Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5288 19 пікір 24 Желтоқсан, 2020 сағат 12:22

Ресейлік БАҚ: «Қазақстанда ресейшіл топ басым»

Ресей МемДумасының үш депутатының сандырағынан кейін қазақ жеріне көз сүзу доғарылды ма десек, ресейлік БАҚ «орыс мүддесінің мәңгілік» екенін танытатын жарияланымдарды оданда бетер үдете түсті. Соның бірі lenta.ru медиабасылымындағы «Шектен асу Кеңестік өткен шақ туралы бір ауыз сөз Ресей мен Қазақстанды қалайша жүз шайыстырды//Перешли границы Как фраза о советском прошлом может поссорить Россию и Казахстан» атты мақала отқа май құя түсті.

Енді саясаткер, Еуроазия сараптама клубының басшысы Никита Мендкович деген суқиттың қаламынан шыққан мақаланы Abai.kz оқырмандарына аударып ұсынып отырмыз.

2020 жылдың соңындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақтық жүз жыртысу әлемдік оқиғалардың тасасында қалды. Бұл жүз шайысуға ресейлік депутаттың ортаазиялық мемлекеттердің кеңестік кезеңі туралы айтқанындағы, барша қазаққа мемлекет ретінде «КСРО сыйы» тарту етілгені болды. Осы бір ауыз сөз нағыз халықаралық жанжалға айналып, қазақ саясатындағы даму үстіндегі бізге қауіпті үрдіс көрініс берді. Арнайы «Ленты.ру» үшін Еуразия сараптама клубының басшысы Никита Мендкович орын алған жағдайды ақыл таразасына салып, неліктен дәл қазір Қазақстан тарихына қатысты бұндай ашық мәлімдеулер жасудың қажеті жоқтығын түсіндіріп бере алды.  

Соншама алыс тарих емес 

Ресейлік депутат Никонов «Большая игра» телебағдарламасында «Қазақстан жері – Ресей мен Кеңес Одағы тарапынан үлкен сыйлық» деп мәлімдеген болатын.   

Қарсы шабуыл көп күттірмеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов осы айтылған пікірге қатысты шара қолдануды талап етті. Әм Ресей мен Қазақстанның одақтастық қарым-қатынасына сызат түсіретінен баса айтты. 

Бір қарағанда ұлттық намысқа тиетін әдеттегі оқиға сияқты болып көрінгенімен, бұл кикілжіңнің астарында біраз дүние бұғып жатыр. Никоновтың айтқан сөзінің мән-мағынасы Қазақстан басшылығының ресми ұстанымымен, тіпті кейбір ортаазиялық республикалардың заңнамаларының қағидаттарымен сәйкеседі.  

Өз мемлекетінің көнелігіне деген сенім кез келген қоғамды шаттандырып, тұрақтылық сезімін сыйлайды. Қазақстанда заманалық мемлекеттіліктің бастау көзі турасында қилы пікірлер орын алуда. Осы мәнінде, Алтын Орда ауызға алынып, 2015 жылы республикада дүркірей тойланған Қазақ хандығының 550 жылдығы ойға оралады. Бірақ, өкінішке орай, көне қазақтардың кім болғандығы туралы толық айқындылық жоқ. Кейбір зерттеушілер «қазақ» сөзі «еркін» немесе «көшпелі» дегенді білдіреді дейді. Бұл атаумен кезінде мысалға құмықтар да қылаң берді. 

Сол себепті де Елбасы атанған Қазақстанның Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевта талай мәрте заманалық Қазақстанның мемлекет құруда көне тамыры болмағандығын  сөз етті. 

Бұл орайда Никита Мендкович Елбасының Түркияда 2012 жылдың 12 қазанындағы: «После того, как в 1861 году был убит последний казахский хан, мы были колонией Российского царства, затем Советского Союза. За 150 лет казахи едва не лишились своих национальных традиций, обычаев, языка, религии… Ваши  предки, уходя с исторической родины, из Тюркского каганата, забрали с собой название тюркского народа» дегенін естен шығарып алады.

Кеңестік дәуір сияпаты 

Иә, дәл қазіргі шекарасы бойынша Қазақстан жақында ғана өмірге келді. 1925 жылға дейін бұл аумақ КСРО құрамындағы РСФР қарауындағы астанасы Орынбор саналатын Қырғыз АКСР еді. 

