Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2203 0 пікір 10 Сәуір, 2012 сағат 06:28

Мұнайдар Балмолда. Сырым батырдың аруағына тиіспеңдер!

 

«Бір қайғы - мың қайғыны қозғайды» деген қазекем сөзі бір көтерген мәселеге қайта айналып соғуымыздың түп астарына жетелейді. Біз өткенде «Орысша жазатын Орал қаласы әкімінің ойында не бар?..» атты мақала жазып, онда « Соңғы екі-үш жылда тұрғызылған облыс орталығындағы билбордтарды аз уақыттың ішінде жаппай алып тастау шыныменде оларды жаңаша сипатта қайта түлетуге ме, не болмаса олардан біржола құтылу үшін қолға алынған іс пе?» деп ойтүрткі жасағанбыз. Бұл «Абай ақпараттық » және «infoportal.kz» сайттарына жарияланып, жұртшылықтан қыруар пікір келіп түсті, түсіп те жатыр. Көпшілік билбордтардың шұғыл алынып тасталуымен келіспейді және алдағы күні олардың лайықты жерлерден жаңа сипатта көрінуін қалайды. Себебі, билбордтағы даңқы ата-бабаларымыздың бейнесі мен қанатты сөздері жарнама емес, олар ұлттық рухымыздың бір-бір ұстыны, белгісі деп санайды. Сондықтан сити форматтағы жаңа тақталарда осыған шейін болған белгілі тұлғалардың бейнесі ұмыт қалмауы керек деп есептейді. Сөйтіп бейтарап қалмай, пікірімізді қуаттау үстінде. Баршасына зор рахмет. Алладан қайтсын.

 

«Бір қайғы - мың қайғыны қозғайды» деген қазекем сөзі бір көтерген мәселеге қайта айналып соғуымыздың түп астарына жетелейді. Біз өткенде «Орысша жазатын Орал қаласы әкімінің ойында не бар?..» атты мақала жазып, онда « Соңғы екі-үш жылда тұрғызылған облыс орталығындағы билбордтарды аз уақыттың ішінде жаппай алып тастау шыныменде оларды жаңаша сипатта қайта түлетуге ме, не болмаса олардан біржола құтылу үшін қолға алынған іс пе?» деп ойтүрткі жасағанбыз. Бұл «Абай ақпараттық » және «infoportal.kz» сайттарына жарияланып, жұртшылықтан қыруар пікір келіп түсті, түсіп те жатыр. Көпшілік билбордтардың шұғыл алынып тасталуымен келіспейді және алдағы күні олардың лайықты жерлерден жаңа сипатта көрінуін қалайды. Себебі, билбордтағы даңқы ата-бабаларымыздың бейнесі мен қанатты сөздері жарнама емес, олар ұлттық рухымыздың бір-бір ұстыны, белгісі деп санайды. Сондықтан сити форматтағы жаңа тақталарда осыған шейін болған белгілі тұлғалардың бейнесі ұмыт қалмауы керек деп есептейді. Сөйтіп бейтарап қалмай, пікірімізді қуаттау үстінде. Баршасына зор рахмет. Алладан қайтсын.

Наурыздың 6 күнгі «Пульс города» (№14 нөмірі) газетінің бірінші бетіне қала әкімі Шәкімовтың кәсіпкерлермен айтылған мәслеле бойынша кездескені айтылады. Сол көп кәсіпкердің ішінде ұлттық мүддені ойлайтын, тәуелсіздік ұстындарын қорғайтындары, қайта қалпына келуіне мүдде танытқандары болды ма, жоқ па, білмедік, қолда ақпар жоқ боп тұр, олар тек ақшасының түгел болуын ойлап, «сен жақсы да мен жақсымен» тарқасқан болса, онда біздің әуелгі күдігіміздің бұлты қоюланбаса сейілмегені.

