Әзиз Несин. Мәдениеттiң қосалқы бөлшегi қайда?
Әлгi бiздiң бала әскерден келгеннен кейiн "шопырлықты игерiп келдiм, бiр трактор алайық" дедi. Сол күнi үйге қызым мен күйеубалам келген. Екеуi де мұғалiм ғой, "алсаңдар,алыңдар" деп қоштай кеттi. "Мына екi өгiз тұрғанда, трактор неге керек?" деп едiм, бәлеге қалдым. Қызым дереу күнтiзбенi ашты да: "Әкетай-ау, қай ғасырда тұрмыз? 1955 жыл. XX ғасыр" деп ақылгөйсiдi. Күйеу¬балам насихат айта жөнелдi. Өгiзбен жер жырту ескiшiлдiк екен. Өгiз жұмыс iстемесе де тамақ жейдi екен. Ал трактор бос тұрған кезiнде ештеңенi керек қылмайды екен. Екi кесе бензин құйсаң дырылдап жүре бередi екен...
Балам есебiн шығаруға кiрiстi: "Егер трактор алсақ, менiң бiр өзiм жердi әп-сәтте жыртып тастаймын. Содан соң бас¬қалардың жерiн жыртып ақша табамын. Осылайша бiр жылдың iшiнде тракторға берген ақшаны шығарып аламыз". Балам тоқтаса, қызым сөйлейдi, қызым тоқтаса күйеубалам сөйлейдi. Миым ағып су болғандай. Оларға кемпiрiм қосылды: "Ана Мұсалар алыпты, түген алыпты, бәлен алыпты тракторды. Бiздiң трактор ала алмайтындай қай жерiмiз кем?" Содан бiздiң үйде күндiз де, түнде де трактордың жарнамасы қызды да кеттi. Ауылдағы Әли мұғалiмнен сұрадым. Ол: "Тракторда 80 айғырдың күшi бар" деген соң ойлана бастадым.
Әлгi бiздiң бала әскерден келгеннен кейiн "шопырлықты игерiп келдiм, бiр трактор алайық" дедi. Сол күнi үйге қызым мен күйеубалам келген. Екеуi де мұғалiм ғой, "алсаңдар,алыңдар" деп қоштай кеттi. "Мына екi өгiз тұрғанда, трактор неге керек?" деп едiм, бәлеге қалдым. Қызым дереу күнтiзбенi ашты да: "Әкетай-ау, қай ғасырда тұрмыз? 1955 жыл. XX ғасыр" деп ақылгөйсiдi. Күйеу¬балам насихат айта жөнелдi. Өгiзбен жер жырту ескiшiлдiк екен. Өгiз жұмыс iстемесе де тамақ жейдi екен. Ал трактор бос тұрған кезiнде ештеңенi керек қылмайды екен. Екi кесе бензин құйсаң дырылдап жүре бередi екен...
Балам есебiн шығаруға кiрiстi: "Егер трактор алсақ, менiң бiр өзiм жердi әп-сәтте жыртып тастаймын. Содан соң бас¬қалардың жерiн жыртып ақша табамын. Осылайша бiр жылдың iшiнде тракторға берген ақшаны шығарып аламыз". Балам тоқтаса, қызым сөйлейдi, қызым тоқтаса күйеубалам сөйлейдi. Миым ағып су болғандай. Оларға кемпiрiм қосылды: "Ана Мұсалар алыпты, түген алыпты, бәлен алыпты тракторды. Бiздiң трактор ала алмайтындай қай жерiмiз кем?" Содан бiздiң үйде күндiз де, түнде де трактордың жарнамасы қызды да кеттi. Ауылдағы Әли мұғалiмнен сұрадым. Ол: "Тракторда 80 айғырдың күшi бар" деген соң ойлана бастадым.
Бәрiмiз шұбырып артынып-тартынып қалаға, трактор алмаққа дүкенге келдiк. Трактор 4 мың лира тұрады екен. Саудаласып ек, түсiрмедi. "Тайшы атағым болмаса да, қойшы атағым бар" дегендей, Хамит бей деген атағым бар емес пе, қайтейiн, елге масқара болмайық деп екi өгiздi базарға шығардым. Өзегiмнiң өртенгенi-ай. Өгiздерiм менi қимайды, мен өгiздерiмдi қимаймын. 3 мың лираға екi өгiздi саттым. Өгiзден түскен 3 мың лираға банкiден алған несиенi қосып 4 мыңға толтырдық та, трактор сатып алдық. Тракторымыз бiзге таудай болып айбаттанып қарап тұр екен. Екi кесе бензин дегендерi қайда? Оның жанында май мен мазут деген пәлесi тағы бар екен пәтшағардың.
