Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3223 0 пікір 2 Сәуір, 2012 сағат 11:47

Бүркіт НҰРАСЫЛ. «ӘДІЛЕТ» ҚАЙДА БАРАСЫҢ? «НҰР ОТАНҒА»...

Сайлаудың ыстық-суығы басылып, баз-баяғы бұйығы тірлігімізге кіріскендей болып едік, Мақсұт Нәрікбаев «Әділет» деген партияның бар екенінен хабар беріп, партия төрағалығынан кететінін жариялап, дүйім жұртқа болмаса да, саясат сахнасында жүрген азды-көпті атқамінерлер үшін жаңалық жасады. «Бар екенінен хабар беріп» деуіміз тегін емес, сірә, «Әділеттің» биылғы сайлауда 0,66 пайыз дауыс жинап аутсайдер атанғаны есімізден шыға қоймады. Дейтұрғанмен, сайлау кезінде дау тудырған «Руханияттың» жанында, «Әділеттің» бағыт-бағдары әлдеқайда анықтау ма, дейсіз. Мәмбеталин мен Нәрікбаевты салыстыра алмайсыз, ал Жағанова жайлы сөз басқа...
Хош сонымен, Нәрікбаев мырза «Әділеттен» неге кетті? Саяси тартыстардың белортасында жүрген жоқ, қоңыртөбел ғана күн кешіп жатқан партияны әлі де басқара тұрса несі кетті?
2004 жылы жаңа партияның негізін қалап,  оны табан аудармастан сегіз жылға жуық уақыт басқарған Мақсұт Сұлтанұлы жастарға орын босаттым депті. Онысы да дұрыс шығар, кім білсін?!

