Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
46 - сөз 5976 10 пікір 18 Наурыз, 2021 сағат 14:34

Алдыңғы буын тыйылмай жастарды жөндеу қиын

Қазір біз биліктің айналасына, тіпті кішігірім шенеуніктік қызметке жастар барып жатса қуанамыз. Жастардың өскені, өрбігені жақсы. Бірақ сол жастардың арасында лауазымды қызметке қолы жетсе, сол қызметпен бірге туылғандай болып, өздерін бір күнде сондай бола қалғандай сезініп, сол қызметтен айырылып қалмаудың жолында анаған да жағымпазданып, мынаған да жағымпазданатындарының бары көңілге кірбең түсіреді.

Әр адам мейлі жасы болсын, үлкені болсын өзінің тегін, шыққан ортасын, түп-тамырын білуі шарт. Жалпы, қазақ текті халық қой. Сол текті халықтың тілін, тарихын, мәдениетін, мүддесін менсінбеу – тексіздік. Мұндай тексіздікке жол бермеуі үшін қалталылар, шенділер мен шекпенділер бірін-бірі қолдап, халықтың мүддесін ұмытуды доғару керек!

Жастарға сын артпас бұрын алдымен алдыңғы буын жағымсыз әрекеттерден тыйылуы керек. Алдыңғы буын арасында жарыса той тойлау, орынсыз науқаншылдыққа салыну, даңғойлық, көрсеқызарлық, әсіреқұмарлық тыйылмай жастарды жөндеу қиын.

Төрегелді Шармановтың жазбасы

Abai.kz

10 пікір