Билбордтардың алынуына орай газет ұйымдастырған сауалнамада біз «давит» етіп тұрған нәрседен құтылдық, «наступило какое-то облегчение», «дышать стало легче» деген сияқты сөздердің айтылуы жай ғана айтыла салған жеңіл-желпі пікірлер, дей тұрғанмен  осы газеттің ішкі бетінде сонау тоқсаныншы жылдардың басында облыстық партия комитетін басқарған Нәжімеден Есқалиев қарияның тілшімен «С историей надо быть честными» деген тақырыптағы сұқбатын оқығанда барып, әлгі салмақсыз, «бейкүнә сөздерге» де біртүрлі қарай бастайды екенсің. Кейбіреулерді «давит» етіп тұрған сол Ұлы Абайдан бастап, Ақұштапқа дейінгі айтулыларымыздың бейнесін көшемізден көрген сайын тынысымыз кеңіп, рухтана түсетін едік. Ал Есқалиев ақсақал мен тілшінің екеуара әңгімесінде Оралды Сарытаумен (Саратов) салыстырады. Бір жағынан бір кездері Сарытаудың да қазақтың қаласы болғанын мойындап отырғандай сезінесің, жоқ олай емес, бұлар Ресей қарамағындағы қалада кеңес кезіндегі көше атаулары мен ескерткіштердің сол күйі сақталғанын аузы құрып мақтайды келіп. Біздегі осыған шейін атқарылған ономастикалық жұмыстар теріс екен. Есқалиев Сырым батыр ескерткішінің орнатылғанына өкінішпен қарайтынын, енді оған ештеңе істей алмайтындарын  күрсіне  отырып жеткізіпті. Оның қай тарихты оқығанын қайдам, былай дейді: « На месте памятника Ленину установили памятник Сырыму Датову, и даже площадь получил его имя. Честно говоря, выбор этот не совсем понятен» дей келіп «Установка на центральной площади Уральска памятника человеку, которого народ изгнал, выглядит несколько странно. Исторический абсурд» деп қарап отыр. Құдды ақсақал тарих ғылымдарының докторы сияқты, бәрін бүге-шегесіне шейін зерттеп, тайға таңба басып қойған айғағы бардай сөйлейді. Біз «Қыркүйекке қиянат жасамайық, ағайын» атты көлемді мақаламызда Нәжімеден Есқалиевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 1991 жылғы Орал оқиғасы кезіндегі және кейінгі іс-әрекетін дәлелмен келтіргенбіз. Ғаламтордан тауып оқуға болар. Содан шағын үзінді келтірмесек болмайын деп тұр.

Елге танымал, құрметті ақсақал Дәріжан Иманғалиев: «...Әуелде  қолына билік тиген бойда аппарат кеңестерінде, бюро мәжілістерінде, пленумдарда Ықсановты (Мұстақым Біләлұлын) қоймай сынағыштап, оның бүкіл еңбегі мен қызметін түп-түгел жоққа шығарған сәттерінде ішіміз талай удай ашыды. «Құлан құдыққа құласа, құлағына құрбақа ойнайды» деген ғой ақылгөй бабамыз. Соның нақты дәлелі. Қайтпексің?! Сөзіміз жалаң болмас үшін облыстық партия комитетінің 1987 жылғы 11 сәуірде өткен 8 ші пленумында жасаған баяндамасынан қазақшалап жатпай-ақ қаз қалпында мысал келтірейік: «Фанфарные речи, что строителство у нас ведется семимильными шагами, красочные фотографии вскружили многим головы. (Пленум хаттамасы,11 бет)

«...Каждый год перед хлебоуборочной руководство области заходило в ЦК республики с пухлой папкой, с «расчетами» о якобы большом хлебе и спросьбой оказать помощь рабочей силой и техникой из других союзных республик. В то же время около 10 процентов трудоспособного населения вовсе не вовлекалось в общественное пройзводство, да и природные условия области позволяли более рационально использовать трудовые ресурсы обходится без помощи со стороны. Это доказали многие районы на хлебоуборке 1986 года и в дальнейшем расчитывают на собственные силы в самые пиковые периоды сельсхозяйственных работ.(Сонда 14-15 беттер. Облыстық мұрағат. №37қор.№81 тізбелеме. №15 іс).

Қалай қалай сайрайды «сабазың»?! Ақ жайық жұртшылығы М.Ықсановқа ең алдымен құрылыс саласын іскерлікпен басқарып, қарқынды жүргізуге айырықша пәрмен жасағаны үшін риза. Ал Н.Есқалиевтің елдің көңілін көркейткен сол ірі жетістіктерді мысқылдауын көрмеймісің! Жарытып құрылыста салынбаған, астық та өндірілмеген сияқты. Оның өзі не тындырды, халық жадында жағымды істері сақталды ма екен?

Обкомның бірінші хатшысы, облыстық кеңестің төрағасы, әкім болып Ақ жайық өңірін алты жыл басқарды. Соншама уақыт ішінде қадап қадап айтар нендей жарқын істер қалдырды? Ол осы өңірдің адамы, бәлкім содан ба, оның әнтек істеріне ел жұрт мән беріп жатпады. Көкшетау облысына әкім болып тағайындалып еді, бір жылға жетер жетпесте орындығынан  жұлып лақтырып тастады. Халық мүддесі үшін қызмет еткен көкшетаулық азаматтар: «Оралдық Бисақаң, Бисен Жұмағалиев арамызға тастай бітіп судай сіңіп, баршаның сүйіктісі болып еді. Н.Есқалиев та сондай абройлы іс қылар деп үміт күткенбіз, амал не олай болмады, оңбай шықты» деседі. Естір құлаққа тіпті ұят. Қулық, сұмдық сауғанның үнемі жолы бола береме? Түбінде бір омақаса құлайтыны хақ ғой...» деп Н. Есқалиевке баға беріпті. («Жүрекпен жұптасқан жайсаңдар» кітабында, құрастырушы Тихон Әліпқалиев, 66,67 беттер).

