Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2169 0 пікір 10 Сәуір, 2012 сағат 12:45

БОРАТ ТА, СТЕЙСИ ДЕ ЕМЕС, БҰЛ ЙОССИ ШЕКЕЛЬ

Бүгінгі таңда күн өткен сайын өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақ елі туралы әңгіме айта салу еріккен ермегіне айналғанына таңғалмайтын болдық. Ішкі жауды қойыңыз, кеше ғана Қазақстан туралы ішіндегісін бір «құсып» алған Стейси ханымның сөзі анау. Енді болған шығар деп «уһ!» деп отыра бергеніміз сол еді, «Sport.kz» сайтында (newskaz.ru) тағы бір азаматтың біздің елдегі хал-ахуал туралы пікірі жалт етті.

Бірақ бұл Борат емес, Стейси де емес, футболдан Израиль жастар құрамасының және «Қайрат» (Алматы) командасының бұрынғы қақпашысы Йосси Шекель деген спортшы. Айналайын Йосси, ниеті түзу, ішкен асына, жеген тамағына адал әрі иманды азамат екен. «Итің жаман» деген сөздің өзіне намыстанатын халықпыз ғой. Ең бастысы, ол бізге жергілікті халықтың қонақжайлылығын, ынта-ықыласын сыйлайтынымен ұнады.

«Өтірікшінің куәсі қасында» демекші, ендігі сөзді Йоссиге берейік: «Қазақстанға бару туралы ұсыныс түскенде, кез келген адам сияқты мен де қабағымды көтердім де қойдым. Мен үшін бұл - жердің шалғай бір түпкірі. Ойыма бірден «Борат» фильмі келді. «Онда әлі тас ғасыры емес пе?» деп ойлағаным рас. Тіпті көз алдыма есек пен ат елестеп үлгерді. Алайда келген бетте көзіме бірден «Инфинити» мен «Мерседестер» түскенде таңғалмадым десем, сенбессіздер. Бұл - өте бай, әдемі мемлекет екен, ондағы өмір де менің бұған дейін ойлағанымдай, қарадүрсін де, жұпыны да емес, өркениетті елдердегідей өнегелі».

Спортшының жергілікті жанкүйерлер туралы пікірі де оңды. «Біз Алматыда өзімізден әлдеқайда мықты командадан 0:1 есебімен ұтылып қалдық. Ойын соңында спортсүйер қауым бізді бас салып «тепкілеудің» орнына, ризашылығын білдіріп жатыр. Жанымызды салып ойнағанымыз үшін. Бірге суретке түстік, қуана-қуана қолтаңба алды. Ал Израильде жеңіліп қалсаң, бұрынғы атақ-даңқыңа қарамай, ысқырып-қышқырып, итіңді шығарар еді».

Қазақ футболы туралы да лебізі жылы: «Испаниямен салыстыруға келе қоймас, бірақ Израильмен деңгейі тең. Қақпаға көп соққы жасайды. Бір өкініштісі, мұнда әлі де 2010 жылғы әлем чемпионатында тұңғыш рет ұсынылған доппен ойнайды. Бұл доп қақпашыларға арнап жасалған, сондықтан қақпаға 25 метр қалғанда еш ойламай соғуға тырысады. Өйткені «Адидас» фирмасы жасап шығарған бұл доп ұшып келе жатқанда траекториясын өзгертіп, қақпашыларды қапы қалдырап жататынын бәрі біледі».

Шекель синагогадағы жағдайға таңданысын жасыра алмапты: «Симхат Тора мен Шмини Ацеретті (Суккот мерекесінің соңғы күні) Израильдің өзінде дәл бұлай тойлай қоймас, сірә. Йом Киппурде де ивритте ләм дей алмаса да Құдайға құлшылық жасап жатқандар көп, - дейді қақпашы. - Синагогада отырып, телефонмен сөйлесе салады екен, ал келесі біреулер сыртқа кіріп-шығып жүре береді». Бұл - енді өздерінің ішкі тірлігі. Ал доп туралы пікірі бізге жанашырлық деп ойлаймын. Бапкерлердің құлағына жетсе, кәне.

Жиырма сегіз жастағы Шекель жарақат алса да, айығып, команданың жоғары топта қалуына бір кісідей еңбек сіңірді. Маусым аяқталғанда бұрынғы демеуші командадан кетіп, бюджет қысқарған. «Жаңа демеушілер бұдан былай жалақымның екі есе қысқаратынын ескертті. Бірақ оған мен келісе қоймадым», - дейді Израиль азаматы.

Бұдан байқағанымыз, Шекельдің команда басшыларына «ептеп» өкпелегені анық. Бірақ «Битке өкпелеп, тонын отқа жақпағаны», ең бастысы, өзі аз уақыт болса да, асын ішіп, тамағын жеген ел туралы жаман айтпай, әділ сөйлегені оның тектілігінен деп білейік.

Д.ӘДІЛБЕК

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475