Баламның екi езуi екi құлағына жеткен. Мәз. Әй, қойшы, менен басқасының бәрi мәз. Содан тиелiп тракторға мiнiп алдық. Трактор дүр ете қалды. Ауылға тартып кеттiк. "Тiл-көзден сақтасын" деп тракторымыздың төбесiне сарымсақ пен ескi бiр аяқ киiмдi ұзын жiппен салбыратып iлiп қойдық. Көзмоншақ тағып, қызыл шүберек байладық. Кешке таман ауылға жеттiк. Тракторымызды көрсетiп мақтанайық деп ауылды төрт айналып шықтық. Бiздiң тракторды көргендердiң қаны қызып, бiрi қарыз алып, бiрi жерiн сатып трактор алмаққа қалаға жүгiрдi. Ауылдағылардың бәрi бiр-бiр трактор сатып алды. Кеш болса болды, рахат, ауылды көк шаңға көмiп жарысқа шығады дарылдап. Бiздiң баланың шопырлығында мiн жоқ қой. Жарысқанда озып шығады.
Ой, несiн айтасың, алғашында бұл тракторлар ғажап болды ғой. Сенбi күндерi тиелiп мiнiп алып, аудан орталығына кино көруге барамыз. Клубтың алдында қаздай тiзiлiп тұрады жарықтықтар. Кино бiткен соң, ауылға қайтар жолда "трактор жарыс" басталады. Бiрiн-бiрi қағып-соғып, құйындата жөнеледi. Бiздiң жарыместе ес жоқ. Тракторға мiнсе, делебесi қозып, арқаланып кетедi. Бiздiң бала ғана емес, ауылдың бүкiл баласы сондай. Тау ма, тас па, жыра ма, пысқырып та қарамайды. Құйындата жөнеледi. Құйындатып келе жатқанда, бiреу келiп бiздiң трактордың бүйiрiнен соқты. Тракторымыз адам аяғандай ышқынып гүр-гүр еттi де тоқтап қалды. Жүргiзе алмадық. Өлген өгiздей жолға тастап, ауылға салпақтап жаяу қайттық. Ертеңiне арба жалдап, адам жинап, ауылға әзер итерiп алып келдiк. Содан қаланы шарлап, табаннан тозып, сынған бiр бөлшегiн iздедiк. Бұл маңайда жоқ екен. Алған жерiмiзге бардық. "Ақшасы қанша болса да берейiк тауып бер" деп жалындық. "Жоқ" дедi. Таудай трактордың күнi бармақтай темiрге қарап қалды деген не сұмдық?! Балам: "Стамбулдан iздеп келейiн" деп жолға шықты.
- Ойбай, жер жыртатын мезгiл таяу, тез тауып кел! - деп қала бердiк.
Апта өттi, ай өттi. Бала жоқ. Жер жыртатын мезгiл өтiп кеттi. Өгiз сатып алатын көк тиын жоқ. Бiреудiң өгiзiн жалға алып жер жырттық. Бiр күнi баладан хат келдi. "Әке! Бөлшектi таптым. Бiрақ ақшам таусылды. Тездетiп 1000 лира салып жiбер" дептi. Банкiге несиеге жүгiрдiм. Жiбердiм ақшаны. Балам келдi. Қолындағы тиындай темiр мың лира тұрады екен. Жүгiрiп жүрiп жөндеушi тауып темiрдi салғыздық. Жерiмнiң жартысын сатып, банкiдегi несиенiң үстемесiн төледiм. Көзiмнен iрiң ақты. Жаз келдi. "Iске сәт!" деп жер жыртуға келдiк.
Құйындатып жеткенiмiз сол едi, бәтшағар "дыр" етiп өштi де қалды. Бұл ауылда трактордың тiлiн түсiнетiн адам да жоқ. Алған жерiмiзге тағы барып, жөндеушi тауып, алақанымызға салып жалынып-жалпайып ауылға алып келдiк. "Тiсi сыныпты" дедi. "Е, онда берiңдер, ақшасы қанша болса да сатып алайық" дедiк. "Жоқ" дедi. Күйесiң бе, күймейсiң бе? "Басқа трактор сатып алып, тiсiн осыған қондырсаңдар жүредi" дейдi. Әй, бұл иттiң тiсi сынатын болса, ол тiс бұл мемлекетте табылмайтын болса, бiз сияқты байғұстарды неге алдайды екен?