Бұл автономияға дәл қазір Солтүстік Қазақстан облысы атанған Ресей империясының бұрынғы Омбы губерниясының бірқатар үйездері кірді. Бұл орайда  Никонов Солтүстік Қазақстанда қазақтар қоныстанбаған деп мүлдем қателеседі. Қазақтар ол жерде азшылықта болды. 

1926 жылы бұрынғы Омбы губерниясының 37% тұрғындарын этникалық қазақтар құраса, 56 пайызы орыс, украин және белорустардың үлесіне тиді. Кейін РСФСР құрамындағы Казак (Казах) АКСР құрылды. Оның шекарасы мен әкімшілік бөлінісі Бүкілресейлік орталық атком шешімімен 1935 жылдың 31 қаңтарында түбегейлі анықталды. Қазақстан өзінің жеке одақтас  республика мәртебесін 1936 жылдың 5 желтоқсанындағы кеңестердің Бүкілодақтық съезінде алды. Яғни, шын мәнісінде заманалық Қазақстанның шекарасын кеңес үкіметі бекемдеп берді.

Бұның бәрі БҰҰ мойындалған... 

Посткеңестік Ресей 1992 жылғы 16 шілдедегі және 2005 жылғы 18 қаңтардағы достық келісімшарттар бойынша Қазақстан шекарасын ресми мойындады. Ұжымдық келісімшарт бойынша осы бекемделген шекара бойынша Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау үшін өзіне міндеттеме алған болатын. 

Осы кезге дейін Қазақстанның СІМ осы тарихи фактіні жоққа шығарушыларға қатысты еш наразылық білдірген емес. Нұр-Сұлтанның ресейлік депутатқа қатысты бұл жолғы бұқан-талқан болуының мәнісі сыртқы емес, ішкі саясаттан туындап отыр.  

Ішкі толқу

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтеді. Ауысымсыз жеке дара билеп төсеуші «Нұр Отан» партиясы өз рейтингісінің өскенін мәлімдеуде, бұл елде баламалы сауалнама жүргізуге мүлдем тыйым салынғандықтан, мәлімделген нәтиженің шынайылығы дау туғызады. Қазақ және ресейлік саясаттанушылар Қазақстандағы қоғамдық көңіл толмаушылықты сөз етуде. Тіпті ереуілдік көңіл-күй турасында қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жоққа шығармайды.

Осы көңіл-күйді оппозиция сәтімен пайдаланып, дауыс беруге өз зәбінін тигізбекші. Оппозицияның түп тамыры мен ең белсенді бөлігі болып табылатын Қазақстандық ұлтшылдар алдын ала сайлаудың ешбір нәтижесін мойындамаймыз деп мәлімдеп, дауыс беру кезінде бүкіл елде бой көрсетулер әрекетін бастаймыз деп уәде етті. Барынша радикалды белсенділерді тұтқынға алудың басталуы, биліктің бұған бей-жай қарамайтынын танытады.

Міне, тап осы жағдайда америкашыл және ұлтшыл топтармен бұлғақтай ойнау басталды. Мысалға, «Нұр Отанның» партиялық тізіміне дау-дамайлы 1930-шы жылғы аштықты «қазақтарға жасалған геноцид» деп тану меморандумының авторы болып табылатын және АҚШ Мемдеп-і мен Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған америкашыл «Жаңа Қазақстан» партиясының басшыларының бірі белгілі ұлтшыл Айдос Сарым енді. 

Ресейлік депутат Никонов мәлімдемесі төңірегіндегі айқай-шудың өрбуін ұлтшылдар мен Батысқа арналған дабыл деп тануымыз керек. Радикалдар ұлттық намысқа қол сұқты дегенді бетке ұстаса, өз кезегінде АҚШ биліктегі режім Мәскеуден ірге ажырата бастады деп ұғынады. Бірақ ұлтшылдар ешбір мәмілеге келмейміз деп мәлімдеді. 

Саятсаткер-ұлтшыл Досым Сатпаев әлеуметтік желіде өз елінің СІМ кеңестік «сыйлыққа» қатысты бейқамдығы үшін жерден алып, жерге салды «Кез келген жағдайда тәуелсіздікті қорғау үшін алғашқы қадам жасау керек. Келесі қадам Қазақстанның әуелі ЕАЭО шығу, одан соң ОДКБ қатысуды мүлдем доғару»,- деп мәлімдеді. Белсендінің пікірінше бүгінгі биліктің тұсында бұл мүлдем мүмкін емес.

