Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2354 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 08:54

Бейбіт ТОҚТАРБАЙ. ҰБТ ҰЛТҚА УАЙЫМ БОЛДЫ

Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда  түйіншек болып түйіліп, тарқатылуы қиындаған  біраз мәселе бар. Олар -  мемлекеттік тіл, дін, ұлттық рух тағы басқалар.   Жиырма жыл бойы жырласақ та,  мемлекеттік тілдің керуені ілгері жылжуға құлықсыз тасбақадай тасбауырлап жатып алды.  Ал бабадан балаға дейін тінін үзбей жеткен асыл дініміз алпыс ағым, тоқсан тарауға бөлініп, ақсақал мен қарасақалды қызыл шеке етіп, тартыстырды да қойды.  Енді бұлардың қатарына ҰБТ-ның уайымы да қосылғалы тұр. Білім беру саласы осы жүйеге көшкеніне сегіз жыл  болса да, ҰБТ-ның уайымы сексен сегізге жетіп, ұлтты ұлардай шулатып келеді.

Жаңалықтан жалықпайтын ҰБТ

Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда  түйіншек болып түйіліп, тарқатылуы қиындаған  біраз мәселе бар. Олар -  мемлекеттік тіл, дін, ұлттық рух тағы басқалар.   Жиырма жыл бойы жырласақ та,  мемлекеттік тілдің керуені ілгері жылжуға құлықсыз тасбақадай тасбауырлап жатып алды.  Ал бабадан балаға дейін тінін үзбей жеткен асыл дініміз алпыс ағым, тоқсан тарауға бөлініп, ақсақал мен қарасақалды қызыл шеке етіп, тартыстырды да қойды.  Енді бұлардың қатарына ҰБТ-ның уайымы да қосылғалы тұр. Білім беру саласы осы жүйеге көшкеніне сегіз жыл  болса да, ҰБТ-ның уайымы сексен сегізге жетіп, ұлтты ұлардай шулатып келеді.

Жаңалықтан жалықпайтын ҰБТ

Жыл сайын ұлттық бірыңғай тест науқаны жақындаған мезгілде мектеп бітіруші түлектерден маза кетеді. Себебі әр жылғы ҰБТ өзінше «супер жаңалықпен» ерекшеленіп түлектерге «сый-сияпат» ала келеді. Мәселен, 2009 жылы ЖОО-на қабылданудың шектік балы 45 болған болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 50-ге көтерілді. Биыл бұл тіпті 70-ке жетіп, желпініп кетті. 2012  жылдан бастап  ұлттық университеттерден білім алғысы келген әрбір талапкер ҰБТ-ның шектік балы 70-ті бағындыруы қажет. Ал қалған ЖОО-ға түсу үшін 60 балдан кем емес ұпай жиғаныңыз абзал. 2012 жылғы ҰБТ-ның ең қызықты жаңалықтарының бірі - колледж бітірушілерге бағытталған сыңайлы. Бұдан былай колледж бітіріп, белгілі мамандықты игеріп үлгергендер де ҰБТ-дан аттап өтіп, ЖОО-ға жолдама ала алмайды. Бұл жаңалыққа орта мектеп бағдарламасынан алыстап, арнайы кәсіптік білімге бейімделіп білім алып жатқан колледж түлектері тас-талқан болып тулап жатыр. Жер-жерде наразылық акциясын ұйымдастырып, жоғарғы жаққа талап хаттарын да жөнелтуде. Нәтижесі қалай болары уақыт еншісінде.   ҰБТ өтетін мезгіл де жыл сайын өзгеріп тұрады. Бұл бір жылдары 4 маусымнан бастап бір аптаға созылып келген еді, биыл 1-15 маусымға дейінгі екі аптаны қамтымақ. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2015 жылға қарай ҰБТ-ны талапкерлер жеке парақтар емес, компьютер арқылы тапсыру мүмкіндігіне ие болатын көрінеді.