Аданада бiреу осындай бөлшек сатады деп естiдiм. "Әй, жұттың баласы! Барып қайт!" дедiм. Тiлi салақтап балам келдi. 500 лира керек дейдi. Елге масқара болмайық деп, барымызды жиып тағы оңдаттық. Бiр күнi демалысқа қызым мен күйеубалам келдi. Бiздiң кемпiрдiң тағы елiрмесi ұстады. "Қырғын ақшаға алған трактордың қызығын көрмеймiз бе, ауыл айналып қыдырамыз" дестi бәрi. Тракторға тиелiп мiнiп алып, жүре бергенiмiзде бiрдеңе "тырс" еттi де, трактор тоқтап қалды. Итеремiз, қозғалмайды. Қайран, өгiздерiм, сағындырдың-ау...
Ай өттi. Үстеме несиемiз өлтiрiп барады. Ал бұл трактор тiсi түссе - 500 лира, бармақтай темiрi кетсе - 1000 лира тiлейдi де тұрады. Оның үстiне бұлары еш табылмайды. Ана жерiн жамадық, мына жерiн жамадық. Ақырында трактор мына бұтымдағы шалбар сияқты қырық жамау болды.
Содан бiр күнi ауылға депутат келдi. Мұң-зарымды тыңдар деп алдына бардым.
- Бiздiң бұл жайымыз не болады, бармақтай темiр үшiн пiлдей трактор шөгiп жата ма? - деп сұрадым. Депутат көп нәрсе айтты. Философиялық тұрғыдан сөйлейдi екен. Сөзiнiң жартысынан көбiн түсiнбедiм. Түсiнгенiм мынау: Ерте замандарда адамдар тас дәуiрiнде де өмiр сүрген екен. Қазiр темiр дәуiрi екен. Мәдениет елiмiзге темiрмен келедi екен.
- Мәдениеттi әкелiпсiңдер, оларың дұрыс, бiрақ мұның бармақтай бөлшегi қайда? Бiздiң ауылға жүршi. Өзiң көресiң, мәдениет пәрша-пәрша болып жатыр. Әр үйдiң ауласында теңкиiп жатыр. Мәдениеттi әкелгеннен кейiн оны запас бөлшегiмен қоса әкелмедiңдер ме? - дедiм.
- Бiз Америкаға тапсырыс бердiк. Бiраз сабыр етiңiздер. Әлi-ақ көктен нөсер жауғандай қосалқы бөлшектерге қарық боламыз. Күту керек, - дедi депутат.
- Бiз күтуiн күтемiз-ау. Банкi күтпейдi ғой. Банкiге айтсаңшы, бiздi күтсiн - дедiм. Депутат үндемедi.
Салым суға кетiп ауылға келдiм. Келдiм де баламды, қызымды, күйеубаламды, кемпiрiмдi дедектетiп трактордың жанына алып бардым. "Я мына өлексенi жөндейсiңдер, я мен сендердiң мойындарыңа қылбұрау салып, тракторды арқаларыңа байлап жер иiскетемiн" дедiм. Бәрi жабылып тракторды шұқылады. Ит әуреге түстi.
- Әй, иттiң балалары, былай тұрыңдар! Мен қазiр сендерге мұның қалай жөнделетiнiн көрсетейiн, - дедiм. Моторынан бiр ұрдым: "Мә,саған XX ға¬сыр!". Есiгiнен бiр соқтым: "Мә, саған мәдениет!" Дөңгелегiнен бiр тептiм: "Мә, саған мәдениеттiң қосалқы бөлшегi!" Боқтап-бұрқылдап трактордың ит терiсiн басына қаптадым. Бiр кезде есiмдi жисам, "бiздiң шал жынданды" деп кем¬пiрiм жаулығы желмен жарысып айдалаға безiп барады екен. Бала-шаға бажылдап қашып олар жүр бiр жақта. Мен де басым ауған жаққа жүре бердiм...
Әзиз Несин, түрiк сатиригi
Түрiкшеден аударған Маржан Ершу
«Жас Алаш» газеті