Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5225 6 пікір 10 Наурыз, 2021 сағат 17:01

«Әйел құқығы» мен «Жатыр құқығын» арластырмаған жөн!

Заңгер ретінде айтар болсам, өз басым, мен әйел құқығын қорғап жүрмін. Әйел адамның қоғамдағы рөлі, жатыр ережелерінен емес, әйелді саналы түрде қорғау ережелерінен тұру керек! Тұрмыстық зорлық-зомбылық, көбінесе әлеуметтік жағдайдан туындап жатады.

Қандай әйел зорлық-зомбылық көреді? Өз отбасында әке мейірімін, аға қамқорлығын көрмеген қыздар көбінесе зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады. Қыз баланың рөлін қазақ халқы ежелден төрде ұстаған. Қазіргі таңда қыз баланың төрдегі орнын, өз отбасындағы әкесі, ағасы төмен түсіріп тастаған. Өз қызын зорлаған әкелерді, өз туған қарындасын қорлаған ағаларды көріп те, естіп те жүрміз. Бұл жабық есікте талқылатын дүние емес! «Ұят болады», «Үндеме», «Қыздығың орнына келмейді» деген сөздерді қою керек! Сондықтан болар қазақ әйелдерінің соңғы кезде құқықтары қатты тапталып жатқандығы. Оған қоса теріс діни ағымдағылар, «әйелдер білім алмау керек», «үйде отыру керек» деген шектеулер де, қазақ әйелдеріне деген қысымды үдету де.

Ия, қыз баланың ары, бүкіл бір ұлттың айнасы! Ол үшін отбасыдағы қыз баланың рөлін жақсылап насихаттау керек! Қыз балаға ұрпақ жалғастырушы ретінде ғана емес, текті ұрпақты дүниеге әкелітін білімді ана ретінде қарау керек!

Болашақ ұрпақ «Өз жатырым, өз ережелерім», деп жүретін болса, жатырдың түрі көп. Қағынған жатырдың не істейтінін ойлау, тіпті жиіркенішті.

Қазақ қыздарының абыройын көтеретін, қазақ жігіттері, өз қыздарымызды өздері былғап, оларды өзге ұлттардың қойнына салып беріп жатқандар да бар. Оны мойындаған да ерлік!

Жатыры былғанғандар осылай өз ережелерін «диктовать» ете бастайды. Сол себепті қоғамдағы әйел адамның құқығын төмендете бермей, өз деңгейін де құрметтей білу керек!

«Жатырым жатырды қалап тұр», деген ережеге мен қарсымын! Бұл біздің менталитетке қарсы! Бұл әйел құқығы емес, бұл бір әйелдің нәпсі сұранысы. Өмір де қалаған дүниенің бәрі орындалмайды.....

Айгүл Орынбек

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434