Балл жинау мен мал жинау

Мектеп бітірушілерден емтихан қабылдауды тест жүйесіне көшірген сегіз жылдың ішінде бірде-бір рет мамыражай қалыппен тыныш жағдайда өткен емес. Оқушы бар мақсатым  балл жинау деп түсінсе, кейбір шала сауатты қызметкерлер тестінің өтірік болса да жауабын сату мал жинаудың тиімді жолы деп түсініп жүр. Мәселен, өткен жылы ғана ҰБТ қосындарының 59 бөлімшесінде тәртіпке бағынбағандар ұсталған. Олардың біразы ақыры аттестатсыз қалған екен. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының 500-ге жуық оқушысы тестіні екінші рет тапсырған болатын. Себебі алдын ала дұрыс жауаптар сатылып кеткен көрінеді.  Мемлекеттік құпия болып саналатын ҰБТ жауаптарын сатып, істі болғандардың ішінде ең масқарасы, ҰҚК-нің өкілдерінің жүргендігі. Мәселен, Шымкентте өткен жылы тестінің құпиясын ашып қойған ҰҚК-нің екі қызметкері 4-5 жылға сотталды. Ал пысық оқушылар өздерімен бірге ұялы телефон, шпаргалка, оқулық сияқты емтиханға «көмекші құралдарын» ала кіруді жыл сайын жалғастырып келеді.

ҰБТ кімдерге тиімді?

ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинап, университеттердің қазақ бөліміне құжат тапсырып, грантқа түсе алмай қалғандар жүздеп саналады.  Ал керісінше орыс бөліміне құжат тапсырғандар 60 балмен де грантты тақымдап кетуге құқылы. Мұны қалай түсіндірсеңіз де, әділетсіздік демеске амал жоқ. Осы көрсеткіш арқылы-ақ біз түлектерді қазақ тіліне емес, орыс тіліне үгіттеп отырғандаймыз.  Демек бұл жүйе қазақтың қарадомалағынан гөрі орыстілді балалардың оң жамбасына келіп тұрған сыңайлы. Сонымен қатар 11 жыл өте жақсы оқып келіп, тестіден жақсы ұпай жинай алмай қалатындардың да қатары мол. Енді бір пысықтар ештеңе түсінбесе де,  тест парақшаларының бетінде шахмат ойнағандай көшіп жүріп-ақ, әжептәуір ұпай жинап алатындығы қызық.

Білім саласы тест жүйесіне көшкеннен бері ол жөніндегі қоғамдық көзқарас алуан түрлі болып келеді. Мұны жүзеге асырушы министрлік тарапы тестің тиімді тұстарын насихаттап әлек, ал қарапайым халық бұл жүйенің ұңғыл-шұңғылын дұрыс меңгере алмай әуре. Әр жыл сайын ҰБТ науқаны жақындаған мезгілде оқушылармен қатар ата-аналардан да дегбір кетеді. Дәл осы тестің жайсыз жауабын көтере алмай жасөрім жауқазындар жанын қиюға баратыны тіптен қасіретке айналды. Әрбір ата-ана балаларының амандығына алаңдап, ұйқысыз түндер өткізіп, күйзеліске ұшырайды. Ал қаншама жылдар білім саласында еңбек еткен әккі педогогтардың өздері бұл тәжірибенің тиімсіз екендігін айтудай-ақ айтып, ақыры шаршап отыр. Мәселен, әдебиет пәнінің мұғалімдері «оқушылар сөйлеуден қалды» дейді. Олар шығарманы оқып, оны талдап, мазмұнын, көркемдігін сөз еткеннен гөрі, тестінің жауаптарын жаттауға көшсе керек-ті.  Министрлік тарапы болса, оқушыларды тестіге қатыстыру арқылы жемқорлардан айналып өтеміз деп сендірмек. Бірақ өкініштісі, сол жыл сайын ҰБТ-дан бір ши шықпаса, сәні келместей деңгейге жетіп қалдық.

Жалпы халықтың көкейінде қазір бір салмақты сұрақ бар. Ол «біздің білім саламыз кімдердің білім жүйесіне негізделіп қалыптасуда?» - деген сұрақ.  Америкалық білімге ме, болмаса бұрынғы кеңестік жүйеге ме? Әлі де әлемдегі ең озық деп саналатын германдық білімді үлгі тұтып отырмыз ба? Мүмкін осының барлығын негізге ала отырып, өзіміздің сара жолымызды анықтаудамыз ба? Оның нақты жауабын тиісті орындар бере жатар. Әзірше бізге белгілісі, ҰБТ-ның ұлттың уайымына айналып отырғандығы.

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401