Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1994 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 05:46

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: АДВОКАТТАР СУДЬЯҒА СЕНІМСІЗДІК БІЛДІРДІ

Ақтаудан хабарласқан Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің мәліметі бойынша, 11-сәуірде өткен сот процесінің 12-ші отырысы судья Аралбай Нағашыбаевтың бұйрығымен 28-наурыз күнгі бейнетаспаны көрсетуден басталған.

Сотталушылар отыратын жердің үстінде бекітілген бейнекамерадан түсірілген және ұзақтығы 3 минуттен аспайтын роликке жалпы көрініс қана түсіпті. Одан, тіпті, судьяның өзінің бет-әлпеті мен еріндерінің қимылын ажырату мүмкін болмаған. Ал оның кадр сыртындағы (?) дауысы «жәбірленушілерден соң куәлар сұралатындығын» мәлімдепті. Соншама күдікті роликті қарап шыққан соң, журналистер мен басқа да техникалық мүмкіндіктері бар азаматтарға сот процесінің үнжазбасы мен бейнежазбасын ашық жүргізу мүмкіндігін беру қажеттігі бұрынғыдан бетер айқындала түскен.

Одан соң адвокат Батиева сот жүргізу тәртібін өзгерту, яғни, жәбірленушілерден соң сотталушыларды емес, куәларды сұрау жөнінде талап-тілек жасаған, оны өзге адвокаттар мен сотталушылар түгел қолдап, прокурорлар қашанғы «әдетімен» бұған қарсы болған.

Адвокат Досболов сотталушы Таңатар Қалиевтің тергеу сатысында берген барлық көрсетулерінің күші жоқ деп тану жөнінде талап-тілек жасаған.

Ақтаудан хабарласқан Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің мәліметі бойынша, 11-сәуірде өткен сот процесінің 12-ші отырысы судья Аралбай Нағашыбаевтың бұйрығымен 28-наурыз күнгі бейнетаспаны көрсетуден басталған.

Сотталушылар отыратын жердің үстінде бекітілген бейнекамерадан түсірілген және ұзақтығы 3 минуттен аспайтын роликке жалпы көрініс қана түсіпті. Одан, тіпті, судьяның өзінің бет-әлпеті мен еріндерінің қимылын ажырату мүмкін болмаған. Ал оның кадр сыртындағы (?) дауысы «жәбірленушілерден соң куәлар сұралатындығын» мәлімдепті. Соншама күдікті роликті қарап шыққан соң, журналистер мен басқа да техникалық мүмкіндіктері бар азаматтарға сот процесінің үнжазбасы мен бейнежазбасын ашық жүргізу мүмкіндігін беру қажеттігі бұрынғыдан бетер айқындала түскен.

Одан соң адвокат Батиева сот жүргізу тәртібін өзгерту, яғни, жәбірленушілерден соң сотталушыларды емес, куәларды сұрау жөнінде талап-тілек жасаған, оны өзге адвокаттар мен сотталушылар түгел қолдап, прокурорлар қашанғы «әдетімен» бұған қарсы болған.

Адвокат Досболов сотталушы Таңатар Қалиевтің тергеу сатысында берген барлық көрсетулерінің күші жоқ деп тану жөнінде талап-тілек жасаған.

Осыдан кейін адвокат Батиева ауызша, ал адвокат Жуаспаева жазбаша түрде судья Нағашыбаевқа сенімсіздік (отвод) мәлімдеген. Мұны олар судьяның тергеу кезінде Сақтағановтың құқықтары бұзылғанын назарға алмауымен, сот жүргізу тәртібінің өзгеруін қорғауындағылармен талқылауға мүмкіндік бермеуімен, жәбірленушілерді аяғына дейін сұрамауымен, сотталушыларды сұрау кезегі жөніндегі адвокаттар пікірін ескермеуімен, отырыстардың дыбыс және бейнетаспаларын беруді тым созып жіберуімен, отырыстар хаттамасын уақытында бермеуімен және басқа себептермен негіздеген.

