Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2037 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 08:22

Біріккен Араб Әмірліктерінде қашып жүрген қазақстандық 7 қылмыскер елге қайтарылуы мүмкін

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Аталған келісім 2009 жылғы 16 наурызда Әбу Дәбиде жасалған болатын. Келісімге сәйкес, екі мемлекет бір біріне жасалған қылмысы үшін немесе сұрау салушы тараптың юрисдикциясына ішінара немесе толық жатқызылатын үкімді орындауды іске асыру үшін іздестірілген кез келген адамды ұстап беруге міндеттеледі.

«Бүгінгі күні интерпол каналдары арқылы белгілі болғанындай, Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық 7 қылмыскер соттан қашып, бой тасалап жүр. Олардың барлығына қатысты ұстап беру туралы сұрау салғанбыз. Алайда бұл мәселе қаралмады. Дегенмен, ресми емес дереккөздерге сүйенсек, Қазақстан мен БАӘ арасындағы бүгін қаралып отырған келісім күшіне енсе, ондай қылмыскерлерді елге қайтаруға болады», - дейді Бас прокурор орынбасары Иоган Меркель.

Сондай-ақ екі ел арасында ұстап беру бірқатар жағдайларда қарастырылады. Атап айтқанда, егер екі елдің заңнамасына сәйкес айыпталушының әрекеттері бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыс болса, сонымен қатар егер сұрау салушы тараптың құзыретті соты сотталушының қатысуымен немесе оның қатысуынсыз алты айдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса ондай азаматтар ұстап берілетін болады. Бұдан бөлек, егер ұстап беруді талап ететін қылмыс саяси сипаттағы қылмыс болып табылса, салынған сұрау бойынша адамның нәсілі, діни ұстанымы, азаматтығы немесе саяси сенім белгілері бойынша қудалауға байланысты екеніне дәлелді негіздер болса онда ұстап беруге жол берілмейді.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522