Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2345 0 пікір 17 Сәуір, 2012 сағат 11:09

Асхат РАЙҚҰЛ. Хаттардағы қаралы таңбалар

Өзектi өртеп жiберер оқиғалар қазақ тарихында аз емес. Тауға да, тасқа да соғылған маңдайымызда бабалар қанының табы әлi бар. Бәлкiм, мәңгiлiк тұрар! Өйткенi, өткендi ұмыту, қазақтың қасiретiн ұмыту бүгiнге кешiрiлмес күнә. Ал, тарихты ұлықтау, ғасырлар бедерiндегi қазақ бейнесiн айқындау - парыз!..
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда ғана 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтетiнiмiздi айтты. «Егер, ашаршылық болмағанда қазiр 45-50 миллион болатын едiк», - дедi Президент.
Айтылғанды қайталап қайтемiз?! Ақиқаты сол, ашаршылық - Кеңес өкiметiнiң қазаққа қасақана жасаған сұмдық зобалаңы! Сол зобалаңның төркiнiне тағы бiр үңiлелiк... Большевиктер өкiметтi басып алды. Артынша, қазақ жерiнде екi дүркiн жан түршiгерлiк ашаршылық болды. Сосын қандастарымыздың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап, тоз-тозы шықты. Жер бетiнен жойылудың аз-ақ алдында қалды. Тарих сахнасынан жоғалтуға асыққан зобалаң жөнiнде құжаттар мен дәйектер жетерлiк. Десе де, олардың iшiнде бұрмалауға, шындықты бүркемелеуге жол бергендерi де бар. Олардың денi - ресми.

Өзектi өртеп жiберер оқиғалар қазақ тарихында аз емес. Тауға да, тасқа да соғылған маңдайымызда бабалар қанының табы әлi бар. Бәлкiм, мәңгiлiк тұрар! Өйткенi, өткендi ұмыту, қазақтың қасiретiн ұмыту бүгiнге кешiрiлмес күнә. Ал, тарихты ұлықтау, ғасырлар бедерiндегi қазақ бейнесiн айқындау - парыз!..
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда ғана 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтетiнiмiздi айтты. «Егер, ашаршылық болмағанда қазiр 45-50 миллион болатын едiк», - дедi Президент.
Айтылғанды қайталап қайтемiз?! Ақиқаты сол, ашаршылық - Кеңес өкiметiнiң қазаққа қасақана жасаған сұмдық зобалаңы! Сол зобалаңның төркiнiне тағы бiр үңiлелiк... Большевиктер өкiметтi басып алды. Артынша, қазақ жерiнде екi дүркiн жан түршiгерлiк ашаршылық болды. Сосын қандастарымыздың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап, тоз-тозы шықты. Жер бетiнен жойылудың аз-ақ алдында қалды. Тарих сахнасынан жоғалтуға асыққан зобалаң жөнiнде құжаттар мен дәйектер жетерлiк. Десе де, олардың iшiнде бұрмалауға, шындықты бүркемелеуге жол бергендерi де бар. Олардың денi - ресми.
Мұрағат қойнауында сақталған хаттардағы қаралы таңбалар ғана сол дәуiрдiң шынайы тiршiлiгi мен ащы күрсiнiске толы тынысын көрсетедi. Мәселен, мемлекет және қоғам қайреткерi Тұрар Рысқұловтың 1933 жылы 9 наурызда Иосиф Сталинге, Лазерь Кагановичке, Вячеслав Молотовқа жазған көпке белгiлi хатында алмағайып заманда үдере көшкен үркердей жұрт суреттеледi: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршiлес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен-жайларынан келiп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда, қазiр Орта Едiлде - 40 мың, Қырғызстанда - 100 мың, Батыс Сiбiрде - 50 мың, Қарақалпақстанда - 20 мың, Орта Азияда - 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жерiне, Тәжiкстанға, солтүстiк өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшiп кеттi. Байлар бастаған бiр қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл - қазақтардың көшi-қоны (әдетте жаз айларында қолында бар малын жайлауға шығарып, өрiс ұзатқаны сияқты) емес, көп ретте адамдардың талғажау iздеп, бас ауған жаққа кетуi. Кейбiр аудандарда қонысынан ауғандардың саны сол аудандарда тұратын барлық халықтың 40-50 пайызына дейiн жетедi...»

