Бүркіт НҰРАСЫЛ. ӨЗЕНДЕР ТАСЫП, ӘКІМДЕР АСЫП-САСЫП ЖАТЫР
Елдің есін алған былтырғы су тасқыны биыл да қайта айналып соқты. Ақпан айында Оңтүстік өңірді шайып өткен тасқын наурыздың аяғына қарай Батыс өңірін әбігерге түсіріп жатыр. Төтеншеліктер кеше Жайық өзені ернеуінен асып, алты метрге дейін көтерілуі мүмкін деген қорқынышты мәлімет таратып үлгерді. Өткен жылдың алапат су тасқынынан сабақ алмаған біз, осылайша биыл да көктемді «қатырамыз, бәрі жақсы болады...» деген үйреншікті жүріспен қарсы алдық...
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мырзаның көктемді қандай күймен қарсы алатынын бір Құдай біледі, бірнеше жылдан бері шаруа біткен жаймашуақ жазға шатқаяқтап барып әрең ілініп жүр. Бәрі де сол айтпай келген тасқын судың әлегі. Өзгелер күрек-қайласын дайындап жатқанда, аталмыш үш өңірдің тұрғындары қора-қопсыны күзетіп, лай батпақпен алысып әуре боп жатады. Қара судың аужайын сезіп, алдын ала іске кіріседі деп сенген төтеншеліктер де қорған болып жарытпады. Іс бітіп, елді мекендер суға қарық болған тұста ғана атқа қонады. Ақыр аяғында мемлекеттің миллиардтаған қаржысын суға ағызып жібергенінде шаруасы жоқ, «абырой болғанда, адамдарды аман алып қалдық» деп басы салбырап Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко тұрады. Болды. Іс осымен бітеді.
Елдің есін алған былтырғы су тасқыны биыл да қайта айналып соқты. Ақпан айында Оңтүстік өңірді шайып өткен тасқын наурыздың аяғына қарай Батыс өңірін әбігерге түсіріп жатыр. Төтеншеліктер кеше Жайық өзені ернеуінен асып, алты метрге дейін көтерілуі мүмкін деген қорқынышты мәлімет таратып үлгерді. Өткен жылдың алапат су тасқынынан сабақ алмаған біз, осылайша биыл да көктемді «қатырамыз, бәрі жақсы болады...» деген үйреншікті жүріспен қарсы алдық...
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мырзаның көктемді қандай күймен қарсы алатынын бір Құдай біледі, бірнеше жылдан бері шаруа біткен жаймашуақ жазға шатқаяқтап барып әрең ілініп жүр. Бәрі де сол айтпай келген тасқын судың әлегі. Өзгелер күрек-қайласын дайындап жатқанда, аталмыш үш өңірдің тұрғындары қора-қопсыны күзетіп, лай батпақпен алысып әуре боп жатады. Қара судың аужайын сезіп, алдын ала іске кіріседі деп сенген төтеншеліктер де қорған болып жарытпады. Іс бітіп, елді мекендер суға қарық болған тұста ғана атқа қонады. Ақыр аяғында мемлекеттің миллиардтаған қаржысын суға ағызып жібергенінде шаруасы жоқ, «абырой болғанда, адамдарды аман алып қалдық» деп басы салбырап Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко тұрады. Болды. Іс осымен бітеді.
Тек осы жылдың ақпан айында оңтүстік өңірді әуре-сарсаңға салған тасқын судан келген зардап - 1 млрд. 185 млн. Бір емес, бірнеше судан қорғау белдеуін соғатын-ақ қаржы. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, тасқын судан зардап шегіп, қираған 7 үй мен апатты жағдайда тұрған 83 тұрғын үйдің орнына салынатын баспананың құрылысына шамамен 450 млн. теңге қажет. 280 үйдің жөндеу жұмыстарына тағы 280 млн. теңгеге жуық қаражат керек екен. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар көпірдің құрылысына 350 млн. теңге жұмсалса, астына құбыр төселген өтпе жолға 90 млн. теңге жұмсалады. Бұрынғы жолдарды қайта жөндеу үшін де ең кемі 15 млн. теңге қажет болып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, осы өңірдегі табиғат апаты салдарынан 30 елді мекенде барлығы 610 тұрғын үй су астында қалған. Олардың арасында, 7 үй мен 28 қора-қопсы қирап, 83 үй бұзылудың алдында тұрса, тағы 280 үйге күрделі жөндеу жұмыстары қажет болып отыр.
Бір кездері су тасқыны десе елдің көз алдына ернеуінен асып жатқан Сырдария өзені елестейтін. Кейін бұған Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облысының өзендері қосылды. Әсіресе, батыстағы жағдай мүшкіл болып отыр. Төтеншеліктер ағын судың алдын алмаса жарты ғасырдан бері болмаған былтырғы табиғат апатының қайталануы мүмкін екенін айтуда. Құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс тәрбіне көшіп, Төтенше жағдайлар министрлігінің білікті мамандар тобы Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан өңірлеріне аттандырылды. Қауіпті жағдай туындай қалған сәтте жедел түрде қимылдау мақсатында құрылған құтқару күші мен арнайы авиацияны пайдалану туралы тапсырма берілді.
