Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3035 0 пікір 5 Шілде, 2009 сағат 20:31

Құралай Рахымбай. Өлімге құштарлық

Суицид тарихта таңсық емес. Қай заманда да өз-өзіне қол жұмсайтындар болған. Ханнан бастап, қараға дейін. Соңғы жылдардың бедерінде жастар арасындағы суицидтің қатары көбейіп кетті. Неліктен? Мұның себебін психолог мамандар сан-саққа жүгіртеді. Көпшілігі бүгінгідей озық технологиялар мен аласапыран уақытта жас буынның әрекеті ата-ананың назарынан тыс қалған деген пікірге саяды.

Бір рет суицидті басынан өткерген жеткіншектің екінші рет қайталауы әбден мүмкін. Бұл психологтардың пайымы. Статистиктер де жоққа шығармайды.

Ресми статистикаға сүйенсек, жыл сайын әлемде 1 миллион аса адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Олардың: 350 мыңы - қытайлық, 110 мыңы - үндістер, 55 мыңы - орыстар, 31 мыңы - америкалықтар, 30 мыңы - жапондықтар, 12 мыңы - украиндықтар... осылайша жалғаса  береді. Өзін өлімге байлағандардың тек төрттен бірі ғана (24 пайызы) тірі қалатын көрінеді.

Суицид тарихта таңсық емес. Қай заманда да өз-өзіне қол жұмсайтындар болған. Ханнан бастап, қараға дейін. Соңғы жылдардың бедерінде жастар арасындағы суицидтің қатары көбейіп кетті. Неліктен? Мұның себебін психолог мамандар сан-саққа жүгіртеді. Көпшілігі бүгінгідей озық технологиялар мен аласапыран уақытта жас буынның әрекеті ата-ананың назарынан тыс қалған деген пікірге саяды.

Бір рет суицидті басынан өткерген жеткіншектің екінші рет қайталауы әбден мүмкін. Бұл психологтардың пайымы. Статистиктер де жоққа шығармайды.

Ресми статистикаға сүйенсек, жыл сайын әлемде 1 миллион аса адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Олардың: 350 мыңы - қытайлық, 110 мыңы - үндістер, 55 мыңы - орыстар, 31 мыңы - америкалықтар, 30 мыңы - жапондықтар, 12 мыңы - украиндықтар... осылайша жалғаса  береді. Өзін өлімге байлағандардың тек төрттен бірі ғана (24 пайызы) тірі қалатын көрінеді.

Бүкіләлемдік  денсаулық сақтау ұйымы барлық елдердегі суицид көрсеткішін үш топқа бөліп қарастырады. Біріншісі: жоғары және өте жоғары деңгей (100 мың адамға шаққанда 20-дан). Ол елдердің қатарына Қазақстан да кіріп  үлгерген. Нақтырақ айтсақ, 1-орында - Литва (42), 2-орында - Белорусия (37), 3-орында - Ресей (36), 4-орында - Қазақстан (30), 5-орында - Венгрия (26). 6-орында - Украина (25), 7-орында - Жапония (24). Көрдіңіз бе, біздің елде 100 мың адамға шаққанда 30 адам өз-өзіне саналы түрде қол жұмсайды екен. Тіпті Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды суицид «ауруы» ушыққан елдердің санатына енгізіпті. АҚШ, Англия, Франция, Италия, Армения, Әзірбайжан халқы өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша  «орташа және төмен» елдердің қатарына енсе, Мысыр, Гаити, Ямайка жұртында бұл көрсеткіш нөлге тең.

Егер бұрынғы Кеңестің құрамында болған мемлекеттердегі суицид көрсеткішіне қарасақ, Қазақстан «қауіпті» төрттіктің қатарына кіріп үлгеріпті.

 

Ей, такаппар дүние, маған да бір қарашы...


Өмір - Күрес. Бұл тіршілік формуласы. Мықты әлсізді алып жығады. Өмір заңдылығы осылай. Сондықтан мейлінше осалдық танытпау керек. Жасөспірім - қоғамның  әлсіз буыны. Тәжірибесіз. Аңғал. Сенгіш. Кез келген оқиғаны жанына жақын қабылдайды. Әлі келмеген, күші жетпеген, ақыл таппаған, жалғыз қалған тұста өлімге жүгіреді. Бәлкім, жұрт назарын өзіне аударудың оңай жолы осы деп ойлар. Себебі көптеген ата-ана «бауыр еті» баласы өлімге жүгінгеннен кейін ғана барынша көңіл бөліп,  құлазыған жан дүниесін түсінуге тырысады. Кез келген мәселеде ақылдасып, ортақ шешім қабылдап, бұрынғы қатып-семіп қалған көзқарастарын өзгертуге ұмтылады.   Бірақ бар мәселе осымен шешіле ме?

­Психологтардың пайымдауынша, өмірден гөрі өлімді таңдайтындардың 19 пайызы - қандай да бір жазадан қорыққандықтан, 18 пайызы - жан дүниесіндегі қайғыны көтере  алмағандықтан, 18 пайызы - отбасындағы жайсыздыққа төзе алмағандықтан, 6 пайызы - махаббат «майданындағы»  сәтсіздікке көне алмағандықтан көз жұмады екен.  Ал жалпы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 50 пайызы жауапсыз қалған махаббаттың құрбанына айналатын  көрінеді.

Жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау әрекеті күтпеген жерден болуы мүмкін. Әсіресе, жас буын қалыптасу сатысында қарсы келген қиындықтарға, кедергілерге шыдай алмай, тез «сынып» кетеді. Мәселен, 15-25 жас аралығындағы жастар арасындағы өлім көрсеткішінен өзіне қол жұмсау әрекеті әлемде 3-орынға шығыпты. Қасақана өлтіру мен жазатайым оқиғалардан кейін...

Американдық зерттеуші Эрл Гроллманның пайымдауынша, бүгінгі ата-ананың баласына қойылар талабы да шектен тыс көбейген. Жеткіншектің жеткілікті білім алуы мен карьера жасауына бар мүмкіндік жасалғанын үнемі қайталап, санасына «салмақ» түсірген. Мұндайда әке-шеше сенімін ақтай алмаған балалар өзін  керексіз санап, өлуге жүгіретін көрінеді.

Статистиктердің санауынша, бозбалаға қарағанда өзін өлімге байлайтын бойжеткен арулардың саны 2 есе көп. Бірақ жас қыздар көбіне «жеңіл» әдіске үйір. Дәріден уланып немесе тамырын қиюға әрекеттенсе, балаң жігіттер тым қатал үкімге жүгінген. Яғни  суық қару қолданып, биік ғимараттан секіруден тайынбаған. Мұндай жағдайда адамның бірден тіл тартпай  кететіні анық. Тірі қалу мүмкіндігі нөлге тең. Сол себепті де қыздарға қарағанда, жігіттер арасында қайғылы жағдай 4 есе көп кездеседі.

Нашақорлық, жұмыссыздық, санада бос қалған вакуум, өмірлік позицияның қалыптаспауы, түрлі секталардың көбеюуі - соңғы кезде жастардың өлімге құштарлығын арттырған. Статистиктердің саралауынша жасөспірімнің  44 пайызы өмірмен түскен кейін қош айтысуды қалаған екен. Ал 24 пайызы -  түнде, 32 пайызы «соңғы демін» таңертеңгі уақыттың еншісіне «сыйлапты». Оған қоса, суицидтке ұмтылғандардың 60 пайызы томаға тұйық мінезді, көп ешкіммен араласпайтын балалар көрінеді.

 

Суицид сандары жұбатпайды


Асқар Тоқпанов «Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді, есі кіргенде өледі» деген болатын. Әйтсе де, ессіз кезінде өмірмен есеп айырысқысы келетіндер көбейіп кетті. Содан секем алды ма, соңғы уақытта жас буын арасындағы суицид себептерін анықтау үшін еліміздің Бас прокуратурасы сараптама жүргізе бастады. Соның нәтижесі бойынша балиғат жасқа толмаған балалар арасында 2005-2007 жылдары 1146  өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы  тіркеліпті. Соның 750-інде кәмелетке толмағандар сөзге келмей, «жүріп» кеткен. Олардың көбі тұрмысы нашар отбасынан шыққан 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары екен.

Сараптама бойынша, өлімге «құмар» көшбасшы аймақтар ретінде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан  және Қарағанды облысы анықталыпты. Өткен жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 45 оқиға анықталса, биылғы жылдың алғашқы екі айында 9 бала өз-өзіне қол жұмсап үлгеріпті. Ал Оңтүстік Ққазақстан облысында жыл басынан бері  7 жасөспірім  өмірмен саналы түрде қош айтысқан. Соңғы екі жылда облыста барлығы 123 бала суицид оқиғасынан көз жұмыпты. Оның ошақтары ретінде Мақтаарал, Қазығұрт, Сарыағаш және Төлеби аудандары танылған. Тағы бір таң қаларлығы, Жаңарқа және Қарақаралы аудандарына протон зымыраны құлаған жылы өлімге құмартушылардың қатары күрт көбейіпті. Неліктен? Бәлкім, зымыран зиянында бір гәп болар. Әзірге мұны зерттеп-зерделеген ешкім жоқ.

Сонау бір жылдары еліміздегі ең жас нашақордың 7 жаста екені анықталса, өзін өлімге байлап, суицидтен көз жұмған ең кіші қазақстандық жеткіншек не бәрі 6 жаста ғана болыпты. 6 жастағы бала ақ-қараны айырып білді ме?  Неден сескенді? Сонау қазақтың салтында алты жасар ұлын ашамайға отырғызып, ат мінгізіп, өмірдегі қадамына ақ тілектер тоғытпаушы ма еді? Ал бүгінгінің  баласы өмірден неге жеріді?  Әлде белбеуі босап кеткен буынның бойындағы тәрбиенің әлсіздігі ме?

Соңғы уақытта қазақ жеріндегі өлім қауіпінен көрші елдер де секем ала бастады. Қазақстандағы  ушыққан  жағдайға үн қатқан әлемдік ұйымдар жетерлік. Мәселен, ағылшындар суицидпен күресу үшін арнайы заң қабылдаған.  Филляндияда мұндай әрекет  қылмыс ретінде танып, өз-өзіне қол жұмсағандар қылмыстық жауапкершілкке тартылады. Ал Жапонияда психикасы әлсіз балалармен арнайы жұмыс жасайтын суицидолог мамандар әзірленеді екен.  Бізде ше? Суицидті тіркеп, тексеріп отырғанымыз болмаса, онымен  білек сыбана күрескендер жоқ.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымыны 2020 жылға қарай жыл сайын өзіне қол жұмсайтындардың саны 1 500 000 адамға жетеді деп болжам жасап отыр. Сол болжамның «басынан» табылмау үшін қазақстандық жеткіншектер арасындағы суицидпен күресетін кез келді.

 

 

«Нұр Астана» апталығы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404