Биыл келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7%-ы ҚХР-дан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Моңғолиядан және 4%-ы басқа елден келген. Бір атап өтерлігі, алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда бұл жолы Қытайдан оралғандардың үлес салмағы едеуір азайғаны баайқалады.
Келгендер негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстары, сонымен бірге Шымкент қаласына (11,4%) қоныстанған.
1 мамыр күнгі ақпарат бойынша, қоныс аударушылардың 57%-ы – еңбекке жарамды, 24%-ы – еңбекке қабілетті жастан кіші , 18 пайызын зейнеткерлер құрайды.
Еңбекке қабілетті қандастардың 11%-ының жоғары білімі бар. 85 пайының орта білімі бар. 4%-ының білімі жоқ.
Елде қандас мәртебесі бір жылға дейін жарамды. 2020 жылы мамырда көшi-қон мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзіліп, бұған дейін "оралман" аталып келген этникалық қазақтар "қандас" деп аталатын болған. Бірақ оралмандар бұл өзгерістер азаматтық алу процедурасын жеңілдетпеді деп санайды.
Abai.kz