Бұл мәлімдемелердің судья үшін тосын жағдай болғандығы сонша, ол қатты абыржып отырып тыңдаған. Тыңдап болып, жарты сағатқа «кеңесу» бөлмесіне кеткен. Үзілістен соң өзін «Ақтау қалалық сотының судьясы Досетов» деп таныстырған мантиялы бейтаныс келіп, адвокаттар мәлімдемесі бойынша пікір айтуды өтінген. Өкініштісі, мәлімдемені адвокаттардың тек үшеуі ғана қолдап, Қосбағаров қарсы болып, қалғандары соттың еркіне қалдырған. Прокурорлар, әрине, қарсы болған, ал прокурор Ақбаев «адвокаттар өз мәлімдемесімен процеске дайын еместігін бүркегісі келеді»-міс деген пікір айтқан. Ең таңқаларлығы - бүкіл 37 сотталушының адвокаттар мәлімдемесіне қарсы шығып, Нағашыбаевтың сот процесін жүргізе беруін қолдағаны! Залда отырған екі жәбірленушінің бірі мәлмдемені қолдап, екіншісі бейтарап қалған.

Кеңесу бөлмесіне кеткен Досетов жарты сағаттан соң келіп, мәлімдемені қанағаттандырмағанын жариялаған. Нағашыбаев қайтып оралып, процесті жалғастырған.

Одан әрі сөз сұраған сотталушы Таңатар Қалиев кеше сөйлеуден бас тартпағанын, ауырып тұрғандықтан ертеңіне сөйлемек болғанын айтып, өзінің тергеу кезінде барлық көрсетулерін азаптау мен психологиялық қысым жасалғандықтан бергендігін, сондықтан олардан түгел бас тартатындығын мәлімдеген. «Екі күн қан үстінде тұрдым, КНБ-да басымнан табуретпен соқты... Алдап-арбап, сені куәгер қыламыз деді, жібереміз деді... Жылап тұрып жауап бердім... Ал, мұнайшылардың тәртіпсіздіктерге ешқандай қатысы жоқ, олар тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған жоқ және ешкімді оған шақырған жоқ», - деген. Сондай-ақ, үлкен ұлын «қудалаймыз» деп қорқытқанын, бес баласының бірі мүгедек екенін айта келе, Қалиев кеше өзін ИВС-те өзге сотталушылардан бөліп әкетуіне байланысты тағы да ұрып-cоғуы мүмкін болғандықтан денсаулығы үшін қауіптенетінін білдіріп, судьядан өзін жалпы камераға ауыстыруды өтінген және сөзін: «Менің осы айтқанымды толық хаттамаға енгізуді сұраймын», - деп аяқтаған. Судья «енгіземіз» деп сендірген.

Одан соң сұралған екі жәбірленушінің екеуі де өз талаптарынан бас тартқан.

Адвокат Жуаспаева судьядан қалған жәбірленушілерді сотқа келтіру үшін қандай әкімшілік шаралар қолданылып жатқаны жөнінде ақпарат беруді сұраған. Нағашыбаев ашулы дауыспен, жәбірленушілердің келмеу себептерін өзінің кеше түсіндіргенін айтып, барлық жәбірленушілердің фамилияларын және келмеу себептерін қағазға жазып беруді ұсынған. Бұған Жуаспаева: «Маған қажеті бұл емес, жәбірленушілерді сотқа алып келу мақсатында белгіленген шаралар», - деп жауап берген. Және жәбірленуші полицей Хасановтың сотқа үш күн бойы келсе де, сұралмай кеткенін айтқан. Шамасы, адвокаттың сөздері судьяны қатты ызаландырса керек, ол Жуаспаеваға айрықша ескерту жасап, оны хаттамаға кіргізген.

Адвокат Батиеваның сотталушы Сақтағановтың бұлтартпау шарасын өзгерту жөнінде осымен үшінші рет берген талап-тілегінен соң судья үзіліс жариялаған.

Үзілістен соң судья Сақтағанов пен Әбдірахмановтың бұлтартпау шараларын өзгерту жөніндегі талап-тілектерді қанағаттандырмағанын жариялаған.

Одан соң сотталушы Таңатар Қалиевке сөз берген. Ол ереуіл барысы, алаңда өткен айлар туралы қысқаша әңгімелеп, өздеріне «билік құлақ асар» деп үміттенгендіктерін айтқан. Ұсталған соң алдымен полицияға түскенін, бірақ туыстарының көмегімен онда ұзақ болмағанын, одан әрі прокуратурада жауап алған кезде тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру хақындағы айыптауларды мойындамағанын, ал ҰҚК-ға алып барған соң ұрып-соғу, азаптаулар басталғанын («екі күн қанда тұрғанын» тағы айтқан), ақыры, алаңда болған үлкен ұлын «қудалаймыз» деген соң «сынғанын» баяндап, тергеу кезінде берген көрсетулерінен толық бас тартатынын растаған. Оның айтуынша, ешкімге үміті болмағандықтан, шындықты тек сотта ғана мәлімдеуді ұйғарған. Бастан өткерген азаптар салдарынан күні бүгінге дейін қиналатынын, қатты шу шықса болды, ауыра бастайтынын, ұрып-соғу мен азаптаулар жөнінде жазған арыздарының бір де біреуі қабылданбағанын, адвокатты қамалғаннан соң тек 2-3 күн өткесін бергенін және «ҰҚК-ге ешқандай адвокат ештеңе істей алмайды» деген әңгіме болғанын айтқан.