Хан-сұлтандар мен патшалық Ресейге арқа сүйеген орыс-казактары, кіші жүзде бөліп ал да билей бер саясатын шеберлікпен жүргізген патша шенеуініктерінің езгісіне ұшыраған қара халық Сырым батырға ілесіп, бақандай он төрт жыл бойы күрес жүргізіп келіп, артынан оны елден қуып жіберді дегенге кім сенеді? О, тоба, қазақ ешқашанда батырын қумаған, ол елден не себепті ұзағаны тарихта айқын көрсетілген, иә, хан ұрпағы, Қаратай сұлтандар Есімге байланысты өш алу жолына түсті, патша үкіметі де батырдың көзін құртудың алуан жолын ойластырды, бірақ Сырым бабамыз олардан қорқып, бас сауғалап кеткен жоқ. Жеңілмеген күйі, халықтың қуаңшылық пен қиын тағдырдан әбден зәрезап болып қажып, күресерге дәрмені қалмағанын, ендігі қарулы шайқастардың арты мұқым елді құртып жіберуге апарып соғарын сезген соң, көрегендік жасап, халқының ақ батасымен кетті, соңынан қырауар жұрт ілесті. Сол заманда ең тұңғыш болып  демократиялық үрдістегі ел басқару «Халық кеңесін» маслихат құруды ұсынған ел сүйіктісі Сырымдай батырын жетімі мен жесірін қаңғытпаған халық неге шетке қусын. Сырым шыңғыстық тұқымнан емес, қара халықтың өз кіндігінен, таза қазақтың уызына жарып өскен би десең би, батыр десең батыр ұлт көсемі! Кіші жүз қазағының Жайықтан бермен өтіп, ежелгі ата қонысы Бөкей Ордасына оралуының да басында Сырым Датұлы тұрғаны ақиқат. 1783-1797жж. Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық күресі Жайықтан, Арал, Сырдария, Тобыл, Хиуа, Қарақалпақ бойын қамтып, империяны әбден састырды. Белгілі кезеңге шейін отарлауды тежеді. Батырға өмірінің соңына қарай қоныс аударған мекені жат болмаған, оның ол жерге де сыйып жүрер беделі жетіп-артылған. Исі түркіні тұтастыруға ұмтылған. Тұран елі, тұтас түрік текті, мұсылман елдері Сырымды империяға қарсы күрестің қолбасышысы ретінде танып, көп нәрсе соған байланысты екенін мойындаған. Оның опат болған жері түп негізінде жат жер емес, Алты Алаштың бір қиыры. Халқымыз оның шешендігі мен батырлығын әлі аңыз ғып айтады, ұрпағына есімін береді, бұл игілік ғасырдан ғасырға жалғасады. Ал Есқалиевтың Сырымдай ұлы тұлғамызды «народ изгнал» деп айтуға ешқандай моральдық құқы жоқ. Көкшетаудан өзінің қалай кеткенімен салыстыра ма шіркінің? Ол осы сөзімен өткенге топырақ шашып, болашаққа тас атып, халықтың ар-намысына тиіп отырғанын сезбейді дейсің бе, ол бұл былапытын әдейі ақтарып отыр. Дінмұхамед Қонаев атамызды орнынан алып тастаушылардың сапында болған кісіден осыдан басқаны күтуге болады ма? Жә, жетпістегі қарияның жетіп, піспеген бақшасындағы көң жемісін санап, сөз шығындай бергің-ақ келмейді, бірақ қара халықты билеп-төстеп қалған көкірегімен осындайлар ел ішіне, ұлт арасына сөзімен сына қағып, көңілді бұзатынын қайтесің. Біраз жерге шейін былғайтынын көріп отырып, үндемей үйдей пәледен құтылмақсың ба? Осылар Мағауинше айтсақ: «Оларға түбінде неге апарып соғары белгісіз азаттық емес, қалай отырса да қарны тоятын құлдық өмір қымбат еді.» (Мен. Ғұмырбаяндық хамса. 6-бет.) демекші тәуелсіздігіміз үшін саусағын да қимылдатпаған, қайта сол құл қылған кеңестік одақты аңсаған қасаң көңілін бүгінгі заманға тықпалағысы, сара жолымызға әйтеуір бір құмалақ лақтырғысы келеді де тұрады. Сол «Пульс» газетінің тілшісі де (бірде былай, бірде былай жазатын Анна Панищева) республикамыздағы көше атауларын өзгертуге деген ниетін: «Нажемеден Ихсанович, а как вы относитесь к переименованиям улиц? В республике это приобретает характер эпидемии?» деп құдды өткен ғасырларда ел-елді жайлаған оба ауруы қайта өршіп бара жатқандай шошиды. Өзінің ауласында Лениннің тас мүсінін сақтағанын, қазақ тек соның арқасында ұлт болып, адам қатарына қосылғанын зор мақтанышпен айтып, арқаланып отырған ақсақал «Отрицательно отнашусь» дейді де әңгіме желісін сиырқұйымшақтатып қала тазалығы туралы тақырыпқа бұрып әкетеді. Қала әкімі Болат Шәкімовты мақтайды. Шәкімов кезінде өзінің қол астында қызмет етті, оң қол көмекшісі болды. Сондай шәкіртінің бұлай өскені, батыл бастамаларды қолға алғаны оның кәрі жанына майдай жағуы айтпаса да түсінікті. Бұқараға «қоғам қайтаткері» көрінгісі бар кәрі коммунистің аузынан шыққан әдемі сөзінің астары -  у, заһар!..

