«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: СОТҚА ТАЛАП АРЫЗДАР ЖАЗЫЛУ ҚҰПИЯСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Маңғыстау облысының орталығы - Ақтауда жүріп жатқан сот процесінен Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің мүшелері берген жедел хабарға сәйкес, алтыншы сот отырысында (3-сәуір) жәбірленушілерді сұрау жалғасып, ең бірінші болып сөйлеген кәсіпкер Бердібаева сенсация дерлік мәлімдеме жасаған.
Оның айтуынша, зардап шеккен кәсіпкерлер өздерінің талап арыздары сотталушы мұнайшыларға қарсы пайдаланылатындығын білмеген.
«Мен өз талабымнан бас тартамын, өйткені бізді әкімдікке шақырған кезде «талап арыз мемлекеттен көмек алу үшін қажет» деген болатын. Біз соған сеніп жазып едік. Ал мұның қазір сотта іске қосылып, мұнайшыларға айып ретінде таңылатынын біз білмедік. Мен бұл адамдарға кінә тағылуын қаламаймын, сондықтан өтемақы сұрамаймын, шығыным - садақа», - деген үш миллион теңге зардап шеккен Бердібаева.
Мұндайды күтпеген прокурор: «Ендеше талап арызды неге жаздыңыз?» - деп сұраған кезде кәсіпкер «аңқау» заң қызметкеріне: «Мен сізге тағы да қайталап айтам - бізді әкімдікке шақырған кезде «мемлекет әрқайсыңыздың дүкеніңізді қалпына келтіруге қажет шығынды өтейді, сол үшін жазыңыздар» дегесін жаздық. Одан кейін сол жазғанымыздың сотталушы мұнайшыларға айып болып тағылатынын білмедік. Егер мұны алдын-ала айтқанда, жазбайтын едік», - деп жауап берген.

Сөйтіп, прокурорлардың қоқан-лоққысынан қаймықпай, мәселенің адалына жүгінген қайсар әйел 188 жәбірленушінің басым көпшілігі не себептен сотқа талап арыз жазуының бүкіл құпиясын ашып берген!
«Өзенмұнайгаз»-дың кәсіподақ төрағасы Сақтағанов Наурыз да өз ұйымының бүлінген мүлкі үшін қаражаттық талаптан бас тартқан және оның үстіне, 15-ші желтоқсан күні «ертеңіне Жаңаөзенде тәртіпсіздіктер болуы мүмкін» деген әңгіме болғанын айтқан. Адвокаттың мәселені анықтау мақсатында қойған сұрағына ол мұны әкім Сарбөпеевтің де ауызынан естігенін мәлімдеген. Яғни, биліктің 16-шы желтоқсанда «болуға тиіс тәртіпсіздіктерді» алдын-ала «қамдағандығын» растай түскен.
Кәсіпкер Байболатова Айгүл фамилиясы есіне түспеген полиция қызметкерінің қашан ол «мүлкі тоналғандығы жөнінде» арыз жазбайынша дүкенінің бекітулі есігін ашуға рұқсат бермей, кедергі келтіргендігін көрсеткен.
Қысқасы, бұл сот процесі, шынтуайтында, режимнің үш ай бойы дайындаған құйтырқы жоспарларын быт-шыт қылып, жалған айыптаушылардың бейкүнә айыпталушыларды емес, керісінше, билік өз мүддесіне пайдаланғысы келген қарапайым еңбекшілердің биліктің өзін әшкерелеп, үсті-үстіне соққы беру процесіне айналып бара жатқанға ұқсайды. Сірә, «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген осындай-ақ болар...
Жасарал Қуанышәлин,
Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің
ақпараттық топ жетекшісі.
Алматы қаласы,
2012 жылдың 03-сәуірі.
«Абай-ақпарат»