«Елде басқарушылық хаосы орын алып, билікке деген сенім дағдарысқа ұшырады… Жағдай тура Кеңес Одағы тарауының алдындағыдай мезетке ұқсас. Билік қанша жерден тырысқанымен ел бұрынғыдай бола алмайды. Қоғамдық сананың алмасуы орын ала бастады», - деп сес көрсетеді тап осы Сатпаев өзінің в интервью «Би-би-си» берген сұхбатында.

Оңтайлы нысана

Бұндай мәлімдеулер онша қауіпті көрінбейді, батысшыл ұлтшылдар Қазақстанда азшылықта. Республиканың үштен бірі ресейшіл көңіл-күйдегілерден тұрып, олардың басым көпшілігі Вашингтонмен байланысты болғанда не шектеп, не мүлдем тоқтату керек деп санайды.

Қазақстандықтардың 74%-ы ресейшіл көңіл-күйдегілерден тұрса, OpenMind жүргізген сауалнама бойынша ел тұрғындарының 64,5 пайызы АҚШ байланысты азайту керек десе, тек 27 пайызы ғана тереңдете түскенін қалайды. Оның үстіне ресейшіл электорат Қазақстанның ЕАЭО мен ОДКБ енгенін қолдайды. Арадаға келіспестіктерге еш қарамай, Ресеймен тереземіз тең деп санайды. Ресейшіл көпшілікке қарамай, республиканың ұлтшыл бөлігі мен саяси элитасы жаулық пиғылда. Ұлтшылдар өз оппонентерінің көзқарастарын өзгертуі үшін барын салып әлекке түсіп жатпайды, керісінше оларды басып-жаныштағылары келеді. Әм билік осы ахуалды ішкі саясатта ұстануға құлық қойып отыр. 

Ресеймен бірігуге шақырған және Қазақстанның ұлт саясатын сынаған белсенді Ермек Тайчибеков қамауға алынды. Донбас барып, ДНР мен ЛНР қолдағандары үшін Евгений Вдовиченко мен Иван Дубовский түрлі мерезімге бас бостандықтарынан айырылды.

Алматы тұрғыны Салтанат Ташимова жүргізушімен орысша сөйлескені үшін соққыға жығылды. Жығылғанға жұдырық дегендейін, сот оған төбелеске қатыстың деп айыппұл салып, сот кейін әлеуметтік желіде ақ қарғаға айналды. 

Ұлтшылдар орыс тілінің ресми мәртебесінен айыру үшін науқан жүргізе бастады, билік бұл жағынан олардың қолын қаққан жоқ. Өзіміз сыр тартқан Қазақстанның орыс тілді тұрғындарының бірі әлеуметтік желде саясатты сөз етуден бас тартқандығын ашып айтады. Белсенді блогерге қылмыстық айыптар тағылып, радикалдар тарапынан қоқан-лоққы көрсетіледі. Ал, ұлтшылдарға не айтам десе де ерік беріліп қойған. 

Бізге ауыз ашуға болмайды. Ал, биліктің бөлтірігі ұлтшылдарға бәрін айтуға болады. Бұрын бұндай кикілжіңдер неге елең етілмеді? Әдеттегідей екі ел арасындағы басбұзарлық деп қана санала салатын. Осы жазда мәселен, президент Тоқаев орыс тілі және оның мектеп пен жоо рөлін арттыру жайындағы саясаттың өзгеретініне қатысты мәлімдеме жасады.

Енді міне, бүйректкен сирақ шығарып, Қазақстанның СІМ ашуға булыға мәлімдеме жасап, елде антиресейлік көңіл-күй қалыптастырып отырған жайы бар. Бұл айналып келгенде ресей тарапынан мемлекетаралық қарым-қатынастағы проблемаларға жіті назар аударуға әкеп соғады. Осы орайда Қазақстандағы АҚШ биозертханасын айтсақта жетіп жатыр. Қазақ билігі түлкібұлаңға салып, уәде бергенімен жауып тастауға нақты қадам жасамай отыр. Дәл осындай еске салулар келе жатқан сайлау қарсаңында ресейшіл көпшілікке қазіргі билікті қолдата қояр ма екен?..

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371