрдемге келуі керек шығар.

1924 жылдың 30-шы сәуірі. Мәскеу қ. (Т.Рысқұлов деп қолы қойылған).

Осы құжаттан кейін, аталған істің 199-бетін Тұрардың өз қолымен жазылған шағын хат алып тұр...

№ 2 құжат

Партияның Орталық Комитетінің секретариатына
Товстуха жолдасқа.

Сталин жолдастың атына ұсынылған «Алаш-Орда» туралы баяндамаға мен қол қойып берген жөнелтпе қағазда үлкен қате кетіп қалыпты. Қазақтардың (түпнұсқа мәтінде: киргиз - Б.Қ.) саны 9-10 миллион деп көрсетілген, бұл дұрыс емес, ал дәлірек барлық қазақтардың санын 5 ½ - 6 миллион деп санау керек. Егер қазақ аудандарында тұратын («населяющих киррайоны») жалпы барлық ұлттардың санын есепке алсақ, тек сонда ғана бұл мөлшер 8-9 миллионға жақындайды.
Тиісті орынға түзету енгізуіңізді өтінемін.
15 - V. (Т.Рысқұлов деп қолы қойылған).

Иван Павлович Товстуха Сталинмен бірге қызметін 1918 жылы Ұлт істері жөніндегі халклматта бастап, 1921 жылы оның жеке секретариатының меңгерушілігіне ауысқан, яғни сеніміне бекем кірген қызметкер болатын. Сталин 1922 жылы Бас хатшы болып сайланғаннан соң оны  Орталық Комитеттің секретариатына ауыстырып, ресми түрде «ОК хатшысының көмекшісі» лауазымын береді. Товстуха Бас хатшының көмекшісі ретінде ОК секретариатының Бюро жұмысына да басшылық жасайды. Рысқұлов онымен Мәскеуде Наркомнацта қызметте болған жылдарынан таныс болса керек. Ыңғайы, Сталинге жазған хаттарының бәрін тікелей осы қайраткер арқылы жеткізіп отырған...
200-параққа, іс жүргізуші кеңесе яки мұрағат қызметкерінің  мұқиятсыздығының салдары болар, басқа хаттың (шамасы, ол да хатшылыққа,  И.Товстуха атына жазылған болу керек) соңғы беті тігілген.  Бұл хат та қолмен жазылған. Оны кезегімен 3-ші құжат деп таңбалап, жеке келтірейік..

№ 3 құжат

...Егер Сталин жолдас жеке өзі бәрін оқып шыға алмайтын болса, онда тым болмаса мыналарды оқығаны дұрыс болар еді: а) негізгі баяндамада - айыптау тармақтары (22-бетті қараңыз), б) «Алаш-Орда» қайраткерлерінің тізімі және олардың Түркістандағы қазақ халқын басқару жөніндегі қазіргі жұмысының сипаты - қосымша ұсынамын, в) барлық қалған мтериалды танысып шығуға басқа әлдекімге тапсыруға болады, бірақ жолдас  Сталиннің тікелей өзі оқығаны жақсы болар еді. г) «Дни» газетінің Шоқаевтың шетелде Түркістан туралы жазған мақалалары бар (осы жылғы 1 және 4 ақпанда және кейіенгі күндері шыққан) нөмірлерін оқығаны жақсы болар еді.
Баяндаманы осымен бір мезгілде мен ОБК (ЦКК) мен МСБ-ға (ГПУ-ге) беріп отырмын.
22 - IV.    (Т.Рысқұлов деп қолы қойылған).

Бұдан кейінгі 201-202-ші парақтарға «Анықтама» деп аталған төрт беттік хат тіркелген. Енді сонымен танысайық. Бұл осы істегі 4-ші құжат.

№ 4 құжат

Құпия
РКП ОК-ге Сталин жолдасқа
(Одан басқа, бұл баяндама ЦКК мен ГПУ-ге берілген)
/АНЫҚТАМА/

