Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2606 0 пікір 11 Сәуір, 2012 сағат 12:47

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ. Ғарышкерлер қазақ сорпасын ішеді

Қазақ тағамтану академиясы азық-түлік өнімдерін биотехнологиялық жүйемен дайындайтын зертхананың жетекшісі Юрий Синявский ғарыш кеңістігінде ішіп-жеуге болатын тағамдардың түрі белгіленгенін хабарлады. Енді ғарыш мәзірі қатарына қазақтың қайнатпа сорпасы, дәмді палауымен қатар тағамдық талшықтармен байытылған «Бәйтерек» және «Байқоңыр» деген атауға ие болған қазақтың тәтті күлшесі, кептірілген жеміс-жидек араластырылған сүзбе-иогуртпен толыққан көрінеді. Осы жаңалықты журналистерге жеткізген зертхана жетекшісі қазақтың жал-жая мен қазы-қартасы қосылып қайнатылған сорпасының құрамында ғарыштағы, жерге оралғаннан кейінгі салмақсыздық жағдайына бейімдейтін дәрумендерге бай көрінеді.

Біртектес әрі сұйық ас тепсе темір үзе­тін жас адамның жұмырына жұқ та бол­май­тыны белгілі. Ғарышкерлер жерге қай­тып оралған соң майлы тағамдарды аңсағанын, қарындарының жиі ашқанын жасырмаған. Осыдан келіп диетолог ма­мандарды «ғарышкерлерді қайтіп той­дырамыз» мәселе толғандыра бастапты. Ғылыми негізделген ас мәзірі ғарышта жұмсалған күш-қуаттың орнын толтыра алмапты. Сондықтан оны өзгертуге тура келді. Бұдан былай ғарыш мәзіріне украин борщы, антрекот, котлет сияқты тоқ та­мақтар еніпті. Алғашында ғарыш тағамын таблетка түрінде шығару ойда болған. Ол барлық жағынан тиімді болар еді: көп орын да алмайды, қабылдауға да оңай. Алайда оны жүзеге асыру қиын болды да, сықпа түрінде шығару ұйғарылды. Бұл ғарышкерлерді қоқымнан келетін қауіп­тен құтқарды. Өйткені салмақсыздық жағ­дайында кіп-кішкентай қоқымның өзі талай нәрсені бүлдіреді. Бірақ бұл сықпаны қайда сақтау қажет? Осы арада эстонның азық-түлік өндірушілері ойлап тапқан алюминий тубалары құтқарыпты.

Міне, содан бері ғарыш мәзірі кеңейді, жеңсік ас түрлері көбейді. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшқан кезде Бирюловодағы ғарыш тағамын әзір­лей­тін комбинат «Батыр» ірімшігін, «Жұлдыз» көкөністерін, құрамында қазы мен қарта қос­палары ғарыш кеспесін алдын ала дайын­даған.

Аспандағы ас мәзірінің шырайы тек 1980-1990 жылдары ғана кіре бастаған.

- Енді ғарышкерлеріміздің қарны ашып, өзегі талмайтын болды. Кептіріліп, ұнтақталған қазақтың қазы-қартасы ғарышкерлердің жеңсік асына айналды. Соңғы жаңалықтар оны буын бұрқыратқан күйде жеткізуге мүмкіндік беріп тұр. Енді алдағы уақытта шұбат пен қымызымыз да аспандағы ас мәзіріне айналып қалуы мүмкін, - дейді Юрий Синявский.

«Айқын», 11.04.12.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502