Сайлаудың ыстық-суығы басылып, баз-баяғы бұйығы тірлігімізге кіріскендей болып едік, Мақсұт Нәрікбаев «Әділет» деген партияның бар екенінен хабар беріп, партия төрағалығынан кететінін жариялап, дүйім жұртқа болмаса да, саясат сахнасында жүрген азды-көпті атқамінерлер үшін жаңалық жасады. «Бар екенінен хабар беріп» деуіміз тегін емес, сірә, «Әділеттің» биылғы сайлауда 0,66 пайыз дауыс жинап аутсайдер атанғаны есімізден шыға қоймады. Дейтұрғанмен, сайлау кезінде дау тудырған «Руханияттың» жанында, «Әділеттің» бағыт-бағдары әлдеқайда анықтау ма, дейсіз. Мәмбеталин мен Нәрікбаевты салыстыра алмайсыз, ал Жағанова жайлы сөз басқа...
Хош сонымен, Нәрікбаев мырза «Әділеттен» неге кетті? Саяси тартыстардың белортасында жүрген жоқ, қоңыртөбел ғана күн кешіп жатқан партияны әлі де басқара тұрса несі кетті?
2004 жылы жаңа партияның негізін қалап,  оны табан аудармастан сегіз жылға жуық уақыт басқарған Мақсұт Сұлтанұлы жастарға орын босаттым депті. Онысы да дұрыс шығар, кім білсін?!
Алайда жасы жетпіс екіге келген қарт саясаткердің төрағалық тізгіннен бас тартып, күтпеген жерден «зейнетке» шығып кетуіне таңғала қарағандар да, жоқ жерден саяси астар іздеушілер де табылып жатыр. Соңғыларының сөздеріне сенсек, Мақсұт Сұлтанұлын біреулер «ұшырып» жіберген-мыс. Әрине, Мақсұт Нәрікбаев  «кет!» дегенге кете салатын адам емес. Президенттің бірге оқыған досы, Бас прокурор, Жоғарғы соттың төрағасы, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы секілді басшылық қызметтер атқарған тұлға. Ретін тауып, тырп еткізбейтін компромат тауып, тізгіндеп алмаса,  тағынан ауып түсіп қалатын реті жоқ. Бәлкім жауырыншылардың бұлайша бал ашуына Нәрікбаевтың шет елде емделіп жатқан тұста партияның бірінші орынбасары Төлеген Сыдықовтың біраз өзгерістер «жасап үлгеруі» себеп болған болар. Сыдықов ең алдымен партияның орталық кеңсесін Алматыдан Астанаға ауыстырды. Іле-шала 1 ақпан күні шұғыл түрде партияның орталық кеңесін өткізіп, өткен жылдың қоңыр күзінде төрағаның орынбасарлары болып тағайындалған Уәлихан Қайсаров пен Мұсағали Дуамбековті қызметінен босатты. Онымен тынбай «Әділеттің» отымен кіріп, күлімен шығып жүрген ескі кадрлардың біразы арық сөйлеп, семіз шыға отырып, орнынан алып тастады. Олардың ішінде  партия құрамында бұрыннан келе жатқан екі бірдей орынбасар - Мәди Артығалиев пен Артықбай Үкібаев және саяси ұйымның бас хатшы Мұрат Раевтар бар-тын. Бұндай қадамға Сыдықов төрағаның келісімін алмастан барған-мыс.
Бір қызығы, Мақсұт Нәрікбаевтың зейнетке кететінін күні бұрын «болжап» білгендер болды. Алдымен сезгендердің бірі, өзге емес төрағаның орынбасары Мұсағали Дуамбеков деседі жұрт. «Жақын күндері Нәрікбаев партия басшылығынан кетеді!», - деп сүйінші сұрағанға ұқсайды. Өзі орынбасарлықтан босаған күні Дуамбеков журналистерге сұхбат беру барысында жоғары жақта әлдекімдердің қолдауымен Төлеген Сыдықовты  партия төрағасы қылуға күш салып жатыр», - деуі де жанып тұрған отқа, тіптен, май құя түсті.
Айтпақшы, өз сөзінде М.Нәрікбаев жастарға орын босатып беру мақсатында кетіп бара жатқанын айтқан-ды. Алайда, «Әділет» партиясының төрағасы қызметін 72 жастағы М.Нәрікбаевтың ізін жасы алпыстан асқан Төлеген Сыдықов басып отыр. Яғни, бір зейнеткердің орнын екінші зейнеткер басты деген сөз.
Жұрт айтып жүрген көп болжамның бірі - Нәрікбаевтың «шау» тартқандығы. «Төрағаның кетуінен астар іздеудің қисыны жоқ» дегізетін басты аргумент осы. Бұған дейін де талай майлы қызметтің басын мүжіп көрген ол қартайған шағында тып-тыныш қана Парламент төрінде отыруды жөн санап, Парламент сайлауында бағын сынап көрді. Бірақ жолы болмады. Парламент сайлауында бар болғаны жарты пайыздан сәл ғана астам дауыс жинады. Амалы қалмаған соң, жеңілісін мойындады, күллі жұрттың алдында сайлаудың әділ өткенін айтып, «бүкіл Қазақстан халқы жеңіске жетті» деп мәлімдеді. Осыдан кейін іле-шала Германияға емделуге кетіп қалды.
Тіптен бұл «бас ауыстыруды» дінге әкеліп тірегендер де табылды. Кейбір отандық БАҚ беттерінде Уәлихан Қайсаровтың: «Ол кісінің (Нәрікбаев-автор) өзі - бес уақыт намазға жығылған адам. Бізде намазға жығылған тағы қай партияның көсемін айта аласыз? Ешкім жоқ. Бұрыннан бері намазға жығылған адамға бірден сеніп отырмын. Меніңше, «Әділетке» келуіме осы да үлкен себеп болған шығар», - деген пікірін келтіріпті. Күтпеген жерден қызметтен кету операциясына осы жайт әсер еткен көрінеді. Яғни, саяси ұйым дінге бет бұра бастаған. Осыдан сезіктенгендер төрағаны аттан түсіруді жөн көрген-мыс. Бұны енді сәтті пікір дей алмаймыз. Тек партияның орынбасарлығына Мұсағали Дуамбековті шақырғаны болмаса, «партия діни бағыт алып  бара жатыр» деп бірден кесіп айтуға болмайды...
«Әділеттің» айналасында алма-кезек ауысып жатқан жорамалдардың ең ықпалды нұсқасы  деп партияның кей кезде оппозицияға біртабан жақын жүруін айтуға болатын секілді. Олай дейтініміз, сайлауалды науқан барысында өзге саяси партиялар «қыруар қаржы бөлдіртеміз, жарытамыз!» деп аңызға бергісіз уәделерді үйіп-төгіп жатқан «әділеттіктер» ешкім ойламаған тірлікке барып, Премьер-министр институтына ауыз салған болатын. Мақсұт Сұлтанұлының: «Бүгінгі таңда заман талабына сай демократиялық қоғамға көшу үшін Конституциялық реформа керек. Қазіргі таңдағы қоғамды кері тартып отырған кемістіктердің, яғни, жемқорлық, басқару жүйесіндегі кемшіліктердің барлығы Үкіметтің жүйелі түрде жұмыс істемеуінен туындап отыр. Премьер-министр институтын алып тастауымыз қажет. Қазақ қоғамы үшін ондай сауатсыз жүйенің қажеті шамалы. Премьер-министр лауазымы заң арқылы алынып тасталып, сайлауда жеңіске жеткен Президент өзінің партиясы және басқа да қосалқы қоғамдық күштерді араластыра отырып, «коалициялы үкімет» құрып, оны өзі басқаруы тиіс. Ал бізде барлық тағайындаулар, саяси шешімдер мен әлеуметтік маңызы зор бағдарламалардың барлығын Үкіметтің өзі қабылдап алып, «Президенттің тапсырмасы», «Ұлт лидерінің ұсынысы», «Елбасының Жарлығы» деп дуылдатып жатады. Ал шындығына келгенде, орындалмаған заңның, бұзылған құқықтың барлығына қазіргі атқарушы билік - министрлер кабинеті кінәлі», - дегені әлі елдің есінде. Оның үстіне Уәлихан Қайсаров біраз уақыт партия төрағасының орынбасары болды. Алайда, Қайсаров мырзаның билікпен де оппозициямен де саяси некесі жараса қоймаған тұлға екенін ұмытпау керек.
Бір жағынан, саяси күштің тізгіні алма-кезек ауысып тұруы заңды құбылыс. Алайда жұрт «Әділетті» «Нәрікбаевтың партиясы» атап кетті.  Осы уақытқа дейін «Әділет» Нәрікбаевпен «Әділет» болып келді. Яғни, үлкен рөл атқармаса да, Нәрікбаев мырзаның азды-көпті беделі, атақ-дәрежесі арқасында саясат сахнасынан түспей келе жатқан саяси күшті Нәрікбаевсыз елестету «біртүрлі» сияқты.
Алдағы уақытта партияның болашағы жаңаша құрылымданса, партия қандай жолды таңдайды, қайда барады деген сауалдар туындайтыны даусыз. Әзірше бұл мәселе төңірегінде жорамалдар айтыла қойған жоқ. Тек, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин «Әділет» партиясының «Нұр Отанға» қосылуы мүмкін екендігін атап өтті. Сонысы дұрыс та шығар...
«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322