Осы баяндамаға жөнелтпе жазбасымен бірге келесі жолдастар: Саматов, М.Абдурахманов және басқалар (коммунистік жастардың қазақ бөлігінің басшыларынан) және Қ.Сарымолдаев, М.Қашқымбетов, Д.Нысанбаев, Д... , Арабаев және басқалар (негізінен 1918 жылдан коммунистер) қол қоюға тиіс еді.
Бұл адамдар маған бөлек-бөлек үн қатып, Түркістан халқының қазақ бөлігінде «Алаш-Ордашылар» контрреволюциялық жұмыс жүргізуде, оларды Қожанов тобы қолдайды деп көрсетті. Бірқатар фактілерге нұсқады. Сонда біз бірлесіп сол фактілерді зерттеп көрдік те, олардың күдіктенуіне негіз бар екеніне көзіміз жетті. Оның үстіне, осы негізде олардың арасында Киринпрос (Қазақ ағарту институты - Б.Қ.) пен Комуниверситетте (Коммунистік университетте) әлден-ақ үлкен егесу орын алған.  
Мен өзімнің соңғы сапарымда барлық уақыт бойы дерлік,  жергілікті партия жұмысына мүлдем килікпей, тіпті жергілікті органдардың отырыстарына баруға да тура келген жоқ, үйімнен шықпай әдеби жұмыспен айналыстым (3 кітапша жаздым). Сондықтан, мен мұнда топшылдықпен шұғылдануды қаладым деп айтудың реті болмаса керек, бірақ қауіпті контр-революциялық жұмыс ашылып жатқанда, болып жатқан істі түсінуге тырысу - менің міндетім.
Мен көрсетілген жолдастарға ТКП ОК мен РКП ОК-ге әшкерелеуші материалдарды тіркеп құпия баяндама беру жайында кеңес айттым. Солармен бірге осы баяндаманы жазуға қатыстым. Тек қана орын алған және көпшілігі құжаттармен расталатын фактілерді тізбеледік. Мен өзім алдында бұл баяндамаға қол қоюды ыңғайсыз көрген едім, көрсетілген жолдастар алғашқыда өз беттерінше шығуға тиіс еді. бірақ әлдебіреу мен жүріп кеткеннен кейін әзірленіп жатқан шаралар жайында «Алаш-Ордашыларға» жеткізіп қойыпты да, олар бірқатар үрейлендіретін  және террор жүргізетін шаралар қабыл алып үлгерген көрінеді. Мәселен, олар туралы айтылатын баяндамалар мен материалдарды аталған жолдастардың пәтерлерінде тартып алуға ниеттеніпті.
Сондықтан жоғарыда мен тізген жолдастардың көбі шамасы абыржып қалды, сондықтан да осы уақытқа дейін өздері мәселені көтере алмады... мен оларға ең алдымен КПТ ОК жауапты хатшысы Варейкис жолдаспен және ГПУ Басқармасымен келісіп алу жөнінде кеңес бердім. Баяндаманы аялдамастан Мәскеуге салып жіберулері керек еді, бірақ шамасы мұны да осы уақытқа дейін істеп үлгермеді. Сондықтан мен, мәселенің айрықша маңыздылығын ескере отырып, аталған баяндаманың маған берілген көшірмесін растап, ЦКК РКИ-ге (ОБК - ЖШИ-ге, Орталық Бақылау комиссиясы - Жұмысшы-шаруа инспекциясына - Б.Қ.) ұсынуға шешім қабылдадым.
Мен ешқашан «Алаш-Ордада» болған емеспін, «Қоқан автономияшылы» болмадым және «жәдид» игтеллигенциясына да кірген емеспін, мен мүлдем қарама қарсы жағдайда өстім. Кейбір жағдайларда мен «қателіктер» мен «иіні жұмсақтыққа»  жол берген екенмін, мойындаймын, олардың себептерін мен кейін ашып жазамын. Бірақ мынаны айтуға тиіспін: өзінің табанды идеясымен Совет өкіметіне  қарсы, өз ойы мен насихатын тіпті партиялық қазақ баспасөзі арқылы өткізуден ұялмайтын ұйымның тура бір бүйірімде жұмыс істеп тұрғаны жайында мен күдіктенбеген екенмін.
Мұның бәрі толық мәнінде қазір ғана және мүлдем күтпеген жерден ашылып келеді. Бұл ұйым 3 жыл жұмыс істеді және осы 3 жыл ішінде Түркістандағы қазақ халқының бұқарасына ықпал ету тетіктерін өз қолдарына алып, шынымен де  нығайып үлгерген болып шықты. Сондықтан да мен өз тарапымнан «Алаш-Орда» туралы мәселені ОБК мен ОБК - ЖШИ алдында тіке қабырғасынан қоямын. Қазақ (түпнұсқада: «киргизские») коммунистері (көпшілігі) әлден біледі, бұл жайында қауесет те тарап жатыр. Шынайы коммунистер тиісті шешімдерді күтуде және осы мәселеге партияның басшы органы тарапынан баға берілуін тосып отыр.
