Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5480 0 пікір 12 Наурыз, 2012 сағат 05:48

Бағдат Әбішев. Әй, әй бөпем, әй бөпем

Бесіктегі жатқан нәрестенің әдепті болып өсуіне тікелей әсер етер, бастау болар нәрсе - ана махаббаты мен мейірге толы бесік жыры.

Бұл өмірден тіпті де хабары жоқ сәбидің өмірге деген құштарлығын, айналасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын алғашқы қадам - ана жүрегінен шыққан «Бесік жыры».

Тәрбие жолына жетелер, өнегелі сөздермен өрнектелген бесік жыры, сәбидің жан дүниесіне рухани азық беріп, имандылықтың ұрығын жүрегіне себеді. Мұсылман дінінің шариғи жолымен біте қайнасқан дәстүрімізді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы мықтап ұстанғаны баршамызға мәлім. Бесік жырын ауыздан-ауызға жаттатқызып кейінгі ұрпаққа өсиет еткізіп қалдырған да біздің ата- бабаларымыз.

Жадындағы көксеген арман тілектерін ару ана, осы бесік жыры арқылы сәбиіне сыр ғып ашады. Сәбиінің болашақта жан жүрегі мөлдір, тұнық болып өсуін қалаған ана арманы, осы бесік жырының сөздерінде жақұттай жарқырап тұратынын ұмтпаған абзал.

Алайда, қазіргі таңда  рухани дәстүріміздің әлсізденіп бара жатқан бір бөлшегі де осы «Бесік жыры».  Бүгінгі жас аналарымыз бесік жырын айта ма екен? Көпке топырақ шашудан аулақпын, көненің көзін көрген ақ жаулықты әжелеріміз бен абзал аналарымыз болмаса, қазіргілердің көбі оған аса бас қатырмайтын секілді.

Айтуға ұят әрине, қазіргі уақытта  бесіктегі сәбиді ұйықтату үшін, ойнату үшін ұялы телефонды нәрестенің басына қойып даңғыраған шетел музыкаларын қосатындар баршылық. Ол әлі дамымаған сәбидің психологиясына қалай әсер етеді? Оны ойлап жатқан ата-ана кем. Бала түгілі ересектер қолданса, зияны көп ұялы телефонымыз бесіктегі балаға қандай зиян келтіретінін ойлансақ қайті?..

«Баланың бесігі- кең дүниенің есігі» деп данышпан Төле би бабамыз айтқан. Бесік кең дүниенің есігі болса, сол есікте жатқан сәбидің естігені даңғыраған еш тәлім-тәрбиесі жоқ шетел музыкасы болса, баланың миы шайқалып кетпейді ме?

Бесік жырына байланысты түрлі зерттеулер газет- журналдарда жарық көріп жатады.  Алайда, соған назар аударып, оқитын,  жаттайтын қыз келіншектер ілеуде біреу шығар.

«Жас балаға қазақтың әлди-әлди деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті» - деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, бесік жырын айту әрбір ананың сәби алдындағы борышы. Оны орындамасақ ата- баба дәстүріне қиянат жасағанымыз. «Ел боламын десең  -- бесігіңді түзе»  деп тектен- текке айтылмаса керек. Келешек бүлдіршін жас буын саналы да инабатты болып өссін десек қазірден бастап тәрбиені бесік жырынан бастағанымыз жөн.

Қорыта келгенде, бесік жыры келешек қоғам мұрагерлерінің тәрбиеленуіне әлі де болса өз ықпалын тигізері хақ.

Бесік жырының бір үлгісі ретінде Мұхтар Әуезовтың драмасы бойынша қойылған Ғазиза Жұбанованың "Еңілік-Кебек" операсынан алынған Еңіліктің Бесік жырын ұсынып отырмын.

Еңіліктің Бесік жыры

Әй,әй бөпем,әй бөпем,

Ән айтайын бал бөпем.

Ән тыңдағың келсе егер,

Және айтайын жан көкем.

Бөпем менің ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ме екен.

Ойнақтап бір бәйгеден,

Озып келер тай ма екен.

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең, көлбең ұшатын,

Көбелектер қайда екен.

Әй,әй бөпем, әй бөпем,

Ұйықтадың ба, ай көкем.

Алдағанға көнетін,

Аңқау көкем қайда екен.

Бағдат Әбішев,

ҚазҰӨУ арт-менеджмент

мамандығының 2 курс студенті

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394