Осы хат жазылған жылдың 29 наурызында Қазақстанның жаңа басшысы Левон Мирзоян Сталин мен Молотовқа былай хабарлапты: «... Қонысынан ауғандардың жағдайы күрт ауырлап барады. Бiздiң деректерiмiз бойынша, қонысынан ауғандар 71 ауданды қамтып отыр. Оның 50-i көшпендi және жартылай көшпендi, ал 21-i отырықшы егiншiлiк аудандар. Олар, әсiресе, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарының аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстiк бөлiгiнде, Шығыс Қазақстанның батыс бөлiгiнде, Ақтөбе облысының оңтүстiк бөлiгiнде, Батыс Қазақстан облысының бiрқатар аудандарында қаптап кеттi. Бұрынғы егiншiлiк аудандарынан, мәселен, Әулиеата, Талдықорған, Мерке, Талас, Шу, Созақ, Қордай, Iле, Қаратал, Жiтiқара, Семиозер және тағы басқа аудандарда қонысынан ауғандардың саны өте көп. Барлық облыстарды алатын болсақ, шамамен халқының саны 300 000 адам болатын 90 000-нан аса қожалық (республика шеңберiнен тыс жерлердегiнi есептемегенде) өздерiнiң туған жерлерiнен басқа мекендерге көшiп жатыр, яғни қонысынан ауушылық жағдайына душар болуда. Бұдан басқа соңғы екi айдың iшiнде қонысынан ауғандар iшiнен Орта Азиядан, Сiбiрден және Едiл бойынан керi қайтып келушiлер тасқыны күшейе түстi, ол күнi бүгiнге дейiн тоқталмай отыр».
Ашаршылықтың салдарынан болған босқыншылық қазақтар санын күрт кемiттi. Сол жылдары Халық шаруашылығы есебi басқармасының бастығы болған Мұхтар Саматовтың 1937 жылдың басында Левон Мирзоянға және Мәскеудегi өзiнiң бастығына жазған хаты соңғы сөзiмiзге дәлел. «... Бiз әр жылдардың 1 маусымындағы салық есептерi негiзiнде Қазақстандағы ауыл халқы санының өзгерiс қатарын жасап шықтық. Бұл қатар төмендегiдей» деген М.Саматов статистикалық мәлiметтердi ұсыныпты. 1930 жылғы санақ бойынша ауыл халқы - 5 873 000 адамды құраса, қаладағы халық саны 1930 жылы 1 қаңтарда 732,7 мың адамды құраған. Арада үш жыл өткенде, яғни 1933 жылы ауыл халқының саны - 2493,5 мың адамды құрап, үш жарым миллионға жуық адамға азайған. Есесiне қала халқының саны 1933 жылы 1 218 900 адамға жетiп, небәрi жарты миллионға көбейген. Жалпы, аштықтың салдарынан қазақ халқы үш миллион адамнан айрылған...
Бұл - сандық көрсеткiш. Санаға сан мың ине шаншыған бұл сандар көрсеткен қандастарымыз қайда кеттi, қалай жоғалды?.. Тағы да хаттардағы қаралы таңбалар!..
Жетi адам қол қойған құжат. Шу елдi мекенiндегi жағдай:  «... Шу поселкесiнiң маңайындағы төңiректе №75 барақтағы босқындар жатағының және тамақтандыру орнының санитарлық жағдайын тексерiп шықтық. Сонда мыналарға кездестiк: iшiнде босқындардың жатақханасы және тамақтану орны орналасқан №75 барақ жан төзгiсiз жағдайда. Баспана әл-дәрменi таусылған, көбi әзер дегенде қозғалатын босқындарға лық толы. Баспана iшi былғаныш, сасық. Жүзге тарта аш адам жерде жатыр. Баспананың айналасы ластанып кеткен. Барлық жерде сүйектер, жыртылған киiмдер, адамдардың қоқыстары және шығыс жағында тоғыз өлiк жатыр, барақтан бiраз жерде, солтүстiк жағында тағы да өлiк...
Барақтың орнынан шығысқа қарай бiр жарым шақырымдай қашықтықтағы шұқырда тағы бес өлiк жатыр. Көмiлмегенi, сирақ және қар еттерiнiң кесiлiп алынғаны - кiсi етiн жеу болғанын айғақтайды. Қазақ бейiтi жас молаға толы».
Хат иелерi қол қоймаған тағы бiр құжат: «... Ус­пен ауылдық кеңесiнде бiр байдың баласы көшеде екi адамның басын сүйретiп жүрдi (ол - ұсталды, ОГПУ тұтқынында отыр)». Бұдан да сорақысы: «Аудандық атқару комитетiнiң төрағасы Т.Тынысбаевтың мәлiмдемесi: қамаудағы екi тұтқынға әйелдерi алып келген шелектерде пiсiрiлген адам етi бар болып шықты. Аудандық комитет уәкiлiнiң айтуынша, бұл адамдар ұдайы таяз молаларды ашумен айналысып, өлiк етiмен тамақтанып келген.
Мемлекеттiк банк меңгерушiсiнiң орынбасары Қ.Османовтың айтқаны: олардың ауласына кiрген жиырма жетi жасар шамасындағы жiгiт әжетханада адамның нәжiсiмен тамақтанған. Сүйек-саяқты немесе көшеге лақтырылған, жеуге жарарлықтай әйтеуiр бiр нәрселердi жеп жатқандарды мен Изринович, Масин жолдастармен бiрге Үштөбе БК(б)П аудандық комитетi алдында және Ақсуда кездестiрдiм».

Дерек пен дәйек

Қоғам және мемлекет қайраткерi М.Тынышпаевтың есебi бойынша, 1917 жылы Қазақстанда 2 910 000 қазақ өмiр сүрген болса, М.Сириустың 1924 жылы жүргiзген санағында қазақтар саны 1965443-ке әрең жетiп жығылған. Профессор С.Швецов 1921 жылғы ашаршылық салдарынан Қазақстанда болған кемудiң өзi 30 пайыздан кем емес екендiгiн айтады.

***

Тарихи деректерде 1931-1933 жылдары Қазақстанда болған жаппай ашаршылық кезiнде 4 миллион қазақ аштан қырылғаны айтылады. Сондай-ақ, 281 мың 231 адам атамекенiнен шетелдерге бассауғалап, босып кеткен. Ал, 1929-1933 жылдары Кеңес өкiметiнiң қазақ халқына жат саясатына қарсы 172 көтерiлiс болған. Бұл көтерiлiске қатысушылар саны ресми ақпарларда 80 мың адам деп көрсетiлген.

«Астана ақшамы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490