Егер осы баяндамада айтылғандардың бәрін әйгілі Мұстафа Шоқаевтың жақында эсерлік «Күндерде» басылған Түркістан туралы ұзын мақаласымен және  «Қарсаңда» («Накануне», 1922-1924 жылдары Берлинде күн сайын шығып тұрған газет - Б.Қ.) беттерінде басылған менің мақалама жауабымен салыстырып қарасақ, онда Шоқаев Түркістаннан жүйелі түрде материалдар мен анықтамалар алып тұратыны туралы көрсетеді, онда мына жәйт айқын бола түседі: шетелмен байланыс орнатқан үлкен ұйым бар.
Мен басында көрсеткен жолдастарды шұғыл түрде сұрастыру қажет, олар осы баяндаманы растайды. Және олардан қолдарында бар қосымша фактілі материалдарды талап ету керек. Баяндаманың бұл редакциясы олардың жоғарғы парторгандарда жобаланған мәселе көтерулеріне қатысты етіп жасалған болатын және редакцияның сол түрінің көшірмесі мұнда толығымен келтіріліп отыр. ЦКК мен ЦКК РКИ мәселенің өте салмақтылығын ескерер және осы мәселеге біршама қаталырақ қарап, соған сәйкес шешім шығарар деп ойлаймын, өйткені мұнда партия бағытын түзеу туралы және өте қауіпті анти-коммунистік құбылыстар жөнінде әңгіме болып тұр. Қажетті фактілік материалдарды мен мұқтаждық тууына қарай қосымша ұсынып тұратын боламын.
Жалпы алғанда, бұл жерде әңгіме екі қарама-қарсы идеялық бағытта болып тұр және соттасуға тиістерге мәселенің тура осылай принципті  қойылуы тұрғысынан соттасуға тура келеді. Бұл жерде ішкіпартиялық топтанушылықпен мәселені араластырудың реті келмейді. Мәселе өте елеулі сипат алуда.
Мен соңғы уақытқа дейін Қожанов пен оның адамдары шынымен де коммунист бола алған шығар, өздерінің барлық ескі өткен жолдарына ірге бөлген шығар деп ойлаған едім. Сондықтан белгілі бір дәредеше дейін олармен ымыраласып келгенмін. Бірақ оның бұрынғы қалыпта қалғаны, өз тұлғасымен тұтас ұйымды бүркемелеп отырғаны  анықталғанда, онда мынаны айту керек: оны тек идеялық жау ретінде қарап, одан межеленіп бөлінуге тура келеді. Бұл жерде кім кімді айыптап тұр дегенге емес, фактілерге сүйену керек және сол фактілер бойынша  қорытынды жасау қажет. Мен түсініксіз әрі партияның дұрыс бағытын шатастырған көп жәйт, соның ішінде жеке менің басыма да үйіп-төгілген жалалар да қазір анықталуда және әшкереленуде деп ойлаймын. Мен өзіме артық жағдай жеңіп алуға мүлдем тырыспаймын, мен бұған мұқтаж емеспін, кез келген жерде жұмыс істеуге әзірмін. Атымен әдеби жұмысқа кетіп қалуға да бармын (егер бұған рұқсат берсе, мен қуанар едім), бірақ өсіп келе жатқан шынайы коммунистік  ұрпаққа жолды тазалар беру керек. Өздерін қазақ халқы үшін қасірет шегіп жүргендей етіп көрсететін Алаш-Ордалықтар мен олардың қызметкерлері әзірге саяси және моральдік тұрғыда билеп тұрғанда, олар кең жолға шыға алмайды.бұл баяндаманың негізді мәні міне осында. Тағы бір рет сендіре айтамын, менің мақсатым жанға батқан және толғағы жеткен мәселені ашу. Бірақ бұдан жоғарғы парторгандар мен мұны өзімнің жеке көңіл-күйімнің жетегімен   жасап тұрғандай ойлап қорытынды шығармасын. Бұл көтерілу табиғи түрде пісіп-жетілді. Бір-бірін білмесе де, әр шалғайдағы талай қазақ коммунистері  осындай көңіл-күйге бөленгкен болып шығып отыр. Бұл баяндамада жеке басты күйттейтін сәттер жоқ, дегенмен осы мәселеге араласуыма тура келгеніне мен өзімді ыңғайсыздық жағдайда сезінемін.
Жалпы, қазақ еңбекшілері үшін негізгі мәселе көтерілді деп есептеймін (ал қазақтар елеулі бұқара - 9-10 миллион шамасында), енді мәселенің не олай не бұлай шешілуінен көп жағдайда қазақтар арасындағы коммунистік құрылыстың болашағы  айқындалатын болады.
18 сәуір 1924 ж. Мәскеу қаласы.
(Т.Рысқұлов деп қолы қойылған).
(жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3344
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6173