Батыстың белгілі саясаттанушысы Э.Томсон: «Отаршылдыққа түскен ел отарлық қамыттан құтылғаннан кейін міндетті түрде отарсыздануы керек.

Отаршылдардың өздері елден кетсе де, олардың көлеңкесі қалады. Отаршылдық - азаттық алған елдің барлық саласында төбе көрсетіп отырады. Саяси жүйе өзгерсе де, отаршылдардың ойран салуынан әбден зардап шеккен «ұлттық сана» көп уақытқа дейін ойрандалған қалпында қалады. Оның өзгеріссіз қалуы - ең алдымен тілінде көрінеді.» дегені қазір Қазақстан жағдайында айқын көрініс беріп келеді. Оның бір мысалын манадан тарқатып отырмыз. Бұрынғыны көксеген зейнеткер Есқалиевтың сөзінің сұқпыты әлгіндей, яки бұлар Томсон дөп басқандай отаршылдықтың көлеңкесін (Ленин, т.б. ескерткіші мен көше атауын) өзгертуге қарсы. Империяға қарсы бас көтерген, ұлт-азаттық күресінің көсемі Сырым батырды туған халқынан теріс бата алған адам қылып көрсеткісі келеді. Бұлардың қулығына найза бойламас. Сөйтіп, тәуелсіздік дейтін биік мұратымызды әлдебір кәкір-шүкірге балап, оның жолында құрбан болған батырларды халықтан аластағысы бар. Халық ақымақ емес қой. Бірақ біз айтпасақ бұл «пульстік тілші» айтпақшы «эпидемияға» айналуы мүмкін. Мұны залалсыздандырудың жолы біздің өз қолымызда емес пе, ағайын?!. Ортаңызға от емес, тағы да ой, шер тастадым. Әр саққа жүргізбей, не істеуімізді ойлассақ деймін. Үндемей қалсақ, аруаққа да ұрпаққа да обал.

Сырым батырдың 265 жылдық тойында (2007 жылы) Оралға келген Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев ағамыз: « Қазір Сырым бабамыздың ісі жалғасуда. Сырым батыр жеңіске жетуде. Көк байрағымыз Алматыда шалқып, Сарыарқаның төсіне, Астанаға орнықты! Сырым батыр жай шешен, батыр ғана емес, аса ақылды, айлалы саясаткер. Ол империяның да, Бұқар мен Хиуаның да, қазақ хан-сұлтандарын да шатастырып, тура тарихпен ойын өрді. Ол сол кезгі және келешекте болар отарлау саясатына қайткенде төтеп берер күш бола аламыз, тегеурін танытамыз деп исі түрікті бірлікке шақырған дарабоз, өзіне шейінгілерден бір бөлек тұлға!

...Өліп-талып жеткен тәуелсіздігімізді ақымақ иттің алдына қойған ас сияқты төгіп алсақ не болады, біздің күніміз әлі белгісіз, геосаяси жағдай тыныш болған жоқ...» деген болатын. «Мен ішпеген у қайда?» демекші бұл заһардың да дәмін бірге тат та, бірге сауығуға қамдас бол, Отаны, Тілі, Рухы бір Алаштың ұл-қызы!

«Абай-ақпарат»

 

 

 

0 пікір