Туындаған жағдайларға байланысты кеше облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы брифинг өтіп, министрдің Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан арнайы техника мен қосымша құтқарушыларды, сондай-ақ медициналық апат қызметкерлерін жіберу жөнінде шешім қабылданғаны белгілі болды. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Александр Ивановтың айтуына қарағанда, Қараөзен мен Сарыөзен бойындағы Қазталов, Жаңақала аудандары аумақтарында, сондай-ақ Деркөл мен Шаған ағатын Зеленов пен Тасқалада су тасқыны қаупі күшейіп отыр. «Тек Деркөл өзенінің суы өткен тәуліктің ішінде 19 сантиметрге көтерілген. Су 5,5-6,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Жайықта 12 сәуірге дейін сең жүреді», - дейді Александр Иванов. Ал аталмыш департаменттің кезекші диспетчерлік қызметі басқармасының бастығы Максим Хайрекенов Атырау, Ақтөбе, Қызылордадан су тасқыны кезінде тұрғындарға қызметі көрсету үшін 106 маман-құтқарушылар келіп жететінін мәлім етті. «Сондай-ақ бұл топта 21 техника мен 20-дан астам жүзу құралы бар. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» тобының тағы бір «Ми-171» тікұшағы ұшып келді. Сонымен бірге министрдің бұйрығымен Оралға министрлік өкілі, Азаматтық қорғаныс департаментінің бастығы, полковник М.Исқақов жіберіліп отыр», - дейді ол.
Алматы қаласының ТЖД-нің баспасөз қызметі кеше өте көп мөлшерде жауын жаууы мүмкін екендігін ескертті. Осыған байланысты тау өзендері тасуы мүмкін екен, және қала халқына аса абай болуын ескертті.
Мамандар Шардара су қоймасына төнген қауіптің де әлі сейіле қоймағанын айтады. Тек соңғы үш айдың өзінде ғана аталмыш су қоймасына 10 миллиард текше метрден астам су келіп құйылған. Бұл соңғы 32 жылда болмаған оқиға. Солай бола тұра, төтеншеліктер сыр бойынан келер қауіп жоқ деп ел-жұртты сендіріп бағып жатыр. «Қазіргі уақытта Сырдария өзенінің жанындағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Жағдай күнделікті бақылауға алынды. Өткен жылы іске қосылған Көксарай су реттегішінің арқасында Сырдария бойы ғана емес, Оңтүстік Қазақ¬стан облыстарындағы 71 елді мекен су басу қаупінен аман қалды. Қазір 3 млрд. 110 млн. текше метр су жиналған Көксарай су реттеуіші, әлі де болса, 100-150 млн. текше метр су жинай алады», - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Эльдар Райымбеков.
Бірақ, бұған сенуге бола ма? Бар болғаны 100-150 млн. текше метр кеңістік қаншаға жетеді? Одан көп жиналып қалса, суды қайда жібермек? Білетіндер осы өңірдегі екінші су қойма - Шардараның әлден-ақ, көлкілдеп тұрғанын айтады. Бүгінгі күннің өзінде 5 млрд. 175 млн. текше метр су жиналып тұр. Ал бұл су қой¬масының өзі (жобалық қуаты) 5 млрд. 400 млн. текше метрден артық салмаққа шыдай алмайды...
Су қоймасы демекші, еліміздің Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдария өзенінің төменгі ағысында су тасқынының алдын алу үшін тағы бір су қоймасы салынғалы жатқанын сүйіншілеп үлгерді. «Оңтүстікте су басу қаупінің алдын алу мақсатында тағы бір жаңа су қоймасы салынбақ. Бұл нысан Көксарай контрреттегіші тәріздес Сырдария сағасының төменгі бөлігінде орналасатын болады», - дейді Оңтүстік өңірдегі су шаруашылығы мекемесінің директоры Сембай Сейсенов. Айтуынша, қыс мезгілінде өзеннің осы бөлігі 600 текше метрден артық су өткізе алмайды. Осының салдарынан маңайдағы елді мекендерге төнген қаупі сейілмей отыр. «Қосымша салынатын су қоймасы осы қауіптің алдын алады. Жобалық қуаты 400 миллион текше метр. Құрылыс барысында оның көлемі екі есеге дейін ұлғаюы мүмкін. Қазір жоба облыстық әкімдікте қаралып жатыр», - дейді С.Сейсенов.
Кезінде «Көксарайсыз - көңіл алаң» деп шенеунік біткенді атқа мінгізген осы бір су қоймасы туралы алып-қашпа әңгіме көп. Ғалымдар «Көксарайдан» келер қауіптің көп екенін айтып, бірнеше мәрте шу көтерді. Айтуларынша өңірдегі тасқынға су қоймаларының өздері себеп болып жатқанға ұқсайды. «Шардара» мен «Көксарай» су қоймасының өте жақын орналасуы әрі аумағының тым үлкен болуы салдарынан булану процесі артып отыр. Осының салдарынан өңірде жауын-шашын мөлшері жылдағыдан көп түсті. Әрі ауа райы да біртіндеп суытып келеді. Наурыз айында да қар жауып, жұрт әбігерге түсіп жатыр», - дейді химия ғылымдарының кандидаты Қорған Қарымсақов.
Шет елде табиғат апаттарының алдында қауқарсыздық танытқан жауапты мекеме сынға ұшырап, басшысы қызметтен кетеді. Ал бізде мүлдем керісінше. Тасқын сумен бірге құмға сіңген миллиардтардың құны да дауланбайды. Жылдағы әдеті, апат атаулыны даярлықсыз қарсы алып, жерге қарап қалса да, төтеншенің «төресі» тағын ешкімге бермей келеді. Айтып-айтпай не керек, Божко үшін беймаза шақ басталды. Ал әкімдер үшін нағыз сынақ келді деуге де болады. Өйткені бұған дейін апатты дер кезінде ауыздықтай алмағыны үшін бірнеше басшы креслосын босатып берген-тын. Қысқасы, тасқын келе жатыр! Тағыңыздан айырылып қалмаңыз, әкім мырза
«Халық сөзі» газеті