Адвокат Қойбағаровтың: «Сіздің көрсетулер 8 бетте баяндалған, соның бәрін жазуға сізді мәжбүрледі ме?» - деген сұрағына Қалиев: «Бір бөлігін жазуға мәжбүрледі, бір бөлігін өзім ойдан шығардым», - деп жауап беріп, өз жолдастары - Сақтағанов, Төлетаева, Досмағамбетов және басқаларға қарсы берген көрсетулерінің түгел жалған екендігін мәлімдеген.

Одан әрі ол, өткен жексенбі күні ИВС-ке өзін тергеу кезінде жауаптаған ҰҚК полковнигі, спорт киімін киген Әбдірахим Қыдырәлиев келіп: «Бас тартатын болсаң байқа, тағы да бір баппен (164-ші) іс қозғаймыз!» - деп қорқытқанын айтып, сенсациялық мәлімдеме жасаған. Сондықтан тағы да өзін жалпы камераға ауыстыруды өтінген Қалиевке Нағашыбаев: «ИВС-ке менің бұйрығым жүрмейді, бірақ мәселені анықтаймыз», - деп жауап берген.

Бұдан кейін монитордан Қалиевті жауаптау сәтінің, оның үйінде, ЖЖС-да, гараж кооперативінде жүргізілген тергеу әрекеттерінің бейнежазбалары көрсетілген. Сонда ол өзінің бір канистр АИ-80 бензинін сатып алғанын (тергеудің «версиясы» бойынша, Сақтағановтың бұйрығымен Қалиев бензин сатып алып, шөлмектерге құйған-мыс), тергеушілер оның үйінің «подсобкасынан» ол шөлмектерге бензин құйған-мыс «воронка» тауып алғанын айтқан.

Бейнежазбаны қараған кезде тергеушінің Қалиевті тергеуге қажет жауаптар беруге итермелеу ниеті анық байқалған. Мәселен ол: «Бензин маған өрт-мөрт жасауға қажет болды», - десе, тергеуші Асқар Мұхтарұлы: «Киіз үй өртеуге ме?» - деп «ымдаған» соң амалсыз кейіппен: «Иә, иә», - деген. Енді бір тұста Қалиев: «Жүсіпов», - десе, тергеуші: «Жүсіпбаев?» - деп «түзеткен».

Бейнежазбаны қарап шыққан соң адвокат Сәрсембина наразылық білдіріп, мұндай тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде орындалуға тиіс процедуралар бұзылғандықтан бұл бейнежазбаны заңдық күшінен айыру туралы талап-тілек жасаған.

Сотталушылар Жарылғасынов пен Қойшыбаев өз сөздерінде: 16 желтоқсанға дейін жарты жыл бойы қалаға АИ-80 бензині түспегендіктен және ЖЖС-тарда қандай да болса ыдысқа бензин құюға тыйым салынғандықтан, көрсетілген бейнежазба Қалиевтің өз көрсетулірінің «бір бөлігін ойдан шығардым» дегенін растайтындығына назар аударған. Сонымен қатар, Қалиевтің үйнен табылған «воронканың» шүмегі сыра құятын шөлмектерге үйлеспейтіндігі де әңгіме болған.

Сәрсембинаның талап-тілегін судья ашық қалдыратынын айтқан.

Сотталушы Жарылғасыновтың да (19-желтоқсан күні тұтқындалған) өзіне қатысты азаптау мен психологиялық қысым қолданып, 10-11 сағат бойы қинап жауап алудың салдарынан әбден сілесі құрып, бірнеше жауаптау хаттамасына оқымастан қол қоюға мәжбүр болғаны жөнінде жасаған мәлімдесінен кейін Нағашыбаев сот отырысын аяқтаған.

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 11-сәуірі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498